Шерзат Полаттың ісі сотқа түсті, енді жәбірленушіні жаңа адвокаттар қорғайды.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Alash.KZ сайтына сілтеме жасап.
Сот іс материалдарының қабылданғанын растады. Енді жәбірленушілердің мүддесін жаңа адвокаттар тобы қорғайды.
Олар — Мейірман Шекеев, Әлім Мұстафаев, Бекзат Миязов, Жандос Палманов, Бағдат Амандосұлы, Нұрболат Ибраев және Дина Досаева.
Қылмыстық іс бойынша 9 адам күдікті деп танылған.
Олар:
- Белгожаев Шыңғыс Айдосұлы
- Әскентай Дархан Баялханұлы
- Ильясов Нұрқияс Толетбекұлы
- Сакиев Равиль Магамедович
- Тоқтаубаев Нұрбол Маратбекұлы
- Қалиахмет Дидар Еркінұлы
- Тоқтаубаев Азамат Маратбекұлы
- Ысқақ Думан Қайдарұлы
- Шынасыл Абзал Нұрғалиұлы
Бір қызығы, бұған дейін 11 күдікті бар екені айтылған еді.
Айта кетейік, тергеу барысында 40 сот-медициналық сараптама жүргізілген. 200-ге жуық куәгер сұралып, күдіктілердің айғақтары мен сегіз бейнежазба тексерілген. Қылмыстық істің көлемі 62 том.
Фото: time.kz