Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТЕКТІ СӨЗДІҢ ТӨРЕСІ

15 тамыз 2018
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

        Бүгін салт-дәстүрімізді санада сақтап, мәдениетімізді қадірлейтін ерек кезең. Біз сол үшін де ата-бабамыздан қалған саз – күміс, ән – алтын ұғымын тереңнен сезінуге тиіспіз. Расымен де сәнді саз бен әуезді әнге құрылған, сан ғасырлық тарихы бар, халық музыкасының ең бай арнасы жыраулық өнерден жырақтамауымыз керек. Осы орайда елімізде атқарылып жатқан іс-шаралар ауқымы кең. Дәстүрлі түрде, жыл сайын жаңа рәуіште жарқ ететін термешілер байқауының бұл жолғы ерекшелігі де жетерлік. Тіл сарайына жиналған, өлең десе елеңдеп, өнер десе ішкен асын жерге қояр жұртшылық осыған дәлел болса керек.

 

   Ұлттық өнердің мәйегі болып табылатын термешілер байқауы киелі мұраны дәріптеп, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды, ғасырлар аманатын арқалап, бабалар тілегін ту етуді мақсат тұтады. «Текті сөздің төресі – терме» атты облыстық термешілер сайысына облысымыздың түкпір-түкпірінен 20 орақ тілді, от ауызды жыраулар келді.  Олардың бәрі тіліміз бен музыкамызды тұғырдан танытып, жоралғыларымыз бен ұлттық рухымызды асқақтатуды арман етеді. Сондай-ақ, Абай даналығынан бастау алған, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбыл жырлары мен Құрманғазының күйлері көкте самғап, жақсылықты жақсылыққа жалғап, бабалар үнін бүгінгі ұрпаққа арнап дәріптемек. Міне, осындай мәдениетіміздің бір парасын биіктен көрсетуді қалаған шараның жүйесі де өзгеше. Жыршылар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында елге, жерге, Астананың 20 жылдығына арнап әуелетуі алғашқы шарт болса, олардың сахна мәдениетін сақтауы, күндіз-түні жырлаған бабалар біліктілігін ақтауы да байқаудың басты талабының бірі.
       Халық поэзиясын асыл қазынасына айналдырған үміткерлерге облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары, ақын  Нүсіпбай Әбдірахым, ҚР Мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші Абылай Қармысов, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Туғанай Рахымберлина төрелік етті. Байқау қатысушыларын шынайы бағалап, жүйрігін даралаған әділқазылар алқасы айтылған әр сөзге айрықша ден қойды. Кезінде халық сүйенішіне айналған жыраулық өнердің бүгінгі сарқыты қандай деңгейде? Біз мұны  сәнді сөз бен орамды ойдың салмағын көрсетер өлеңшілер өнерінен байқадық. Айтулы шара шымылдығын Нүсіпбай Додабайұлы «Алатаудан, Арқадан ақындарым келіпсің, Тілдерінен бал тамған жақындарым келіпсің», – деп жырдан дауыл тұрғызған Жамбыл сөзімен ашты. Дарындының дарындысы бақ сынасар сәт екенін де еске салып, терме өнерінің еліміздің батысы мен Сыр өңірінде айрықша дамығандығын айтып өтті. Бірақ бұл Жетісу жерінің жыраулық дәстүрден кенжелеп қалғанын көрсетпейді. Әділқазылар алқасының төрағасы Кенен, Үмбетәлі, Жамбылдан келе жатқан сан-салалы өнердің  қан арқылы ғана ұрпақтан-ұрпаққа көшетіндігін де сөзге қосты. Сондай-ақ, жыраулық әр адамға беріле бермес, ерекше қабілетті қажет етер өнер екенін үндеп, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі.
         Жеңістен үмітті жыршыларды бағалау кезінде шығарманың ұсынылған тақырыпты қамтуы міндеттелді, шығарма өзектілігі мен орындау шеберлігі де ескеріліп, бір туындыға 7 минуттан уақыт берілді. Фонограммаларды пайдалануға тыйым салынып, терең философиялық толғаулар жоғары бағаланды.
        Қатысушылар түрлі жыраулардың туындысын тебірене орындап, талайдың таңданысын туғызды. Кейбірі өзі жазған шығармасына өзі мақам қосып, мәнін арттырды. Дегенмен, белгіленген тақырып аясында айтылған әуеннің тым аздығы үміткерлер дайындығының төмендігін аңғартты. Әр аудан, қаладан келген сайыс саңлақтары өзара бәсекелестікте оза шауып, мәреден көрінуге талпынып-ақ бақты.
         Кіл жүйрікте кім жүйрік екенін әділ шешім шығарған әділқазылар жеткізді. Олардың бағалауы бойынша, мәтінге мән бермегендер қатары көп болған. Сондай-ақ, кейбір терменің көркемдік жағы да  сын көтермеген. Алайда жыраулық жолға ден қойғандар өз биігінде қалуға барын салып, жүлделі орындар алып қайтты. Байқау қорытындысы бойынша Іле ауданынан келген Нұрболат Қосанов пен талдықорғандық Ұлжан Бақтияр, Кеген ауданының үміткері Гүлбақыт Баймұхамет 60000 теңгеге қол жеткізіп, үздік үшіншіден көрінді. Ал көксулық Есхат Нұрәлі мен Алакөлден ат терлетіп келген Рауан Ексілов екінші орын иеленіп, 80000 теңге сыйақы иегері атанды. Өңіріміздегі жыраулық өнердің жандана түскен аймағы Жамбыл ауданынан жеткен Ұлжан Аглакова бірінші орын иегері атанып, 120000 теңгені қанжығасына байлады. Республикалық жыршы-термешілер байқауына жолдама алып, дәл осы сайыста жұлдызы жанып, көпшілік үздік деп таныған талдықорғандық Дархан Серік мәре сызығын бірінші болып кесті. Кез келгенге қона бермес кие бойына дарыған бас жүлдегер республикалық байқауда артылған сенім мен үкілеген үмітті ақтауға барын салатынын өлең жолдарымен жеткізді.

Құралбек СӘБИТОВ. 

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

Бүгін, 16:05
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

Бүгін, 15:00
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Бүгін, 14:48
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Бүгін, 14:45
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

Бүгін, 14:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.