Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТӘРБИЕШІЛІК — ТӘЛІМДІ ІС

12.12.2024
КҮЛТӨБЕ
ТӘРБИЕШІЛІК - ТӘЛІМДІ ІС

Бала тәрбиесі қашанда үлкен маңызға ие. Оған ыждағаттылық, түгесілмес төзім, кең ұғымдағы даналық қажет. Бүлдіршінге тәлім беруде жалығуға жол берілмегені дұрыс. Мейірім, жанашырлық сезімдерімен берілген білімнің қадір-қасиеті қашанда жоғары болмақ.


Өмірімдегі ең  қасиетті мамандық – тәрбиешілік дер едім. Әсіресе  балабақша тәрбиешілері күн дидарлы кішкентай сәбилердің алғашқы дүниетанымын қалыптастырып, балдай тәтті тілінен шыққан үнге елітіп, баламен балаша ойнап, мәре-сәре болып жатады. Сондай көңілі даладай кең, жаны нұрлы, келешек ұрпақ үшін бар жақсысын беруге даяр жандардың еңбегі әруақытта ерен.

«Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы», – деген хәкім Абайдың айтқанын ұстаным етсек тура жолдан тайқымайтынымыз хақ. Бабамыз өсиет еткендей, бүгінгі тәрбиешілер де бүлдіршіндерге  мейлінше нұрын  төгуге  тырысады десем артық айтқандығым емес. Әр ұйымдастырылған іс-әрекеттерде  балаларды ертегі әлеміне жетелеп, қуыршақтарды қатыстыру арқылы қызықтыру үлкен еңбекті талап етеді. «Ойын ойды дамытады» демекші, мектепке дейінгі мекемелердегі ұстаздардың әр іс-әрекеттері  ойынға негізделген. Оның барлығы баланың санасына білім шуағын түсіру үшін жол ашу екенін ұғынамыз.

Әр баланы балабақшаға кіргеннен амандасуға, тазалық, тәртіпке, қоғамдық орында өзін-өзі ұстауға, сөйлеу мәдениетіне үйрету тәрбиешінің негізгі міндеттерінің бірі. Осы ретте дәстүрлі жолдан жаңылмай келе жатқанымызды айта кеткен жөн. 

Балаларға әріптер мен сандарды танытуда кубиктермен жұмыс жасап, олардың қызығушылығын арттыра түсу керек. Сонда ғана бүлдіршіндердің оқуға қызығушылығы оянып, айтқан ақылды мұқият қабылдайды. Тәрбиеші әр баланың даму қасиеттері әртүрлі екенін ескеріп, жан-жақты тапсырмаларды дайындап отыруы керек. Сергіту жаттығуларына көп көңіл бөлген дұрыс, бірақ баланы шаршатып алмаған жөн.
Ел келешегі үшін аянбай тер төгу тәрбиешінің басты міндеті.

                                    Динара КАЛИЕВА,
«Балбөбек» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі
Қарашоқы ауылы,
Кербұлақ ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.