Қазақстанның 14 өңірінде 26 тамызда ыстық, найзағай, шаңды дауыл мен тұман күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
-
Ақтөбе облысы – күндіз +37°С, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
-
Атырау облысы – найзағай, бұршақ болжанып, ауа температурасы +35…+37°С-қа дейін көтеріледі.
-
Жетісу облысы – күндіз +35°С, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
-
Қостанай облысы – оңтүстігінде +36°С, батысы мен солтүстігінде найзағай болады.
-
Түркістан облысы – 27-28 тамыз күндері шөлді аймақтарда +41°С қатты ыстық, шаңды дауыл болады.
-
Қызылорда облысы – шаңды дауыл, желдің күші 15-20 м/с.
-
Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары – жел, тұман, найзағай және жоғары өрт қаупі болжанған.
Синоптиктер ауа райының қолайсыздығын ескеріп, тұрғындарға сақтық шараларын ұстануды ескертеді.





