Талдықорған: +38°C
$ 532.74
€ 617.23
₽ 6.77
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ШЕЖІРЕ СЫР ШЕРТЕДІ

04.07.2024
КҮЛТӨБЕ
ШЕЖІРЕ СЫР ШЕРТЕДІ

Шежіре – әр адамның тегі, ұрпағының өсуі мен тарамын зерделейтін ілім. Қазақ ұлтының болмысы ұрпақты тоздырмай, тірлігіне дақ түсірмеген тектілердің ақыл-парасатымен жалғасады. Сәнді тірлігімен өркениетке ұмтылады. Ата-бабасының айтқан өсиеті, қалдырған аманатына беріктігімен мәнді өмір сүреді. Осы ретте Көксу ауданында «Андас» кітабының тұсауы кесілді.


Салтанатты жиында көпшілік әуелі лэд экранға назар аударып, көзін алмады. Онда Жетісу өңірінің табиғаты, тайға мініп жарысқан бозбалалардың еркін даланың төсінде көсіле жүйткіген бейнелері суреттелді. Жылқы десе делебесі қозатын қазақтың көрермен мінберінде отырып-ақ қаны тулады. Бұл кеш шымылдығының айрықша әсермен түрілгенінің айғағы. Экрандағы бейне әрменқарай қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосқан Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхаммед Хайдар Дулати, Шәкәрім Құдайбердіұлы сынды басқа да халық даналарының қанатты сөздерін дәріптеумен жалғасын тапты.

Театрланған көрініске де кезек берілді. Мұнда Жалайыр тайпасынан шыққан Орақты батыр мен оның жанындағы серіктері Мырза, Бәйшегір, Балғалы, Андас баһадүрлердің сұлбалары сомдалып, ел мәселесіндегі түйінді түйткілді шешу жолындағы ауызбіршіліктері, аталы сөзге құлақ асудағы сабырлылықтары көрсетілді. Рухты асқақтатар қойылым жиылған қауымды бір сілкінтті.

«Андас» кітабының тұсауын Алматы, Жетісу облыстарының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері Жомартқали Жексенбинов, мемлекет және қоғам қайраткері Омархан Өксікбаев, журналист, ақын Нүсіпбай Әбдірахым, актер, қоғам қайраткері Орынбасар Тазабеков, қоғам қайраткері Өмірәлі Жалайыри кесті. Көпшілікке тың туындының мұқабасын көрсетіп, суретке түсу рәсімін орындады.  

Сахна төріне «Анда» шежіре отауының жетекшісі Алпысбай Рақымов, кеш қонақтары Тынышбай Досымбеков, Ерасыл Әбілқасымов, Ермек Келемсейіт, Әміре Әрін шақырылып, сөз кезегі берілді. Зиялы қауым өкілдері тереңнен тартып, бергіден қозғап сөздің майын тамызды. Ұлт болашағына орасан зор үлес қосқан тарихи тұлғалардың өмірінен мысалдар келтіріп, олардың ерен ерлігін дәріптеп өтті. Тұсауы кесіліп жатқан туынды ұрпақ үшін телегей қазына, таптырмас азық екені айтылды.

Жиында «Андас» кітабының құрастырушысы, Жетісу, Алматы өңірлерінің құрметті азаматы, қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев та  сөз кезегін алып, туынды жөнінде мағлұмат таратты.

– Туындыда белгілі тұлғалар, елге танымал батырлар, билер мен шешендер жөнінде кеңінен жазылған. Оны қағаз бетіне түсірудегі мақсат – жүзге немесе руға, атаға бөліну емес, жас ұрпақтың жеті атасын біліп, бір-біріне туыстық қатынасын көрсету. «Андас» тарамын толықтырып, жаңғырту маған жүктелді. «Анда»  шежіре отауының белсенді мүшелерінің қолдауымен төрт жылдың ішінде аяқтап отырмын. Олқылығы болса толықтыру, түзету, ажарландыру жас шежірешілердің қолында, – деді ол. 

Айта кетейік, кітапта ұрпақтар сабақтастығы, ұлт құндылығы жайлы тарихи мәліметтер келтірілген. 325 беттен тұратын шежіре жинақ 2 мың дана таралыммен шығып отыр. Алдағы уақытта көпшілік үшін барлық кітапхананың сөрелеріне қойылмақ.

Шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Онда жетісулық өнер ұжымдары ән шырқап, би биледі. Құлақ құрышын қандыра домбыра шертіп, атырапты күймен көмкерді.

Медет ЖҰМАБАЙ
 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда футболдан әуесқойлар арасында чемпионат өтті

Талдықорғанда футболдан әуесқойлар арасында чемпионат өтті

18.07.2025
Аптап ыстық, нөсер: 16 облыста дауыл туралы ескерту жарияланды

Аптап ыстық, нөсер: 16 облыста дауыл туралы ескерту жарияланды

18.07.2025
Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

17.07.2025
Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

17.07.2025
Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

17.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.