2025 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен балық аулау объектілеріндегі бағалы балықтар мен басқа да су жануарларының жаңа тізімі бекітілді, деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы.
Құжатқа сәйкес, тізімге 67 түр енгізілген. Оның ішінде қортпа, орыс бекіресі, шоқыр, сүйрік, сазан (тұқы), ақ дөңмаңдай, кәдімгі жайын, шортан, көксерке, Балқаш алабұғасы, алтын түсті мөңке, күміс түстес мөңке сияқты балықтар бар. Сондай-ақ Артемия жұмыртқалары (циста), гаммарус, сүліктер мен дафния да бағалы түрлер қатарына енгізілді.
Жаңа тізім 2025 жылғы 30 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұл шешім еліміздегі су биоресурстарын қорғауға және олардың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.





