Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қаңтар–сәуір аралығында Қазақстан экономикасы тұрақты даму қарқынын көрсетті. Жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) өсімі 6% деңгейінде тіркелді.
Экономикалық өсім келесі салалар есебінен көтерілді:
-
Көлік – 22,4%
-
Сауда – 7%
-
Ауыл шаруашылығы – 3,9%
-
Байланыс – 2,6%
Көлік секторының дамуы темір жол және құбыр көлігімен жүк тасымалдау қызметтерінің артуымен байланысты болды. Бұл қызмет түрлерінің саладағы үлесі тиісінше 20,5% және 19,6% болды. Ең жоғары өсім Түркістан (21,8%), Абай (14,9%) және Жамбыл (11,2%) облыстарында байқалды.
Құрылыс саласында нақты жұмыс көлемінің индексі 16,2% құрады. Үкімет тарапынан жобаларды тиімді жүзеге асыру және шығындарды шектеу үшін өңірлерде үйлестіру шаралары тапсырылды.
Сауда саласы:
-
Жалпы өсім: 7%
-
Көтерме сауда: 7,4%
-
Бөлшек сауда: 6,1%
Түркістан облысы (60,4%), Ақмола облысы (44%) және Шымкент (19,8%) өңірлері сауда көлемінің едәуір артуымен ерекшеленді.
Өнеркәсіп саласында:
-
Жалпы өндіріс индексі: 6,4%
-
Тау-кен өндірісі: 7,1% (соның ішінде көмір – 11,2%)
-
Өңдеу өнеркәсібі: 7,2%
Атап айтқанда, тамақ өнімдері (12%), темекі өнімдері (26,3%), химия өнеркәсібі (11,2%), машина жасау (11,2%) салаларында айтарлықтай өсім тіркелді.
Ауыл шаруашылығы:
Салада оң динамика сақталып отыр. Жалпы өнім индексі 3,9% деңгейінде.
Үкімет ел Президентінің тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму бойынша тапсырмаларын іске асыру барысын бақылауда ұстап отыр.