Талдықорған: +24°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚҰРЫШ ҚОЛДЫ ҚҰРЛЫСШЫ

18.08.2024
КҮЛТӨБЕ
ҚҰРЫШ ҚОЛДЫ ҚҰРЛЫСШЫ

Қоғамда әр саланың өзіндік орны мен мәртебесі бар. Әсіресе, еліміздің экономикасына тікелей серпін беретін – құрылыс саласы. Көкпен таласқан зәулім ғимараттардың әрбірінде құрылысшылардың қолтаңбасы бар. Жетісу жерінде құрыш қолды құрылысшылар жетерлік. Солардың бірі –     Болат Мұхамеджанов.


Облысымыз осыдан 15-20 жыл бұрын қандай еді? Ал қазіргі көрінісі қандай? Өңірдің қайта түлеп, жаңарып сала бергені құрылысшылардың ерен еңбегінің арқасы. Осы ретте 15 жылдан астам құрылыс саласында табан аудармай жұмыс істеп келе жатқан кейіпкеріміздің еңбегін айта кеткеніміз жөн. Құрыш қолды құрылысшы еңбек жолында жылу магистральдарын, мұнай құбырларын тартып, үлкенді-кішілі үйлер, модульдік құрылыстар мен әкімшілік ғимараттар салған. 

Кейіпкеріміз оқуды тамамдаған соң Отан алдындағы борышын өтеп, әскери салада қызмет етеді. Кейін құрылысшы мамандығына қызығып осы салаға бет бұрады. Бүгінде ол Сарқан қаласы «Мәңгілік ел» көшесінде тұрғын үй кезегіндегі азаматтар үшін салынып жатқан құрылыс нысанында бригадир. Қарамағында 35 адам бар. Құрылысшылар үйлердің сыртын безендіру, сырлау, әктеу, қаптау және терезе жиектерін жасау жұмыстарын жүргізуде. 

– Құрылысшы болу оңай емес. Біз қаламызды дамытып, жарқыратып, әрбір нысанға өң беруге тырысамыз. Мұның барлығы ел игілігі үшін жасалуда. Ал құрылыс нысанында бригадир болу тіптен қиын. Танымайтын адамдармен ортақ тіл табысуың керек. Тапсырманы дұрыс қойып, нақты түсіндіру қажет. Біз бір ұжым болғанда ғана жұмыс нәтижелі болады. Алдағы уақытта атқарылатын нақты істер жетерлік. Ойлаған шаруаларымыздың бәрі жүзеге асады деп сенеміз, – дейді кейіпкеріміз.

Айта кетейік, Сарқанда  3 бөлмелі 50 жаңа үй бой көтеруде. Бұл үйді инвесторлар өздері салып жатыр екен. Жергілікті әкімдік пен құрылысқа жауапты «TEMIR STROY ALATAU» ЖШС арасында «Тұрғын үй салу, сатып алу» меморандумы жасалыпты. 

15 жылын туған жерін түлетуге, қалалар мен елді мекендердің сән-сәулетін арттыруға арнаған құрыш қолды құрылысшыға тұрғындар да дән риза. Тұрғындарға сапалы үй салып, күннің аптап ыстығы мен қақаған аязына қарамастан құрылыс нысанында жүрген жанның еңбегі ерен. 

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

14.05.2025
Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

14.05.2025
Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

14.05.2025
Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

14.05.2025
Қазақстанда жаңа пәтерлердің бағасы өсіп жатыр

Қазақстанда жаңа пәтерлердің бағасы өсіп жатыр

14.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.