Талдықорған: +32°C
$ 490.21
€ 566.93
₽ 6.81
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТӘРБИЕЛІ ҰРПАҚ — ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

21.12.2024
КҮЛТӨБЕ
ТӘРБИЕЛІ ҰРПАҚ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Ұлым деген жұрт болмаса, жұртым деген ұл қайдан шығады» деген Ахмет Байтұрсынұлының ұлағатты сөзінде қаншама тәрбиелік мән жатыр. Ата-ана балаға бар мейірімін аямай кішіпейіл, қайырымды, мейірімді тұлға етіп тәрбиелесе, ертең елім дейтін азамат болып өсері хақ. Себебі, мейірімділікке сусындап өскен бала жүрегі жұмсақ, кешірімді, қайырымды болып қалыптасары сөзсіз.


Баланы бала деп қарамай дос, сырлас жан ретінде қабылдау – оны сенімділікке жетелейтін бірден бір жол. «Адам ақылымен сымбатты, ұрпағымен қымбатты»! Демек, білімді бала ата-ананың ғана емес, ел-жұртының да мақтанышы болмақ. «Әке жүрегі – таудан үлкен, ана – жүрегі теңізден терең» деген тәмсілден түйеріміз – баланы ата-ана мейірімі сусындатады. 

Ұлы мен қызын жастайынан көрсеқызарлық, мақтаншақтық, даурықпа сөзден аулақ болуға баулу әр ата-ананың міндеті. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы: «Басында бұлағы бар өзеннің ұзақ ағатыны секілді, өнегелі ата-ананың тәліміне сусындаған бала – адал, еңбексүйгіш, бауырмалдық рухта ер жетсе, мектеп, қоғам тәрбиесін де бойына тез сіңіреді», – десе, кемеңгер Абай бабамыз: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, содан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – зұлымдық», – деп түйіндеген. Ал француз ойшылы Паскаль: «Адам неғұрлым ақылды, мейірімді болған сайын соғұрлым өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді», – деген. Ұлылар үндестігі осындай болса керек. Осы ойшылдардың сөзін күнделікті қолдана білудің кемеңгерлік екені аян. Ұлтымыздың дара тұлғасының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Жылы жүрек, тәтті тіл, берекені берер, біл. Ащы сөзді өзімшіл, өнері оның қалар тұл. Қатесін тапсаң жұмсақ айт, ызаланбай сабыр қыл», – деп адам баласына керек ізгі қасиетке үйір болуға шақырады. Даналарымыздың осындай қорғасын ойларын бала жүрегіне ұялата білсек, нұр үстіне нұр болар еді. 

Қорыта келгенде, тәрбие – талбесіктен, ана әлдиінен, бесік жырынан, әже ертегісінен, ата тәлімінен, аға ұлағатынан сусындап, бала жүрегіне барары сөзсіз. Бала мен жастар тәрбиесі – күрделі іс. Балаға қамқорлық жасау – елдің болашағына қамқорлық жасау. Бағзы заманнан халқымыз жас ұрпақты тәрбиелеудің қарапайым түрін шебер пайдаланған. Әжелеріміз баланы ұйықтатқанда батырлық, жомарттық, мейірімділік, Отан, ел-жері туралы ертегі, дастандарды бесік жырына қосып айтатын болған. Осы ана әлдиін, бесік жырын баланың құлағына сіңіріп, жүрегіне жеткізу арқылы терең философиялық мәнін түсіне отырып, ұрпақ болашағының бұлыңғыр болмайтынына көз жеткізген. Сәби сол тыңдаған жыр-дастан, ертегілер арқылы тәрбиеленген. Сол тәрбиелік мәні зор бесік жырын, жыр, дастандарды есіне сақтап, адамгершіліктен аспайтын, жамандыққа баспайтын, елін-жерін сүйетін азамат болып шыққан. Бала тәрбиесі, тек ата-аналар мен мектептегі мұғалімнің ісі ғана емес, ұлт болашағын, ұрпақ келешегін ойлаған әр адамға ортақ дүние. Балалар мен жастарға абыз қариялар өсиетін көп тыңдату өте маңызды. Жан-жақты тәрбие алған бала, яғни, жастар еліне, халқына адал қызмет етеді. Елінің мақтанышы, мықты азаматы болып шығады. Ел ертеңінің кемел болуы болашақ ұрпақтың қолында. Сондықтан елім, жерім дейтін ұл-қыз тәрбиелеу баршамызға ортақ парыз!

Нұржан Кәпқызы,
№17 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

10.06.2026
Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

10.06.2026
Бірлікті нығайтқан өнер

Бірлікті нығайтқан өнер

10.06.2026
Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

10.06.2026
Болашақ су мамандарына 750-ден астам грант бөлінді

Болашақ су мамандарына 750-ден астам грант бөлінді

10.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.