Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ШАЛҒАЙ АУЫЛ ШАТТЫҒЫ

04.11.2024
КҮЛТӨБЕ
ШАЛҒАЙ АУЫЛ ШАТТЫҒЫ

«Бұта түбі бір асым ет» деп қойнауы құт мекенді айрықша айшықтаған кешегі әулиелердің атырабында түйткілді мәселелер шешімін тауып келеді. Әсіресе шалғай ауылдардың шаттығы бөлек. Қараталдық ағайынға отыз жылдан бері салмақ салып келген жол мәселесі шешіліп, тұщы суға таңдай жібітер күнге жеткеніне риза. Мелдектеген мөлдір судан мейір қандырған Көпбірлік, Алмалы ауылының тұрғындары құтты мекен, құсни орданың абаттанып, жаңа нысанмен ажарланып келе жатқанына ерекше қуанышты. Қосқабат алғыс жаудырған ағайынның бұл аужайын облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қасиетті Қаратал өңіріне жұмыс сапары барысында аңдап, көзайым болдық.


ОТЫЗ ЖЫЛ КҮТКЕН КҮРЕЖОЛ

Бұйрат құм, бозаң дала төсінде орын тепкен Көпбірлік, Алмалы секілді шалғайдағы ауылдарға апаратын жолдың жөндеуі аяқталды. Қаратал ауданына барған жұмыс сапары барысында «Үштөбе – Алмалы – Көпбірлік» автомобиль жолының жөндеу жүргізілген учаскелерін жүріп өткен облыс әкімі Бейбіт Исабаев құрылыс жұмыстарының нәтижесімен танысты.

Жалпы ұзындығы 176  шақырым автомобиль жолының 137 шақырымы жөнделген десек, оның 78,5 шақырымына жөндеу биыл жүргізілді. Жолдың қалған бөлігі жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

Атап айтқанда, Көпбірліктен Алмалы ауылына дейінгі ұзындығы 28  шақырым жол учаскесіне 2021 жылы орташа жөндеу жасалған. Жолдың қалған бөлігінің құрылысы төрт бөлікке бөлінген.

– Өткен жылы жалпы ұзындығы 30  шақырым болатын 5-тен 35  шақырым дейінгі учаске жөнделді. Бүгінде автомобиль жолының 40 шақырымына, яғни 90-147 шақырым учаскесіне асфальт төселді. Қазіргі кезде абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтқанда, жол жиегі нығайтылып, белгілер орнатылуда. Жұмыстар 10 қарашаға дейін бітеді. Жөндеу жұмыстары жолдың екінші және үшінші учаскелерінде де аяқталды. Бұл нысандар пайдалануға берілді. Сөйтіп «Үштөбе – Алмалы – Көпбірлік» жолының барлық аталған учаскесіне асфальт төселді, – деді аймақ басшысына жол құрылысы туралы баяндаған облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғалымжан Дәрібаев.

Басқарма басшысының баяндамасын тыңдаған облыс әкімі жөндеу жұмыстарының сапалы атқарылғанын атап өтіп, мердігер компания жұмысшыларына істі уақытылы аяқтағаны үшін ризашылығын жеткізді.

– Халықпен кездесу кезінде тұрғындар Көпбірлік ауылына баратын жол мәселесін көтерген болатын. Осыған байланысты жолды жөндеуге қатысты нақты шаралар қабылдадық. Қазір жол толық жөнделіп бітті. Бұл жолмен жүк көліктері көп жүрмейтіндіктен және жұмыс сапалы орындалғандықтан жол кемінде он жыл қызмет етеді. Көпбірлік – шалғайда жатқан ауыл. Алдымен оның жолын жасадық, сосын ауызсу сапасын жақсарттық. Біздің бұдан әрі де шалғайдағы және шегаралық ауылдарды дамытуға бағытталған нақты жоспарларымыз бар, – деді Б. Исабаев.

