Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Шұжығына сұраныс көп

8 қазан 2024
КҮЛТӨБЕ
Шұжығына сұраныс көп
WhatsAppTelegramFacebook

Алакөл ауданының тұрғыны Динара Әділбаева еттен жасалған өнімдер шығарады. Кәсіпкер келіншектің бұл іспен айналысып келе жатқанына 10 жылдан асты.

Талмай еңбектенгеннің арқасында бүгінде ауылдастары тарапынан ысталған қазы-қарта мен жал-жая, құйрық май сияқты өнімдерге сұраныс көп. Ерекше ықыласпен әзірленген тағамдарының дәмі тіл үйіреді. Сөйтіп, 2021 жылы бизнеспен шұғылдануға бел байлаған Динара Әділбаева жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жұмысын жандандыруды ойлады. Шұжық өнімдерін дайындау технологиясын меңгере отырып, қосымша білім алуды да назардан тыс қалдырмай, еліміздің қалаларында қысқа мерзімді оқулардан да өтті.

Кәсіпкер келіншектің сөзінше, өнім жасауға қажет ет тікелей жергілікті шаруа қожалықтарынан сатып алынады. Алдағы уақытта сондай-ақ, өнім түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр. Динара Әділбаева «Бір ауыл – бір өнім» жәрмеңкесіне қатысып, тағамдарын көрмеге қойып, көпшілікке ұсынды. Нәтижесінде өнімдері қазылар алқасының көңілінен шығып, жоғары бағаланды. Осылайша ол жартылай финалға өтті. Ендігі кезекте өнімдері Бренд комитеті мүшелері алдында таныстырылмақ.

Ет тағамдары қазір облыстан тыс жерлерде де саудалануда. Өзге аймақ тұрғындары бұл туралы әлеуметтік желілер арқылы танысып, тапсырыс беруге мүмкіндіктері бар. Өнімдерге сұраныстың көбеюі кәсіпкердің ісін алға жылжытып, кеңейтуге ынталандырып отыр. Бүгінгі таңда ай сайын шамамен 300 келі шұжық пен басқа да ұлттық тағамдар сатылады. Кәсіпкердің цехында 4 адам жұмыс істейді, алдағы кезде олардың саны тағы өседі деп болжануда.

Айгүл Байжұмақызы
Алакөл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

27 қараша 2026
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

27 қараша 2026
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.