Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТІЛ ТАҒДЫРЫ — ҰЛТ ТАҒДЫРЫ

24 қыркүйек 2024
КҮЛТӨБЕ
ТІЛ ТАҒДЫРЫ - ҰЛТ ТАҒДЫРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Мемлекеттік тілді меңгеруде белсенді білім стратегияларын тиімді қолданудың инновациялық аспектілері». Дәл осындай тақырыпта Тіл сарайында семинар өтті.


Заманауи талапқа сай мемлекеттік тілді меңгерудегі жаңа бағыт бойынша ғылыми ізденістер мен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің инновациялық және әдістемелік негізде тәжірибе алмасу мақсатында өткен басқосуды «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Ескелді аудандық филиалының меңгерушісі Әйгерім Молдабаева ұйымдастырды. Семинарға Ескелді ауданына қарасты барлық мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. 

Облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Жеңіс Жолдыбаев ана тілі жайлы ой қозғап, әлеуметтік желідегі әріптік қатеге, мемлекеттілік пен сауатсыздыққа кеңінен тоқталды.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Мұратбек Иманғазинов «Білім мен ғылым интеграциясы және еуропалық білім кеңістігі» тақырыбында дәріс оқыды. Ғалымның айтуынша, интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда  білім беру ұйымдарындағы білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін, ғылымды қазақша сөйлететін жас ұрпақ санын арттырса ғана ұстаздардың жұмысы жемісті болмақ. 

«Тілдік тұлға моделі» бойынша баяндама жасаған   І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Сайлау Қожағұлов тұлға қалыптастыру жолында ең бірінші ана тілін қастерлейтін, құрметтеп-қадірлейтін маман тәрбиелеуде ұстазға жауапкершілік жүгі көп артылатынын атап өтті. Ал облыстық «Jetіsý» газетінің тілшісі Еңлік Бауыржанқызы «Мемлекеттік тілдің БАҚ-тағы көрінісі» тақырыбында ұстаздармен пікір алмасып, БАҚ арқылы қазақ тілінің мәртебесін асқақтату қажеттігін жеткізді. 

Семинардың екінші бөлімінде  Көксу аудандық филиалының меңгерушісі Олжас Қойшыбеков «Тілді оқытуға арналған платформалар» тақырыбында шеберлік сағат өткізіп, ұстаздарға қажетті бірнеше платформа ұсынды. Филиал меңгерушісі, PhD докторанты Әйгерім Болатбекқызы «Мемлекеттік тілдің функционалдық дамуы» атты баяндама оқып, семинарға қатысушылармен кері байланыс орнатып, пікір алмасты. 

Семинар соңында облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Жеңіс Жолдыбаев ұстаздарға семинар жұмысына қатысқандарын растайтын арнайы сертификат табыстады. 

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

27 қараша 2026
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

27 қараша 2026
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.