– Шараның мақсаты – сарбаздарды елін, жерін сүюге, бірлік пен ынтымақтастықты жақтауға, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға, ұлттық құндылықтарымызды мақтан етуге тәрбиелеу. Мұндай қарекетпен біз «Біртұтас Ел – Біртұтас Жер» қағидасының идеологиялық мазмұнын сарбаздардың сезінуіне жағдай жасадық, – дейді 54380 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Асхат Оспанов.
Мұражайды аралау сәтінде сарбаздар көптеген тың мәліметтерден құлағдар болды. Мұражай қызметкерлері көне тарихтың куәсі болған құнды жәдігерлерді таныстырды.
Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі