Талдықорған: +28°C
$ 467.48
€ 539.52
₽ 5.73
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ШЫҢҒА БІТКЕН ШЫНАР

05.08.2023
КҮЛТӨБЕ
ШЫҢҒА БІТКЕН ШЫНАР
WhatsAppTelegramFacebook

Жалпы театр т а р и х ы н ы ң тұтқалары болған бірнеше буын өкілдері бар ғой, Бикен апам соның алғашқылары. Осындай алдыңғы толқын аға буынмен, солардың ішінде Бикен апаммен сахнада өнер көрсеткеніме өзімді бақытты санаймын. Ардақты апам: «Талант табиғат сыйы болғанымен оның қауырсын қанаты қатайып, рухани өсіп, қалыптасуында көкірегінде көзі бар жекелеген адамдардың атқаратын рөлі болады», – дейтін. Шындығында себепсіз салдар болмайды ғой, осы кісілердің өнегесі біздің бағдаршамға айналды.


Кезіндегі алдыңғы толқын аға-апаларымыздың есіл-дерті сахнаға ауып, жүректері тек театр деп лүпіл қағатын еді. Ең бастысы, дәстүр тәлімдеріне берік, мамандықтарына шын құмар, ерекше құштар болатын. Бүгінгі біздер сияқты берілген рөлден бас тартып, өз шаруаларын күйттеп кету ол кісілерге аты-затымен жат еді. Сондықтан біз ол буыннан көп нәрсені алдық, соны кейінгіге берсек деген зор үмітіміз бар. Әрине, біз берген дүниені де шын ықыласпен алғысы келетін жастар болса. Жалпы Бикен апам және ол кісінің қатарластары қазақ өнеріне шынайы жанашыр болған тұлғалар. Өнердің жолы ащысы мен тұщысы қатар жүретін дара жол. Сахна өнерінің сиқырлы сыры, тосын табиғаты алабөтен құбылыс екені белгілі. Біз айтамыз ғой, өнердің құйтұрқы құпиясын сахнаның тозаңын жұтып, шаңына аунап кәніккен сарабдал санаткерлер ғана түйсіне алады деп. Міне, осы сүрлеудің күрделі саласында ең биік шыңында думан құрған осы Бикен апалар. Ол кісілердің айтатыны да көп еді. Ұлтына еңбегі сіңіп, мамандығына адал қызмет еткен нағыз аяулы жандар осы кісілер болатын. Бикен апам: «Жалған дүниенің ең биік шоқтығы ол – өнер» деп айтушы еді. Болат ағам Атабаев театрға керемет жаңалық әкелген дара реформатор ғой, ешкімге ұқсамайтын жаңа дүние жасады. Бірінен кейін бірі сахна төрінен көрерменге жол тартты. Дегенмен бәрі бірдей сәтті шықты деуге келмес, ішінара бірен-саран сәтсіз қойылымдар да болып жатты. Сондай кезде Бикен апам көңіліне жақпаған нәрсені бетіне айтып: «Әй, Болат! Біз басқа заманның өкіліміз деп кешегі алдымызда өткен, алыптар салған сара жолды өгейсітуге ешкімнің қақысы жоқ. Театр не үшін керек? Несімен құнды? Ең алдымен ұлт үшін, сол ұлттың ерекшелігімен бағалы», – деп тыйып тастайтын кездері де бар еді жарықтықтың. Шынымен де сол кездегі театрдың аналары осы кісілер еді. Қазір «министр келе жатыр» десе алдынан елпеңдеп жүгіріп шыға- мыз. Директоры бар, орынбасары бар, әртістеріне дейін жалпаңдап, жаман үйретіп алдық. Ол кезде министрлердің өзі театрға имене басып, иіліп кіретін еді. Бұл кісілердің айтса сөздері қуатты, қараса көздері сұсты еді.

Бикен апай камера объективі өзіне қарай бағытталғанда алдыңғы буын қазақ актрисаларына тән албырау, өзінің табиғи қалпын сақтай алмау секілді толқуды көрмейсің. Керісінше, батылдық бар. Сөзін, образдың негізгі желісін, айтпақ ойын түбіне дейін жеткізе шебер орындап, ажарландыра түседі. Сондықтан да «Қазақфильм» киностудиясы түсірген картиналардағы ол кісі жасаған әрбір образдан қайталанбас мінез, дәл табылған өзіндік штрих, детальдар шынайы өмір лебі еседі.

Сатыпалды НАРЫМБЕТОВ, кинорежиссер

Бикен апа «Мәңгілік бала бейне» қойылымында менің шешемді ойнады. Сол кезде маған «сен бүгін мынаны айт» деп кеңес берсе, келесі жолы «бүгін мынаны айтып көрші» дейтін. Сөйтіп Бикен апамның айтуы бойынша әнімді түрлендіріп отыратынмын. Бір жылдары Баққожа Мұқай ағамыздың «Өмірзаясын» Болат Атабаев ағам қойды. Шындығын айту керек, керемет жасалған дүние болып еді. Маған Ескендірдің рөлін берді, Бикен апам менің анамның рөлін сомдады. Көркемдік кеңеске тапсырған кезде автор мен режиссердің арасында келіспеушілік туындап, жарыққа шықпай қалды. Былайша айтқанда, күйіп кеткен спектакль болды. Болат аға қойған «Мәңгілік бала бейне» ұзақ жыл дүркіретті ғой. «Өмір- зая» да дәл сондай қойылымға айналар еді. Кішкентай ғана түсініспеушіліктен бір қойылымның тағдырына балта шабылды.

Жақсы адамның жүріп өткен жолы, кешкен ғұмыры, сүрген өмірі өзгелерге нұрын шашқан шамшырақ секілді ғой. Бикен апамның бойында тағдырдың талай тезінде биік сана, нұрлы парасатымен дараланған, адасқанды жолға салар, қателескенді жөнге келтіретін, тәлімдіге тәрбие болатын қабілет бар еді. Бізге кешегі қазақ халқының ғажайып өнерін жасап кеткен Бикен апамыздың кинодағы өмірі өз алдына бөлек әңгіме. Халық жадынан өшпейтін қаншама бейнені экран арқылы кейінгіге қалдырды. Өз басым Бикен апаммен кино әлемінде әріптес бола алмадым, ал сахнада сан түрлі қойылымды бірге бастан кешірдік. Болат Атабаев ағамыз Бикен апамның ардақты жары Шахмет Құсайыновтың «Үкілі Ыбырай» спектаклін қойды. Тәжірибемнің жетпегенінен деп ойлаймын, рөлім сәтсіз шықты. Апамнан ыңғайсызданып, алдында кібіртіктеп, жайсыз күйге түстім. Көңіліңдегіні көзіңнен біліп қоятын көреген кісілер ғой. Сол даналығымен маған: «Мына рөлің дұрыс шықпай қалды» деп жасытқан жоқ. Ақырын ғана: «Кейіпкердің көксеген мақсаты не? Көрерменге ұқтырар философиясы қайсы?» деген сауалдарға жауап іздеу керек. Оның үстіне Шахаңның бұл драматургиясының өзі де сәтсіздеу жазылған дүние еді», – деп менің санама түскен салмақты жеңілдетіп, сағым сынып қалмасын дегендей, Шахмет ағаға аудара салды. Мұның өзі апамның ақыл-парасатының да биіктігін көрсетсе керек. 

Адам өмірден соққы көріп, қыспаққа түскенде, болмаса аяулысынан айырылған, қайғы басқан күндерінде тұңғиық терең зынданнан құтылам деген бұлқыныс, серпін пайда болады. Сол бір тың серпін сені тұңғиықтан алып шығады. Бикен Шахмет секілді асыл жарынан айырылғанда есін аудара қиналған, өн бойын улаған қалың ойдан ауруханаға да түсті. Бұл ауыртпалықтан қалай құтыларын білмей шарқ ұрды. Ізденіп жүріп ақыры Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романынан «Абай – Әйгерім» атты пьеса жазды.

Хабиба ЕЛЕБЕКОВА, ҚР еңбек сіңірген әртісі

Бір жылдары Әбіш Кекілбаев ағамыздың «Абылай хан» тарихи драмасын қойдық. Ол астананың Алматы қаласынан Ақмола облысына көшетін кезі еді. Осы қойылымда шашымды тақырлап алдырып тастап, Диуананың рөлін сомдадым. Сахна менің үніммен басталады. Шымылдық ашылғанда аузыммен күңіренген қобыздың дауысын саламын да ары қарай жырға көшемін. Сол кезде Бикен апам: «Әй, Бекжан, сенің осы дауысыңды есту үшін мына Хабиба апаң, Шолпан апаң үшеуіміз елден бұрын келіп, алдыңғы қатарда отырамыз. Шолпан апаң: «Бекжан менің оқушым ғой» деп мақтанады. Хабиба апаң: «Мен Бекжанның үніне ғашықпын» деп тамсанып отырады», – деп аналық пейілдерін білдіруші еді. Осы қойылыммен Астанаға бардық. Сол уақыттағы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев арнайы келіп көрді. Спектакльден кейін театрдың үлкендерін қабылдады. Сонда: «Диуананы ойнаған актер қайда?» деп мені де шақыртып алды. «Елубай Өмірзақов өлмепті ғой. Тірі екен ғой, орталарыңызда жүр ғой» деп ілтипатын білдірген. Қабылдаудан шыққаннан кейін Бикен апам: «Көрдің бе, Бекжан, саған қандай баға берілді. Енді сен сол кісілердің қалдырған өнегесіне адал бол» деп үлкен аманатты айтып еді. Шамамыз келгенше жарқын бейнелері жадымыздан кетпейтін, өнері мен өнегесі өшпейтін аяулы жандар қалдырған аманатқа адал болуға тырысып келе жатырмыз. Шынымен де осы кісілер ұлттық дәстүр тәлімдеріне берік болған буын ғой. 

Жалпы өнер ұлтымыздың рухани асыл қазынасы болғанымен оны жасайтын халықтың ішінен шыққан дарынды қайраткер азаматтары. Солардың ішінде театрымыздың анасы бола білген өнер қайраткері осы Бикен апамыз да бар! Өз басым осындай дара тұрған аяулы аналарымыздың көзін көріп, сөзін тыңдап, батасын алғаным үшін Жаратқанға мың шүкір деймін. Бұл кісілердің әрқайсысы бір-бір мектеп қой. Біз сол мектептен рухани дәріс алған шәкірттерміз. Осы орайда өнерді биік бір шыңға теңейтін болсақ, Бикен апам сол шыңға біткен шынар ағаштың өзі еді. Алып шыңға өзінің талап, еңбегімен шықты әрі сол биікте қала берері сөзсіз!

Бекжан ТҰРЫС,
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

 

Қатысты жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Ішкі істер министрлігі «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

06.08.2026
Жетісудағы вегетациялық кезеңнің барысы

Жетісудағы вегетациялық кезеңнің барысы

06.08.2026
Айманакумов Жетісу облысының дайындығымен танысты

Айманакумов Жетісу облысының дайындығымен танысты

06.08.2026
Comic Con Astana 2026 фестивалi басталды

Comic Con Astana 2026 фестивалi басталды

06.08.2026
Текелідегі өндіріс ұжымымен маңызды кездесу өтті

Текелідегі өндіріс ұжымымен маңызды кездесу өтті

06.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.