Талдықорған: +27°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

СПОРТТЫҚ НЫСАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ БОЛМАЙДЫ

19.08.2023
КҮЛТӨБЕ
СПОРТТЫҚ НЫСАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ БОЛМАЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Өңірімізде жарты жылдың өзінде көптеген спорттық іс-шара ұйымдастырылып, талай спортшыларымыз үлкен ареналардан жүлделі оралды. Осы тұрғыда облыстағы дене шынықтыру және спорт басқармасының салмағы басым. Жаттықтырушылар мен спортшыларға қолдау көрсете отырып, Жетісу жерінде спорттық шараларды үздіксіз өткізіп жатқан басқарманың басшысы Ұлан Рысқұлмен «Спорт күнінде» сұхбаттасудың сәті түсті. Әңгіме барысында басқарма басшысы өзі қызметке келген сәттен бастап ұйымдастырылған додаларға тоқталып, спортшылардың жетістігін айтты.


– ЕЛІМІЗДЕ ЖАЛПЫ СПОРТ САЛАСЫНА ДЕГЕН КӨҢІЛ ЕРЕКШЕ, ҚОЛДАУ ЖАҚСЫ. ЖЕТІСУ ЖЕРІНДЕ СПОРТТЫҢ ДАМУЫ ҚАЛАЙ?

– Президенттің «ҚР дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына» сәйкес облыста спортты дамытуда бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Биыл дене шынықтыру мен спортты дамытуға бюджеттен 20,5 млрд. теңге бөлінді. Президенттің Жолдауында «Денсаулық кепілі – дене шынықтыру» деп атап өтті. Осыған орай, облыс әкімдеріне бұқаралық спортты және спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша тапсырма берілген. Тікелей облыс әкімінің бақылауымен бірқатар істі қолға алдық, жүзеге асырып жатырмыз.

– ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ СПОРТПЕН АЙНАЛЫСУЫНА НЫСАНДАР ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?

– Өткен жылы «Халықты 1000 адамға шаққандағы спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі» көрсеткіші 51,3%-ды құрады. Дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін жалпы 1715 бірлік спорттық нысан бар. Қазіргі таңда Панфилов ауданындағы Жаркент қаласында, Көксу ауданындағы Балпық би ауылында, Ескелді ауданындағы Қарабұлақ ауылында, Ақсу ауданындағы Жансүгіров ауылында жалпы 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істеп тұр. Спортзалдарға деген тапшылықты жою мақсатында, спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

– ТОЛЫҚ АЙТА КЕТСЕК. ӘЛІ ДЕ САЛЫНЫП ЖАТҚАН, БОЛМАСА ЖАҚЫНДА ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛГЕН НЫСАНДАР ЖӨНІНДЕ.

– Қазіргі уақытта, Алакөл ауданының Достық және Лепсі ауылында және Текелі қаласында дене шынықтырусауықтыру кешені және Панфилов ауданы Үлкен Шыған ауылында 90 орынды және Пенжім ауылында 100 орынды спорт кешені және Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылына орталық стадион, Шанханай ауылында күрес залының құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Биыл шілдеде Кербұлақ ауданы Басши ауылындағы күрес залы және маусымда Алакөл ауданы Бескөл ауылында 80 орынды спорттық кешен қолданысқа берілді. Сондай-ақ, Сарқан ауданындағы және Талдықорған қала- сындағы орталық стадионның қайта жаңғырту жұмысының құрылыс-мон- таждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы жылы Панфилов ауданы Үшарал ауылындағы және Сарқан ауданы Ал- малы ауылындағы спорт кешендердің құрылыс-монтаждау жұмыстары бас- талды. Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылына күрес залы құрылысының құжаттары сараптамадан өтті. Биыл Талдықорған қаласында волейболға арналған оқу-жаттығу спорттық кешені және Қаратал ауданы Кәлпе мен Көпбірлік, Ескелді ауданы Көкжазық ауылына блокті-модульді спорттық кешендер салу жұмыстары қолға алынды. Жеке инвестор есебінен Талдықорған қаласында спортшыларға арналған 50 орынды жатақхана мен үстел теннисі орталығының құрылысы басталды.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ есебі- нен Жетісу облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай футбол алаңы салынып жатыр. Текелі қаласындағы «Металлург» орталық стадионның күрделі жөндеу жұмыстарына жоба- лық-сметалық құжаттары әзірленіп, жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп отыр. Жоғарыда аталған спорттық инфрақұрылымның желілерін дамыту бойынша жұмыстар жүруде. Жалпы облыстағы аудан мен қалаларда орналасқан 25 спорт мектебінде 45 спорт түрімен 24509 спортшы шұғылданады. Қазіргі уақытта Жетісу облысының ведомстволық бағынысты спорт мекемелерінің жалпы саны 37 бірлікті құрайды (25 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі; 4 кәсіби клуб). 

