Талдықорған: +17°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТРЕНД ТРАГЕДИЯСЫ

22.12.2024
КҮЛТӨБЕ
ТРЕНД ТРАГЕДИЯСЫ

«Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді». Бұл бұрынғының нақылы. Кейде ойлайсың, өткен заманның нақылы сол дәуірдің адамына ғана арналғандай. Дәл солай! Қазір де жұрт секіреді. Бірақ тоқтықтан не жоқтықтан емес. Енді не үшін? Тренд үшін!


Әлемжелі шыққалы тренд дегеннің бес елі бағы ашылғандай. Маңайға қараңызшы, қаптаған тренд, оттаған тренд және ар-намыс дегенді аяққа таптаған тренд. Қазір өртеген тренд, ертең өртенген тренд. Бүгін киінген, ертең шешінген тренд. Не үшін? Топшылап ойланғандар бар ма? Бастың аяқасты екеу болып өспесін білсек те трендті тірлікке, тұрмысқа арқау етіп, қоғам, отбасы құндылығын құнсыздандырып жүрген жоқпыз ба? 

Желіні ашыңыз. Қараңыз. Ана бейнені көрдіңіз бе?! Босануға бірер күні қалған келіншек ішін жарқыратып күйеуімен дайындық үстінде. Шермиген іштен кіндіктің «болмыс-бітімі» айқын байқалады. Сол кіндіктің үстіне доңғаланған динамиттің суреті салыныпты. Оттығы алаулап тұр. Бейнедегі ерлі-зайыпты жүгіре басып төргі бөлмеге озды. Жарылыс. Бет-аузын түтін арасында болғандай етіп бояған әлгі екеу шығып келеді. Қолдарында нәресте. Тамаша қойылым. Бірақ нені ұмыттық? Жұрт көзі түспеуі тиіс кіндікті ұмыттық! Кіндік – төрі қасиетті құрсақ. Құдайдың қалауымен қанша тіршіліктің атой салып дүниеге келген құрсақты көрсетіп оның қасиетін жоймаймыз ба? Қадір-қасиетін қашырмаймыз ба? Бұрынғы баба жұрттың жарлары шермиген ішін көрсетпек түгілі аяғы ауыр екенін білдірмеуге тырысқан. Әкесінің не бауырларының көзінен таса жүруге ұмтылған. Жалпы, ер-азаматтың көзіне түспейтін.

Дана қазақ «Сумаңдаған тілден, сұқтанған көзден сақта!» дейді. Әлемнің басқа ұлтын білмеймін, сол әфсананы айтқан қазақта тіл тию, көз тию деген «ауру» бар. Әлімсақтан көзмоншақ тағатын жұртта көз өтудің сан тәмсілі табылады. Оған сіз де, біз де бірер мәрте куә болдық. Ал не нәрсе көп айтылса, не дүниеге көз көп түссе сол қасиетін жоғалтатыны бесенеден белгілі. Осыдан кейін кіндік жарқыратып, қасиетті мекеннің қадірін қашырып жатпадық па?! 

Мысалдан мысалға… Тест деген бар. Балаларды әлекке салатын ҰБТ емес, бір не екі сызық көрсететін, сол арқылы жүкті екенін дәлелдейтін құрылғы. Өзі дәреттің «қуатымен» жұмыс істейді. Қалай екенін айтпасақ та түсінікті. Сол тестті жарқыратып күйеуіне дастарқан басында көрсетіп, екі «мұңлық» тестті әлсін-әлсін қолына ұстап, артынан мамыражай қуаныш құшағында тамақтанып отырады. Ескерген кім бар? Дәреттен шыққан тестті! Дәретсіз бала емізбеген дарқан аналардың ұрпағы детектор шыққанды қолға ұстап, тамақтанып отырғаны қалай?! Әлде трендтеп жүріп батыстық трагедияға ұшырап барамыз ба?

Трендтің ең сорақысы – жыныстық «сауат ашу»! Бұрынғының қазағы бұл тақырып жөнінде бейхабар болған-ау. Содан болар, балаларының саны оннан әріге құлапты. Мұны ескерген «ғаламтор ғұламалары» жыныстық сауат ашуға көшіпті. Көтерер тақырыбы – еркек не істеу керек, әйел қалай қарекет етуі керек? О, тоба! Желіні ашып көріңізші. Қазақ он баладан дүниеге әкелуді жыныстық сауатсыздықтан жүзеге асырып па? Айтпаса сөздің атасы өледі, қай тақырыпта да қазақты «білімсіз ету» кімге опа? Баба жұртта жеңге деген бар, сол қыздың білімін жетілдіреді. Жетілдіруі тиіс. Үлкен өмірге бейімдейді. Сосын сүйгеніне қосады. Ал қазір блогердің дені интернеттегі интим тақырыптың падишахы болып алған. Кей жұрт сұраныстан деп састырады ғой. Жеңгелер жеңгетайлық міндетінен жаңылған соң осындай «ғұламалар» көбейіп барады. 

«Әке тұрып ұл сөйлегеннен без», «Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық», «Алты ағайын бірігіп әке болмас». Бұл да данышпан Алашұрандылардың бүгінгіге қалдырғаны. Дейтұрғанмен, заман азды ма, адам азды ма?! Заман азбайды, ол уақыттың өлшемі. Адам азған болар. Азғандықтың белгісі әкені ермек қылу, мазақ ету. Қазіргі трендтің бір сорақысы осы. Бірі – желісінде келеке етеді, бірі – шылым сұрап, әкесінің шытынаған сәтін бейнеге түсіреді. Мақал өзгерсе ешкім сөге қоймас, құдды «Атың шықпаса әкеңмен ойна» дегендей. Әкеден именбес ұл өсіп, қарттыққа бағыт алғанда жұрт алдында баласының келемеждеуі ел алдындағы абыройын төгу емес пе?! Бір-бір отбасының асқар тауы осылай арзан күлкі үшін шөге берсе, қоғамдық құндылық аяққа таптала бермей ме?!

Жалпы, тренд, хайп дегеннің қазаққа опа бергені шамалы. Дені батыстың лаңымен ұлттық тамырдан ажыратуды көздейді. Бірі – ит қылады, бірі – битке телиді. Абайды қатынқұмар, Мұқағалиды сорлы еркекке айналдырады. Салт пен сананы, дана мен дараны аяққа таптап, құндылықтарды ойран етеді. Себебі тренд қуғандар ұлтты емес, қара бастың қамын ғана ойлайды. Тренд деп жүріп жұртты трагедияға сүйреп жатқанын ескерсек игі!

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.