Бұл ретте отыз жылдан бері жөндеу көрмеген жолдың бүгінгі жағдайына, жалпы сапасына тұрғындардың көңілі толатынын айта кеткен жөн. Оған: «Қазір мен сияқты көлік жүргізушілері аудан орталығына 1 жарым сағатта жетіп барамыз. Жаңа жолмен бірге екі аралықтағы қатынау уақыты еселеп қысқарды. Жол сапасы көңіл қуантады», – деген байшегірлік Түтінтай Мүсәпіровтің пікірін алға тартуға негіз бар.

                                  

ТҰЩЫ СУДЫҢ ТҰНЫҒЫ

Иә, күрежолдың сапасын тексерген облыс әкімімен бірге журналистер қауымы да жарқын шыққан жұрт үнімен толқығандай күй кештік. Келесі жылы «Үштөбе – Алмалы – Көпбірлік» жолының 145-ші учаскесіндегі Алмалы көпірі жаңғыртылмақ. 

Жалпы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық маңызы бар жолдардың үлесі жыл соңына қарай 94%-ға жетеді деп күтілуде. 
Бұдан бөлек, Жетісудағы Қаратал ауданының ең шалғай елді мекені – Көпбірлік ауылының тұрғындары сапалы ауызсуға қол жеткізген. Ауылда орталықтандырылған су құбыры болғанымен соңғы жылдары тұрғындар тұзды су ішіп келген. Мәселенің қалай шешілгенін облыс әкімі сапар барысында арнайы көрді. 

Рас, 2010 жылы ауылда сумен жабдықтау жүйесі қайта жаңғыртылған, атап айтқанда жаңа желілер салынып, тереңдігі 100 метрден асатын ұңғыма қазылып, тұщыландыру қондырғысы орнатылды, ысырмалары ауыстырылды. Қабылданған шараларға қарамастан соңғы жылдары судың тұздылығы литріне 5,9 грамнан 8 грамға дейін өскен. Сондықтан бұл ауыл халқын мазалаған мәселеге айналған. Осыған байланысты облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмасына сәйкес бюджеттен қаражат бөлініп, мәселені шешуге қажетті шаралар қабылданды. Атап айтқанда, 2 шақырым желіге қайта жаңғырту жүргізіліп, жаңа су мұнарасы тұрғызылды. Оған қоса тұздану деңгейі литріне тіпті 12 грамға жеткен күнде де суды тұщыландыруға қуаты жететін жаңартылған тұщыландыру қондырғысы орнатылды.

Облыс әкімі Көпбірлік ауылына барған сапарында судың сапасын тексеріп, тіршілік көзін татып көрді. Тұрғындармен арнайы жолықты. Осы орайда кездесуге қатысқан ауыл тұрғындарының бірі Зәмзәгүл Несіпбаева тіршіліктің көзі, денсаулықтың кепілі болған ауызсуға елдің қолы жеткенге ерекше қуанышты екенін, бұл көпшілік көкейіндегі лепес екенін атап өтті.

Бүгінде 900-ден астам адам тұратын Көпбірлік ауылында 179 аула бар, соның 168-і орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосылғанын да айта кеткен жөн. 

ҚОС МЕКЕНДЕ ҚУАНЫШ КӨП

Көпбірлік ауылында жол мен ауызсу мәселесі толықтай шешіліп, спорт кешені, әкімшілік секілді нысандар бой көтерді. Ел игілігіне берілді. Енді мұнда кітапханасы бар жаңа Мәдениет үйі салынады. 

– Көпбірлік – облыстың ең шалғайдағы ауылының бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз облыс орталығына жақын елді мекендерді ғана емес, алыс жатқан ауылдарды абаттандыру мен дамытуға ерекше көңіл бөлеміз. Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін ең бірінші сапалы ауызсу, жол, жарық және әлеуметтік нысандар керек. Тұрғындар тұрмыстың жақсарғанын сөз жүзінде емес, іс жүзінде сезінуі тиіс. Сіздердің ауылға келетін жолды жөндеп бітірдік, ауыз судың сапасын жақсарттық, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, ауылдық әкімдік салып бердік. Енді сіздердің өтініштеріңізге сәйкес кітапханасы бар Мәдениет үйі тұрғызылады. Екі ауылдық округке ортақ өрт сөндіру депосын құрып, қажетті техникамен қамтамасыз етеміз. Сол сияқты көшелерді жөндеуге, жарықтандыруға назар аударылады, – деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.

