Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Сан саланы қамтыған

21 қаңтар 2025
КҮЛТӨБЕ
Сан саланы қамтыған
WhatsAppTelegramFacebook

Биылғы жылдың жұмысшы мамандықтарға арналғаны жастарға дем беруде. Солардың ішінде кәсіптік білім алып жүрген студенттер қолдау тапқандарына қуануда. Осы ретте Талдықорғандағы Сервис және технология колледжіне арнайы барып, ондағы білімгерлердің тыныс-тіршілігімен танысып қайттық.

Талдықорған Сервис және технология колледжі облыстағы сұранысқа ие жұмысшы кадрларды даярлайтын техникалық кәсіптік білім беретін мекеме. Бұл күні білім ошағында 60-қа жуық педагог пен 514 білім алушы бар. Мұнда студенттер «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Шаштараз өнері», «Тігін өндіріс және киімдерді үлгілеу», «Киім дизайны» сынды 5 мамандық бойынша білім алуда.

Мекеме басшысы Мөлдір Исламова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаны кәсіптік білім беретін ұйымдар үшін оң нәтиже көрсетіп, тағы үлкен белестерді бағындыруға бағытталған мүмкіндіктің бірі деп есептейді. Ел сенімін ақтайтын мамандарды даярлап шығару үлкен мәртебе екенін айтады.

– Әр мамандықтың өзіндік алатын рөлі орасан зор. Студенттерді оқытуда колледж бүгінде өте жоғарғы нәтиже көрсетуде. Біз облысымыздың 38 кәсіпорынымен келісімшарт жасасқанбыз, білім алушыларымыз осы мекемелерден өндірістік іс-тәжірибеден өтеді. Түркия мемлекетіндегі қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындармен жасалған келісімшарт бойынша жылына 6 айға студенттеріміз шетелге іс-тәжірбие алмасуға барады. Колледжде дуалды оқыту жүйесі негізінде 299 студент білім алуда, – дейді  Талдықорған Сервис және технология колледжінің директоры Мөлдір Исламова.

Өткен жылдың  қазан айынан бастап, аталған колледжде «Айсұлу» тігін фабрикасымен біріккен шағын цех іске қосылды. Шағын орталықтың мақсаты – жұмыс орнын ұлғайту, фабрикаға келіп түскен тапсырысты бірігіп орындап студенттерді еңбекке баулып, өндірістік тәжірбиені тиімді пайдалану. Мұндағы түлектер оқыған саласы бойынша 80-90 пайызы  тұрақты жұмысқа орналасуда.

– Мен қазір «Шаштараз өнері» мамандығында оқып жатырмын. Мектеп қабырғасында жүргенде құрбыларымның шашын өріп, үлгілерін жасайтынмын. Сол кезден бастап бұл салаға деген қызығушылығым оянды. Бүгінде кәсіби тұрғыда білігімді арттырудамын. Болашақта жеке кәсібімді ашып, адамдарға пайдамды тигізсем деймін, – дейді 1 курс студенті Әсем Кенжебай.

Колледждің материалдық-техникалық базасы да кейінгі үлгідегі құрал-жабдықтармен, жаңа техникалармен қамтылған. Жайлы оқу кабинеттері, заманауи құрылғылармен жабдықталған өндіріс шеберханалары бар. Мұнда білім алушыларға мемлекет бекіткен  тегін оқу, 1 реттік ыстық тамақ және шәкіртақы беріледі. Педагогтар мен білім алушылар республикалық, облыстық деңгейдегі көптеген шеберлік байқаудың жеңімпаздары екенін де айта кеткен жөн.

Медет ЖҰМАБАЙ
Суретті түсірген Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

Бүгін, 15:59
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

Бүгін, 15:24
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Бүгін, 15:03
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Бүгін, 12:50
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.