Сонымен қатар облыс әкімдігінің қаулысымен биыл «Жетісу облысының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы», «Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы» ашылды және «Мүгедектерге арналған облыстық мамандандырылған спорт мектебі» «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» болып қайта құрылды.

– ЖАТТЫҚТЫРУШЫ, ТӘЛІМГЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІ ҚАЛАЙ, ЖАЛПЫ МАМАН ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?

– Облыстағы спорт нұсқаушыларының жалпы саны 170 бірлікті құрайды. Қазіргі уақытта облыста 819 дене шынықтыру және спорт ұжымы бар, оларда 262 568 адам спортпен шұғылданады. Бұл дене шынықтыру және спортпен айналысатын облыс халқының 37,6 пайызын қамтиды. Спортпен шұғылданушылар саны жыл санап артып келеді. Маман тапшылығы жоқ.

– ЕНДІ ОБЛЫСТАҒЫ СПОРТШЫЛАРЫМЫЗДЫҢ ЖЕТІСТІГІНЕ ТОҚТАЛСАҚ.

– Биылғы жартыжылдықта 15 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 85 спорт шебері, 586 спорт шеберіне кандидат және 202 бірінші разрядты спортшы дайындалды. Алты айда спортшыларымыз барлық деңгейлі жарыстарда (халықаралық, республикалық, облыстық) 1380 медаль (495 алтын, 435 күміс, 450 қола) жеңіп алды.

Әлем, Азия чемпионаттарында облыс спортшылары үлкен жеңістерге жетті. Атап айтсақ, велоспорттан Әлем чемпионы атанған Евгений Федоров, ауыр атлетикадан Азия чемпионының күміс жүлдегері Карина Горичева және қола медальға ие болған Аңдас Самарқанов, Азия чемпионатында жеңіл атлетикадан Аяна Болатбекқызы күміс жүлдегер, грек-рим күресінен Диас Қален, велоспорттан Азия чемпионатында топ жарған Игорь Чжан, Екатерина Удовыкина, Евгения Заам және басқа да спортшыларымыз жүлдегер атанды.

ҚР 4-ші қысқы жастар спорт ойындарында облыс құрама командасы 9-орынға ие болды.

Облыс спортшылары келесі жылы Парижде өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына лицензия алу, жоғары нәтиже көрсету үшін сапалы дайындық жүргізіп, оқу-жаттығу жиындарына қатысу қамтамасыз етіліп, спортшыларға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Алдағы уақытта велоспорттан, дзюдо, ауыр атлетика және садақ ату спорт түрлерінен Олимпиада лицензиясын алу жоспарлануда.

– ЖЕТІСУ ЖЕРІНДЕ ЖАРЫСТАР ҚАНШАЛЫҚТЫ ЖИІ ӨТТІ?

– Облыста спорт түрлерінен 48 аккредиттелген федерация жұмыс істейді. Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, облыс аумағында спорттың әр түрі бойынша спартакиада, турнир және біріншіліктер өткізіледі. Жетісу облысында қаңтар – мамыр айларында: халықаралық 5, республикалық 20, облыстық 110, аудандық (қалалық) 109, ауылдық жерлерде 371 шара өтті.

– СҰХБАТЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

Алуа ОСПАНЖАН

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Жолшы еңбегі – ел игілігі

Жолшы еңбегі – ел игілігі

07.08.2026
Мемлекеттік гранттар бөлінді: тізімді қайдан көруге болады?

Мемлекеттік гранттар бөлінді: тізімді қайдан көруге болады?

07.08.2026
Ауыл жағдайы айтылса

Ұлттық құрылтай – ел бірлігін бекемдейтін қоғамдық диалог алаңы

07.08.2026
Заман талабына сай жаңғырған

Болашаққа бағдар

07.08.2026
Сарыбұлақ тұрғындарының өзекті мәселелері талқыланды

Сарыбұлақ тұрғындарының өзекті мәселелері талқыланды

07.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.