Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Соңғы екі жылда Қаратал ауданында 20 жаңа әлеуметтік нысан қолданысқа беріледі

22 тамыз 2025
КҮЛТӨБЕ
Соңғы екі жылда Қаратал ауданында 20 жаңа әлеуметтік нысан қолданысқа беріледі

Жеңіс Ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы екі жылда Қаратал ауданында 20 жаңа әлеуметтік нысан қолданысқа беріледі, соның 9-ы – денсаулық сақтау саласында, 5-і – мәдениет, 6-ы – спорт нысаны. Тағы 6 нысан күрделі жөндеуден өткізілді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың аудан тұрғындарымен кездесуі барысында айтылды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ауданында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 6 ауылда медициналық нысандардың, яғни 5 фельдшерлік-акушерлік, 1 медициналық пункт құрылысы жоспарланған болатын, соның ішінде Дойыншы ауылындағы медпункт қолданысқа берілді. Бұл ретте Қызылжардағы фельдшерлік-акушерлік пункт осы айдың соңында ашылады. Ал Қаражиде, Қанабек, Ортатөбе және Оян ауылдарындағы осындай пункттердің құрылысы қараша айында аяқталады.

— Бұдан бөлек, жақында Алмалы ауылында блокты-модульдік медициналық пункт қолданысқа берілді. Сол сияқты Жасталап ауылындағы осындай нысан және Үштөбеде жедел жәрдем қосалқы станциясына арналған блокты-модульдік кешен осы айдың соңында аяқталады, ал Жаңаталап ауылындағы дәрігерлік амбулатория жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Соңғы екі жылда Қаратал ауданында 20 әлеуметтік нысан, соның ішінде денсаулық сақтау нысандары да салынып 6-уы күрделі жөндеуден өтті Бұл – бұған дейін болмаған көрсеткіш, — деп атап өткен Б. Исабаев әлеуметтік нысандардың материалдық-техникалық базасын нығайту мәселесі де назар аударылып отырғанын атап өтті.

Белгілі болғандай, орталық аудандық аурухананың күрделі жөндеу жүрігізіліп жатқан «В» блогында құрылыс жұмыстары аяқталған, қазір маңайы абаттандырылуда. Биылғы қыркүйек айында Кәлпе, Бастөбе ауылдары мен Үштөбе қаласына 3 санитарлық автокөлік және жыл соңына дейін сандық маммограф, компьютерлік томограф, рентгендік флюорографиялық стационарлық цифрлық аппарат және т.б медициналық құрал-жабдықтар сатып алынады. Ал дәрігер тапшылығын шешу мақсатында биыл 2 дәрігерге 20 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз көтерме жәрдемақы төленіп, 7 дәрігерге Үштөбе қаласынан тұрғын үй берілген.

Ал білім беру саласында Тастөбе ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектеп пен Бастөбе сервистік-техникалық колледжі күрделі жөндеуден өтті. Жаңа оқу жылынан бастап оқушылар жаңартылған ғимараттарда білім алатын болады. Сондай-ақ Көкпекті ауылындағы Ж. Молдағалиев атындағы мектепке балаларды тасымалдау үшін жаңа автобус сатып алынды.

Мәдениет саласы да назардан тыс қалған жоқ. Өткен жылы Ескелді би және Жанаталап ауылдарында блокты-модульді мәдениет үйлері пайдалануға берілсе, биыл Көкпекті ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар Тастөбе, Алмалы және Көпбірлік ауылдарында блокты-модульді мәдениет үйлерінің құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары қараша айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Ауданның спорт саласында да оң өзгерістер бар. Өткен жылы Көпбірлік, Тастөбе және Ескелді би ауылдарында блокты-модульді спорт кешендері орнатылды. Сонымен қатар Қәлпе ауылында жеке инвестордың қаржысы есебінен үстел теннисі кешені салынып, қолданысқа берілді. Алдағы қазан айында Алмалы ауылында тағы бір жаңа блокты-модульді спорт кешені іске қосылады.

Жалпы, 2024–2025 жылдары әлеуметтік нысандарды жаңғырту мен жаңарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде Қаратал ауданындағы инфрақұрылымның жағдайы айтарлықтай жақсарып, бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін болады.

Қатысты жаңалықтар

ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

Бүгін, 09:33
Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

Бүгін, 09:28
Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: қар мен жел күшейеді

Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: қар мен жел күшейеді

Бүгін, 09:23
Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

26 қараша 2026
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

26 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.