Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Талдықорғанда жаңа төселген жол қайта қазылды

20 қазан 2025
КҮЛТӨБЕ
Талдықорғанда жаңа төселген жол қайта қазылды
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласында қай мезгіл болмасын жол мәселесі өте өзекті. Әдеттегідей, жыл сайын көше бойында қазылған ор, аршылған асфальт, тозған жылу желілерін ауыстыру көрінісі қайталанады. Қала тұрғындары мұндай көрініске үйреніп те қалғандай.

Биыл да жағдай басқаша болған жоқ. Әуелі Рүстембеков көшесі толық қырып, жаңадан асфальт төселді. Бұрын көлікпен жүрудің өзі мұңға айналған бұл көше бүгінде тегіс әрі көрікті кейіпке енген. Артынша Гагарин көшесінде де үлкен жөндеу жұмыстары қолға алынып, Шоқан Уәлиханов көшесінің қиылысынан бастап Назарбаев даңғылына дейін жаңа жабын төселді. Күн сайын көлік жүргізетін қала тұрғындары бұл өзгеріске дән риза еді.

Алайда қуаныш ұзаққа созылмады. Күні кеше ғана Гагарин көшесінің Қабыл Иса жырау көшесімен қиылысар тұсы тағы да қазылды. Әлі иісі кете қоймаған жаңа асфальттың ортасында қайтадан техника тұр. Бұл жолы тағы да жылу желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді. Бірақ тұрғындардың көңілі күпті: «Жол қырып жатқанда неге алдын ала есептемейді? Неліктен түрлі қызметтер өзара келісіп алмайды?» деген сұрақ жиі қойылуда. Тіпті, «Шыңғыс ханның алтынын іздеп жатыр» деген де сөздер айтылуда.

Қазір қазылған жердің тағдыры белгілі – біраз уақыттан соң үстінен жамау салынады. Нәтижесінде жаңа жолдың сәні мен сапасы бұзылады. Мұндай көрініс Талдықорған үшін, өкінішке қарай, жыл сайынғы қалыпты жағдайға айналған.

Қала тұрғындары мен жүргізушілер жергілікті биліктен бір ғана нәрсе күтеді – жұмысты жүйелі жүргізу. Яғни жол жөндеу мен инженерлік инфрақұрылымды жаңарту қатар жоспарланып, бір ретте, сапалы жасалса деген үміт бар. Әйтпесе, жаңа асфальттың ғұмыры жыл сайын қысқарып, шаһардың жолдары «жамау-жамау» күйінде қала бермек.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

Бүгін, 15:59
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

Бүгін, 15:24
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Бүгін, 15:03
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Бүгін, 12:50
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.