Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігін күшейту, адамдардың өрт салдарынан қаза болуын және азаматтардың газдан улануын болдырмау мақсатында 15 тамыз бен 15 қазан аралығында Өрт қауіпсіздігі айлығы өткізіледі.
Өрт қауіпсіздігі айлығының негізгі мақсаты – жеке және көппәтерлі тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Бірінші кезекте үй-үйді аралау халықтың әлеуметтік осал топтары мен қолайсыз отбасылар тұратын мекенжайлар бойынша жүргізіледі. Тұрғын үй секторында өрт-профилактикалық іс-шараларды өткізуге қатысу үшін азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерінен басқа, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, энергия қадағалау, газ шаруашылығының қызметкерлері, ПИК және БАҚ өкілдері, үкіметтік емес, волонтерлік ұйымдардың мүшелері тартылатын болады. Азаматтық қорғау қызметкерлері барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтап және міндетті түрде қызметтік куәлігін көрсете отырып, нысанды киімде тұрғын үй секторын аралауды жүргізетініне назар аударамыз.
Құрметті облыс тұрғындары, біз бірлессек, үйлеріңізде төтенше жағдайды болдырмауға, сондай-ақ, газдан улану қаупін барынша азайтуға болады. Ол үшін сіздерден тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі




