Талдықорған: -7°C
$ 486.20
€ 557.82
₽ 6.00
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНДА ТЕР ТӨККЕН ӘУЛЕТ

14.01.2025
КҮЛТӨБЕ
ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНДА ТЕР ТӨККЕН ӘУЛЕТ
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде саналы ғұмырын еңбек жолына арнаған жандар баршылық. Солардың бірі – шойынжол үстінде жүйіткіген отарбаның қай бағытта жүретінін айқындап отыратын, вагондарды жалғап, қаншама адамның тағдырына жауапты жұмысты абыроймен атқарып келе жатқан  Светлана Әбішева. Бірнеше буын ұрпақ өкілдері үзбей еңбек етіп келе жатқан кейіпкеріміздің отбасы теміржолшылар династиясы санатынан.

         Үштөбе қаласындағы теміржол бекетіне келдік. Айнала тым-тырыс. Перронда арнайы киім киіп, қолдарына саймандарын алып теміржол бойында тынбай жұмыс істеп жүрген жұмысшылардан басқа ешкім көрінбейді. Үштөбе теміржол стансысының кезекшісі Светлана Әбішеваға жолықтық.  40 жылдан астам ғұмырын бір ғана салаға арнаған кейіпкеріміз теміржолшының қызы. Оның әкесі Наурызбай да саналы ғұмырын осы салаға арнап, отбасын асырапты. Күн-түн демей перронда зымыраған отарбаны реттеп, адал еңбек етіп, отбасын асырап жүрген әкесін көріп өскен ұл-қыздар осы салада жұмыс істейміз деп шешеді.

– Мен көпбалалы отбасынан шықтым. Жанұяда 11 баламыз. Шойынжолдың қасында тұрғандықтан және әкеміз осы салада қызмет істеген соң біз үшін теміржолшыдан асқан мамандық болмады. Бәріміз асқар тау әкеміздің жолын жалғап, 11 баланың төртеуі теміржолшы атанды. Шүкір, әке жолын жалғағаныма мақтанамын. Теміржол саласында жүріп, бақытымды жолықтырдым. Отағасы Мұрат Биболов та  осы салада еселі жұмыс істеген құрметті теміржолшы, – дейді еңбек адамы.

Теміржолшылар отбасы бір ұл, бір қыз тәрбиелеп өсіреді. Ұлы Нұрлан да анасының жанында, стансы кезекшісінің көмекшісі болып қызмет істейді.

– Мен де шойын жолдың бойында өстім. Бала күнімде ата-анама еріп жұмысқа келіп алатынмын. Осының барлығын көріп өскен соң ба, теміржолшы болуға қатты қызығушылығым артты.  Ендігі арманым – балаларым да ізімді жалғаса екен деймін, – деді Нұрлан Биболов. 

Еңбек жолын 1984 жылы Үштөбе теміржолында оператор қызметінен бастаған Светлана Әбішева әр жылдары түрлі қызметте жұмыс істейді. Бүгінде ол отарба қай бағытта жүретінін айқындайтын кезекшілікті абыроймен атқарып келеді.   Маманның мәлім де беймәлім жұмысының қаншалықты қиын екенін көріп қайттық. Шойынжолға бір тәулікте 500-ге жуық вагон келеді. Сондықтан күніне 17 адам кезекшілікке түседі.

– Жұмысқа ерте жиналамыз. Себебі, мамандардың көбі дәрігерлердің тексеруінен өтеді. Денсаулықтары жарап, жұмысқа дайын болса стансы кезекшісі құжаттарын тексереді. Егер денсаулықтары жарамай қалса басқа топ шақыртылады. Әр жұмыстың өз уақыты бар. Бір отарба 72 минут жиналады. Жұмыста 12 сағат тапжылмай отырамыз. Себебі, біздің мамандық қателікті кешірмейді, – дейді кейіпкеріміз.

Майталман теміржолшының 41 жылғы адал еңбегі, тыныссыз жұмысы еленіп, әр жылдары түрлі адал, тынымсыз жұмысы марапат алған. Зейнет жасына жақындап қалған білікті маманның басты байлығы отбасы мен немерелері. Еңбек адамы зейнетке шығып, немерелерінің ортасында отыруды армандайды.

 

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Онкологиялық аурулардан болатын өлім 14%-ға төмендеді

Онкологиялық аурулардан болатын өлім 14%-ға төмендеді

16.03.2026
Бұрынғы әкім қазір такси жүргізушісі болып жүр

Бұрынғы әкім қазір такси жүргізушісі болып жүр

16.03.2026
Референдум күні Қазақстанда 585 сәби дүниеге келді

Референдум күні Қазақстанда 585 сәби дүниеге келді

16.03.2026
Қазақстандағы банкроттық пен оңалту: Кәсіпкерлер құқығы қалай қорғалады?

Қазақстандағы банкроттық пен оңалту: Кәсіпкерлер құқығы қалай қорғалады?

16.03.2026
Шекарашы отбасылар арасында шығармашылық байқау өтті

Шекарашы отбасылар арасында шығармашылық байқау өтті

16.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.