Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда бір жедел жәрдем көлігіне 10 мың адамнан келеді. Ал халықаралық стандарт бойынша бұл көрсеткіш 30 мың тұрғынға бір реанимобильден аспауы тиіс.
“Бізде көрсеткіш үш есе жоғары. Бұл – жедел жәрдем қызметінің шамадан тыс жүктелгенін көрсетеді. Бұған қоса, біздің азаматтар жедел жәрдемді дамыған елдермен салыстырғанда 3-4 есе жиі шақырады. Мысалы, шетелде дене қызуы көтерілгенде арнайы бригада шақырылмайды. Ал бізде мұндай жағдайдың өзінде жедел жәрдем шақыру жиі кездеседі”, – деді Тимур Мұратов.
Оның айтуынша, жедел жәрдемнің негізгі міндеті – адам өміріне тікелей қауіп төнген жағдайларда көмек көрсету. Бұл – жарақаттар, инфаркт, инсульт, ауыр хирургиялық патологиялар секілді жағдайлар.
Мұратов шұғыл жағдайға тап болған азаматтарға дер кезінде көмек көрсету жедел жәрдем қызметі үшін әлі де басты басымдық болып қала беретінін атап өтті.