Талдықорған: +15°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қазақстан мен Мажарстан қос дипломды магистратура бағдарламасын іске қосты

11.09.2025
КҮЛТӨБЕ
Қазақстан мен Мажарстан қос дипломды магистратура бағдарламасын іске қосты

zakon.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан мен Мажарстан жоғары оқу орындары су ресурстарын басқару және су дипломатиясына басымдық берілген қос дипломды магистратура бағдарламасын іске қосты. Бұл туралы Су ресурстары және иррригация министрлігі мәлім етті.

 Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған су дипломатиясы саласындағы білікті мамандарды даярлау тапсырмасын жүзеге асыру аясында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті венгриялық Корвинус университетімен бірлесе жұмыс істеп жатыр.

Осы ынтымақтастық нәтижесінде «Су ресурстарын басқару және су дипломатиясына басымдық» берілген қос дипломды магистратура бағдарламасы әзірленіп, іске қосылды.

Бұдан бөлек, биыл тамыз айында Еуропалық комиссия Erasmus Mundus Design Measure бағдарламасы аясында 60 000 еуро көлемінде грант бөлді. Бұл грант су ресурстары мен су дипломатиясы бойынша интеграцияланған бірлескен магистратура бағдарламасын әзірлеу үшін Еуропаның үш және Орталық Азияның төрт университетінен құралған консорциумға, оның ішінде ҚазҰСШИУ-ге берілді. Қазан айының соңында Будапешт қаласында консорциум сарапшыларының алғашқы отырысы өтеді. Алдағы 15 ай ішінде олар толық әзірленген бағдарламаны Еуропалық комиссияның қарауына ұсынуы тиіс. Егер бағдарлама мақұлданса, жалпы бюджеті 5 млн еуроны құрайтын, ал ұзақтығы алты жылға созылатын магистратура бағдарламасын бірлесіп жүзеге асыру басталады.

Сарапшылардың алғашқы отырысында сондай-ақ су ресурстарын басқару және су дипломатиясы жөніндегі Бірлескен орталық құру ұсынылады. Бұл орталықтың бас кеңсесі Тараз қаласындағы ҚазҰСШИУ-де орналасады.

– Бірлескен магистратура бағдарламасы ортақ су ресурстарын бірлесе басқарудың заманауи тұжырымдамаларын қамтиды. Атап айтқанда, пайда үлестіру, халықаралық ынтымақтастық теориясы, судың саяси экономикасы және жанжалдарды талдау секілді бағыттар қарастырылады. Бағдарлама студенттерге екіжақты, аймақтық және жаһандық деңгейдегі келіссөздерді тиімді жүргізуге қажетті практикалық дағдыларды үйретеді, – деді университет ректоры Кәмшат Түсіпова.

Сондай-ақ ҚазҰСШИУ базасында ғылыми мектептерді құру және дамыту мақұлданды. Атап айтқанда, су ресурстары инженериясы мектебі, сумен жабдықтау және санитария мектебі, ауыл шаруашылығы суы және ирригация жүйелерін басқару мектебі, гидрология, экология және қоршаған орта мектебі, сәулет және логистика мектебі, энергетика мектебі, мемлекеттік басқару саясаты және менеджмент мектебі, қашықтан зондтау және жасанды интеллект мектебі.

– Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылған сәттен бастап басқа да уәкілетті органдармен бірлесе отырып, су саласындағы кадрлық әлеуетті арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп келеді. Қазіргі таңда су саласындағы мамандықтар бойынша шамамен 2500 студент білім алып жатыр. 2024 жылы су шаруашылығы кәсіпорындарында практикадан өткен студенттер саны 82 болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 450-ге жетті. Сонымен қатар отандық жоғары оқу орындары су дипломатиясы саласындағы мамандарды даярлау бағдарламаларын енгізіп жатыр, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

 

Қатысты жаңалықтар

Көрермен көңіліне орныққан «Капитан Байтасов»

Көрермен көңіліне орныққан «Капитан Байтасов»

30.04.2026
Теңдессіз спорт кешені салынуда

Теңдессіз спорт кешені салынуда

30.04.2026
Өнердегі өшпес мұра

Өнердегі өшпес мұра

30.04.2026
Кітап пен кітапханашы руханияттың тамыры

Кітап пен кітапханашы руханияттың тамыры

30.04.2026
Президент Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровты қабылдады

Президент Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровты қабылдады

30.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.