2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында Қазақстанда жүк тасымалы 753 млн. тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8%-ға артты. Барлық көлік түрлері арқылы тасымалданған жүк пен багаждан түскен кіріс 3,7 млрд. теңгені құрады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өңірлер бойынша жүк айналымының ең көп өсімі Атырау облысында (47,8%), Жетісу (41,1%) және Абай (30%) облыстарында байқалды. Астанада көрсеткіш 15,2%-ға, Алматы қаласында 1,5%-ға өскен.
Көлік түрлері бойынша ең ірі тасымал теміржол арқылы жүзеге асты – 300,3 млн. тонна, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 11,4%-ға көп. Автомобиль көлігімен тасымал 1,8%-ға артты. Құбыр арқылы тасымал көлемі 228,1 млн. тоннаны құрап, 16,5%-ға өскен.
Әуе көлігі арқылы 19,1 мың тонна жүк жеткізілді, бұл 2024 жылдың көрсеткішінен 7,5%-ға жоғары. Теңіз және жағалау көлігінде де өсім байқалды – 2 485,5 мың тонна, яғни 30,6%-ға көп.





