21 тамызға қараған түні алматылық «Қайрат» пен шотландиялық «Селтик» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчын өткізеді, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Ойын Глазго қаласында өтеді және Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады. Кездесуді жанкүйерлер Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Сонымен қатар трансляция арнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.
Қарымта матч 26 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.





