Жетісу жері туралы айтыларда немесе жазыларда міндетті түрде оның алдына «Жерұйық» деген сөз жиі қосылады. Жетісу өз алдына облыс болып бөлінгеннен кейін аймақтағы елді мекендерді, қала құрылысын, ғимараттарды жаңаша көзқараспен сәулеттендіру жұмысы қолға алынды. Соған сай облыста бой көтерген қандай да бір нысан Жетісу өңірінің мақтанышпен айтылатын белгісіне сәйкесіп тұруы керек. Бұл жұмысты облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасы бақылайтыны белгілі.
Аталған басқарманың ақпараты бойынша, бүгінгі таңда облыстағы 358 елді мекеннің бас жоспарлармен қамтамасыз етілу көрсеткіші 100 пайызды құрайды. Дегенмен, қажеттілігіне қарай түзетулер енгізіліп тұратыны анық. Осыған орай биыл Ақсу ауданының Жансүгіров, Сағабүйен, Сағакүрес ауылдары, Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылы, Қаратал ауданының Үштөбе қаласы мен Кәлпе ауылы, Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылы, Сарқан ауданының Сарқан қаласы мен Лепсі ауылы, Балқаш көлінің жағалау аймағы мен Алматы – Өскемен республикалық маңызы бар тасжолының 410-467 шақырымы, Талдықорған қаласы әуежайының және Талдықорған қаласының қалақұрылыс құжаттамасын толық әзірлеу (түзету) жұмысы жүргізілуде. Аталған қалақұрылыс құжаттамалары бойынша қоғамдық ұйымдар, әкімдіктің жауапты құрылымдық бөлімдері және коммуналдық мекемелердің қатысуымен қоғамдық талқылау жүргізілуде.
Кейінгі жылдары жаңадан салынатын тұрғын үйлердің саны арта түсті. Осы жұмысты жүйелеу үшін басқарма тұрғын үйді пайдалануға беру жөніндегі деректерді мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізуді қадағалап отырады. Бүгінгі таңда бұл тұрғыда ешқандай заң бұзушылық кездеспепті. Облыс бойынша қаңтар-маусым айларында бекітілген жоспарға сәйкес 115545 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, бәрінің де құжаттамасы заң талаптарына сай келеді. Осыған байланысты қаңтар-мамыр айлары аралығында аудандық және қалалық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімдерімен «Құрылыс және реконс-трукциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобасын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» бойынша 1215, «Эскизді (эскиздік жобаны) келісу» бойынша 947 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 24-бабы және «Діни қызметінің саласында мемлекеттік қызмет көрсету ережесі» негізінде басқарма діни ғимараттар салу және ғимараттарды қайта құру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізіледі. «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасқан жерін айқындау туралы шешім беру», «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлеріне (ғимараттарын) қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» бойынша 2 өтінішті қанағаттандырған.
Айта кетерлігі, биыл аталған басқарма тарапынан «Жетісу облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» жобасы әзірленіп, облыстық мәслихат тарапынан бекітілді. Сондай-ақ, «Қылмыстық құқықбұзушылықтар картасы» интернет-порталын құру мақсатында облыстың барлық елді мекендерінің электрондық картасы әзірленді. Нәтижесінде облыстағы елді мекендердің мекенжайларын түгендеу бойынша жұмыс толығымен орындалды. Сонымен қатар, электрондық картаны өзектендіру мақсатында тоқсан сайын жаңа салынған нысандарды картаға енгізу жұмысы назарда ұсталады. Өзектендірілген электрондық картаның көшірмесі әр жарты жыл сайын ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментіне жолданады.
Қажет АНДАС