Тұрғындар ауылға жасалып жатқан игі шараларға ризашылығын білдіріп, бірқатар өтінішін айтты. Мәселен: 
– Ұзақ жылдан бері біздің шалғайдағы ауылға арнайы келген бірінші облыс әкімісіз, – деп сөзін бастаған ауыл тұрғыны Нұрлан Бердахметов жаңа салынған спорт кешенінің артқы ауласынан балалар үшін воркаут алаңын салып берсеңіздер деп өтініш айтса, тағы бір тұрғын ауыл балаларын түрлі жарысқа апару үшін шағын автобус бөлінсе деген тілегін жеткізді. Облыс әкімі айтылған ұсыныстарды қолдап, аудан әкіміне және басқа да тиісті лауазымды тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. 

Өз кезегінде аймақ басшысы Алмалы ауылына да ат басын арнайы бұрды.

Заманында алма өсірген құм қойнауындағы Алмалы ауылының да ажары кіріп, көшелері абаттанады. Бүгіннің өзінде шалғайдағы ауылдың шырағы маздап тұр. Бұл ауылда үш бірдей әлеуметтік нысан салынбақ. Атап айтқанда, Мәдениет үйі, блокты-модульді дәрігерлік амбулатория және спорт кешені бой көтермек. 

Бәйшегір ауылдық округінде 1200 адам тұрса, округ орталығы Алмалы ауылында 800-ден астам тұрғын бар. Ауылдағы ескі Мәдениет үйі 2000 жылдан бері қолдануға жарамсыз күйде тұрған болатын. Бұл тозығы жеткен нысан сүріліп, ауылда халықтың өтініші негізінде биылғы жылы блокты-модульды конструкциядан Мәдениет үйі тұрғызыла бастады. Енді ауыл тұрғындары мәдени іс-шаралар өткізуге, ал балалар мен жастар түрлі үйірмелерге қатысуға мүмкіндік алады. Бейбіт Исабаев ауыл тұрғындарымен әңгімелесу барысында Мәдениет үйінің құрылысы келесі жылы жазда аяқталатынын айтты. Сонымен қатар ауылдық аурухана жанынан бір ауысымда 50 адам қабылдай алатын дәрігерлік амбулатория бой көтереді. Қазіргі кезде конкурстың қорытындысы шығып, құрылысын жүргізетін мердігер ұйым анықталды.

Сол сияқты аймақ басшысы келесі жылы «Үштөбе – Алмалы – Көпбірлік» автожолының 145 шақырымындағы Алмалы көпірі де жасалатынын жеткізді. Оған қоса:
– Ауылдарыңызда мектеп пен аурухана бар, енді заманауи дәрігерлік амбулатория мен Мәдениет үйі салынады. Өткен жылы Көпбірлік ауылына, биыл Алмалыға «Жедел жәрдем» көлігін бердік. Сонымен қатар ауылдың ішкі көшелерін жөндеуге, жарықтандыруға көңіл бөлеміз және өтініштеріңізге орай типтік жобамен халық санына сәйкес спорт кешенін саламыз деп шештік. Осылайша ең алдымен ауылдың инфрақұрылымын жақсарттық, екінші кезекте қажетті әлеуметтік нысандар салынуда, ендігі кезекте шағын және орта бизнесті және ауылшаруашылығын дамытуға ерекше назар аудару керек. Ол үшін «Ауыл аманаты» сияқты мемлекеттік бағдарламалардың қолдау мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану қажет, – деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ
Қаратал ауданы

Қатысты жаңалықтар

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

23.06.2025
Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

23.06.2025
«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

23.06.2025
Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

23.06.2025
Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

23.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.