Талдықорған: +21°C
$ 488.59
€ 564.37
₽ 6.79
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

САРЫБҰЛАҚТА САЛИҚАЛЫ ІС КӨП

11.12.2024
КҮЛТӨБЕ
САРЫБҰЛАҚТА САЛИҚАЛЫ ІС КӨП
WhatsAppTelegramFacebook

«Жетісу» газетіндегі «Шалғай ауыл шырағы»  айдарының алғашқы мақаласын Кербұлақ ауданының Сарыбұлақ ауылына арнағанбыз. Сол кезде басылым арқылы біраз мәселе көтеріліп, аудан әкімі және басқа да тиісті мекемелерге орын алған келеңсіздікті жоюға қатысты хат жолданып, жауап алғанбыз. Басылымның биылғы нөмерлерінің бірінде «Жартас шоғырларының жаңа орны анықталды» деген мақала басылып, жұртты елең еткізгеніміз бар. Жуырда сол елді мекенге баспасөз туры ұйымдастырылып, тілшілер Сарыбұлақ ауылындағы жақсы жетісітктерді көріп, тарихтың табы жатқан таңбаларды тағы да бір түгендеп шықты.


Алдымен Сарыбұлақ ауылының әкімі Әділет Болатовтың бастауымен ауылды аралап, ондағы табысты істерді көріп шықтық.

– Өткен жылы облыстық «Жетісу» газетінде «Ерін кетсе тіс тоңады» деген мақала жарияланып, Сарыбұлақ ауылдық округіне қарасты Сарыбұлақ ауылына электр жарығын жеткізу, ауылды құм басу жағдайын тоқтату, Талдықорған – Алматы күрежолынан Сарыбұлақ ауылдық округінің орталығы Қарағаш ауылына дйеінгі жолдың бітпей тұрған бөлігін аяқтау, ауылға табиғи газ жеткізу, ауылішілік жолдары асфалттап, ауыл көшелерін жарықтандыруға қатысты біраз мәселе көтеріліп, аудан әкімі ұсыныс айтылған. Газетте көтерілген мәселені назарға алған облыс, аудан басшыларының қолдауымен бітпей тұрған жол бітіп, ауылдық округ орталығы Қарағаштан Сарыбұлақ бөлімшесіне дейінгі 18 шақырым жерге электр бағаналары тартылды. Қарағаш ауылына көше шамдары орнатылып, одан Қазынсу ауылына дейінгі жол асфалтталды. Ауылды құм басудың алдын алу үшін қомақты қаржы бөлініп, 5 гектар жерге самырсын ағашы егіліп, айналысы қоршалды. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда. Ал Қазынсу ауылына газ құбырлары тартылып жатыр. Қысқасы, газетте көтерілген мәселе өз шешімін тауып, жұртқа игілік әкелуде, – дейді ауыл әкімі.

Осылай тың тіршілік басталғалы ауылдың жағдайы жақсарып, жұртты қуантатын жақсы істер көбейіпті. Биыл Қарағаш ауылынан мемлекеттік бағдарламамен10-ға тарта тұрғын үй салынып, оның 5-і үй кезегінде тұрғандарға берілсе, қалғанының құрылысы жүріп жатқанын көрдік. Келесі жылы да бірнеше үй салу жоспарланған. Бүгінде Қарағаш ауылында бой көтерген дәрігерлік-амблатория көп өтпей тұрғандардың игілігіне айналмақ.

– Осы ауылда әке-шешем шабан болған. Туылғаннан бері осында өстім. Екі қызым бар. Біраз жылдан бері үй кезегінде тұрып келгенмін. Міне, биыл үкіметтің бағдарламасы, аудан басшыларының қолдауымен жаңа үйлер бой көтеріп, соның бірі маған берілді. Үйлі болғандар қуанып жатырмыз. Ал жыл соңына дейін салынып жатқан үйлердің құрылысы аяқталса, қуанышымыз еселене түспек, – дейді ауыл тұрғыны Рысжан Тұрсынбекқыз.

Біз ауыл әкімінің бастауымен Әлия Молдағұлова көшесінің бойындағыжаңа үйлерді аралап көрдік. Қаз-қатар тізілген ақ шағаладай үйлер көз тартады. Ауласы кең, құрылысы сапалы, іші ыңғайлы.

Осындай табысты істердің түйінін тарқатқан ауылдың тіршілігін тынысты ететін тағы бір тың дүние бар. Ол ауыл іргесіндегі Малайсары және Желдіқара тау сілемдеріндегі жартас суреттері мен көне обалар. Бұл туралы осы жылдың көктемінде «Жетісу» өлкетанушылар орталығы» қоғамдық бірлестігінің өлкетанушылары зерттеу жұмысын жүргізіп, нәтижесі баспасөздерде жариялады.

Демек, Сарыбұлақ ауылы – байырғы сақ, ғұн, түркі дәуіріндегі бабалар өркениетінің табы қалған тарихи қоныс. Сарыбұлақ жартас суреттері Жетісу жартас суреттерінің құрамдас бөлігі және оны басқа жерлерден кездестіре бермейтін жаңа бейнелермен толықтыра түседі.Аталған нысан туризмді дамытуға қолайлы болғанымен, әлі де жарнамасы жетпей келеді.

– Жөңкебайдағы тұнып тұрған жартас суреттері, табиғаттың өзі жасап берген Тесік тас, Тіленші қазымен тарихы сабақтасатын Үңгір қора, ал анау жазық беттердегі әлі зерттелмеген сақ обалары тұнып тұрған тарих. Егер осы жерлер мемлекет қорғауын алынып, туристік нысан ретінде табылса деп ойлаймыз. Ол ауылдастардың туризм бағытында жұмыс көзін ашып, кәсіптенуіне ықпал етер еді, – дейді ауыл тұрғыны Әбдіманап Назарбекұлы.

Жалпы, петроглифтер мұрасы жағынан Қазақстанға тең келер ел жоқ деуге де болады. Оны аялап-сақтау ғана басты міндет. Десек те,  Сарыбұлақ жартас суреттері орналасқан жерлерден вандализмнің белгілерін кездестірдік. 

Қажет АНДАС
Суреттерді түсірген Жұмабай Мұсабеков

Қатысты жаңалықтар

Қарымта ойында шешіледі

Ресми. «Жетісу» Бірінші лигада ойнайды

10.06.2026
Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

10.06.2026
Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

10.06.2026
Бірлікті нығайтқан өнер

Бірлікті нығайтқан өнер

10.06.2026
Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

10.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.