Талдықорған: +35°C
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Шаңырақ шайқалмасын

29.04.2022
КҮЛТӨБЕ
Шаңырақ шайқалмасын
WhatsAppTelegramFacebook

Көптеген ұлт пен ұлыстың береке-бірлігі ұйысып, бір атаның баласындай бейбітшілік бесігінде тербелуі алдымен азаттығымыздың арқасы. Тәуелсіздікке қол жеткізу оңайға соқпады. Тарих бетін парақтасаңыз, небір зұлмат кезеңге кезігесіз. Рухы өр, бірлігі бекем, намысты ел ғана барлық сыннан сүрінбей өтеді. Мың өліп, мың тірілген ұлтымыздың алар асуы әлі алда.

Басымыздан кешірген қиындық тек бізде ғана болмады. Өткен ғасырда өзге ұлт өкілдері жер ауып келгенде мұндағы жағдай мәз емес еді. Ашаршылықтың ауыртпалығы салмақ салып, соғыс өрті талай адамды жалмады. Сондай қиындыққа қарамай қазақ елі көшіп келгендерді бауырына басты. Бір үзім нанын бөліп беріп, тар лашыққа қатар қонды. Ал, тұтқындарға тас орнына құрт лақтыратын көрініс көзге жас үйіріп, қазақ халқының кеңдігін, дархандығын бар әлемге паш етеді. Қанға сіңген осындай қасиет  ешқашан жойылмақ емес. Керісінше, ұрпақтан-ұрпаққа көшіп, мәңгілікке жадымызда жаңғыратын болады. Мінекей, өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқына ризашылығын білдіру мақсатында Алғыс айту күні күнтүзбеге енді. Мені қуантатыны кейінгі кезде айтулы күн ауқымын кеңейтіп, жалпы халықтық үрдіске айналғандығы. Яғни, баласы анасына, оқушы ұстазға алғыс айтып, жаңа сипатқа иелік етті. Бұдан не түйеміз? Ауып келгенде, бәрінің тоғысатын тұсы – бірлік. Бекем бірлігі бар елде ғана бейбітшілік салтанат құрады. Жаңа Қазақстанның бірден-бір белгісі де осы.

Әлем елдерін әбірге салған коронавирус инфекциясы талай жаны жайсаң жандарды арамыздан алып кетті. Аты алты Алашқа белгілі ардақты адамдар қайтпас сапарға аттанды. Дертпен күрес дамылсыз жүріп жатыр. Емі табылғанмен, ойда жоқта қайтыс болған жандар қайтып келмейді. Біз осыдан да сабақ алуымыз керек. Басқаны қайдам, өз басым: «Бірінші байлық –  денсаулық», – деген аталы сөздің мәнін терең түсінгендей болдым. Өмір-бақи тірнектеп жиған қазына, талай жылғы еңбектің жемісімен келген қызмет бәрі-бәрі денсаулықсыз ештеңе емес екен. Сол секілді кешегі Қаңтар оқиғасынан кейін: «Ел аман, жұрт тыныш болсын!» – деген баталы сөздің қадір-қасиетін бүкіл жұртшылық ұғынды.

Ұлттар мен ұлыстарды бір шаңырақ астына біріктіріп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі қызметі – халықтар бірлігін нығайту. Сол тұрғыда этномәдени бірлестіктер, аналар және Қоғамдық келісім кеңесі көптеген игі жобаларды ұсынып, жұмыстарын жүргізуде. Ұлттық мерекелерді атап өтіп, салт-дәстүрлерін өскелең ұрпаққа үлгі етіп келеді. Осы бағыттағы жұмыстар жанданып, татулық пен ынтымақ, береке мен бірлігі жарасқан мемлекет ретінде абыроймыз арта бермек. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» демекші, қазіргі таңда барлығымыз бір атаның баласындай күн кешудеміз. Республикадағы барлық этностардың татулық пен келісімде өмір сүруінің арқасында өзге мемлекеттерге үлгі көрсетіп, бауырмалдықтың қандай болатынын ұғындырудамыз. Білім мен ғылым, өнер мен әдебиет, өркениет пен тарих жаңаша жанданып, айтарлықтай өзгерістер орын алуда.

Отанға деген сүйіспеншілігіміз уақыт өткен сайын еселеніп, патриоттық сезіміміз де артып келеді. Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғанына зор сенім артамын. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын. Мемлекетіміздің шаңырағы шайқалмасын. Осы орайда барша қазақстандықтарды 1 мамыр – Қазақстан халықтарының Бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Серік ҮПИЕВ,
«Қоғамдық келісім» КММ директоры

 

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда мемлекеттік балабақшалардың қызметі тексеріліп жатыр

Жетісуда мемлекеттік балабақшалардың қызметі тексеріліп жатыр

24.07.2026
ІІМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

ІІМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

24.07.2026
Автонесие алу жеңілдейді

Автонесие алу жеңілдейді

24.07.2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 680 мыңға жетті

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 680 мыңға жетті

24.07.2026
Жаңа әдіспен ота жасалады

Жаңа әдіспен ота жасалады

24.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.