Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Рамазан келді, ағайын!

1 наурыз 2025
КҮЛТӨБЕ
Рамазан келді, ағайын!
WhatsAppTelegramFacebook

Әне-міне дегенше Ислам әлемі үшін қасиетті Рамазан айы басталды. Биыл қасиетті Рамазан айы 1 наурыздан басталып, 29 наурызда аяқталмақ.  30 наурыз Ораза айттың алғашқы күні. Ал Қадір түні наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн. Биыл пітір садақа ел бойынша 655 теңге болып бекітілді.

Жылдағы дәстүр бойынша облыстағы дін өкілдері Рамазан айына дайындық барысы мен қасиетті айдағы жоспарларын журналистермен бөлісті. Облыстың бас имамы Керімбек Дәуітов пен облыстық дін істері басқармасының басшысы Сағыныш Жаңабай ақжолтай жаңалықтарын да ортаға салды. 

Бас имамның айтуынша, өңіріміздің 41 мешітінде тұрақты ауызашар беріледі екен. Сондай-ақ, Түркиядан 3 қари келіпті. Олар мешіттерде намаз оқып, хақ жолындағы мұсылмандардың міндеттерін түсіндіреді. Сонымен қатар, жергілікті дін өкілдерімен тәжірибе алмасуға орайлы бастама болып отыр.

 – Рамазан – мұсылмандар үшін терең діни мағынасы бар исламдағы ораза және дұға айы. Ислам күнтізбесінде Рамазан – бүкіл әлемдегі мұсылмандар таң атқаннан күн батқанға дейін ораза ұстайтын тоғызыншы ай. Сондықтан әр қалада өз жұмыс кестесі бар. Ораза кезінде адамның қарапайым қажеттілігінен және одан да көп артықшылықтан толық бас тарту мұсылмандарға өздерінің сенімдерінің күшін растауға, өзін-өзі бақылауды үйренуге және рухани тазаруға ықпал етеді, – деді облыстың бас имамы Керімбек Дәуітов. 

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Сағыныш Жаңабай қасиетті айдағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету төңірегінде сөз қозғады. Жыл сайын Рамазан айында балалардың ораза ұстауы қоғам арасында қызу талқыға түсетінін де жасырмады. Бұл ретте ақпараттық түсіндірме жұмыстарын да күшейту керегін айтты.

 – Ауызашар беру рәсімдерінде ысырапшылдыққа жол берілмей, мейлінше қарапайым деңгейде өткізу және  жалпы ауызашарды даңғаза тойға айналдырмау керек. Мешіт имамдары тарауиқ, жұма, бес уақыт намаздары барысында айтылатын уағыз-насихаттарда елді ынтымақ-бірлікке шақырып, қоғамның дертіне айналған нашақорлық, жемқорлық, ысырапшылдық, лудомания және т.б. өзекті мәселелер туралы кеңінен таразыласа. Рамазан – тазару айы. Қоғам осындай мәселелерден тазарса, – деп тілек те білдірді. 

Дастанбек САДЫҚ
Фото: depositphotos.com

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

Бүгін, 15:59
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

Бүгін, 15:24
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Бүгін, 15:03
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Бүгін, 12:50
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.