Талдықорған: +35°C
$ 476.75
€ 541.59
₽ 6.06
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТҮРКИЯДАҒЫ ҒАСЫР АПАТЫ

13.02.2023
КҮЛТӨБЕ
ТҮРКИЯДАҒЫ ҒАСЫР АПАТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Тұтас Түркияны сарсаңға салған қайғылы жағдай үлкеннің де, кішінің де қабырғасын қайыстырды.  «Ғасыр апаты» ретінде сипатталған бұл үлкен жер сілкінісі 500 шақырымдық аумаққа әсер етті. Онда барлығы 13,5 миллион адам тұрған.  Түркияның 81 қаласы жұдырықтай жұмылып, зардап шеккен аймаққа қол ұшын созып жатқанын тұтас әлем көріп отыр. Апат аумағындағы жұртқа киім-кешек пен қажетті заттар тиелген жүк көліктері күн-түн демей ағылып жатыр.


Бір қуаныш, бір үміт.  Үйінді астынан 130, 140, 150 тіпті,  160  сағаттан кейін де аман-есен құтқарылғандар бар. Адамзаттың сусыз 4 тәулік қана өмір сүру ықтималдығы бар екенін ескерсек,  мұны нағыз ғажайып десек болады. Газиантептегі Нұрдагы ауданында 155 сағаттан кейін 9 жастағы бала құтқарылған. Оны муниципалитеттердің іздеу-құтқару топтары Семих Эге Инджені Юнус Кая тұрғын үй кешені үйіндісінің астынан тапқан. Тағы бір жағдай туралы айтсам, көпқабатты үйлерді тексеру барысында құтқарушы көмекке шақырған дауыс естиді. Үмітін үкілеген халық  бар күшін дыбыс шыққан жаққа бұрады.  «Инемен құдық қазғандай» еңбектің нәтижесінде  44 жастағы Наиме Шакар қоқыстың астынан тірі құтқарылды. 165 сағат бойы  төзімділігімен таңғалдырған азаматты  жұрт қол шапалақтап қарсы алып, өмірге қайта келуімен құттықтап  жатты. Жер сілкінісінен кейінгі 166-шы сағатта тағы бір таңғажайып оқиға орын алды. Адыяман провинциясына қарасты Бесни  ауданында қираған ғимараттың  астында  қалған 60 жастағы Еренгүл Ондер  тірі құтқарылды. 

Еріктілер мен кәсіби мамандар күн-түн демей құтқару жұмысын жалғастыра берді. Ал 170 сағаттан кейін жермен жексен болған 5 қабатты заманауи тұрғын үйінің қазба жұмыстары еңбектің еш еместігін көрсетті.  Жер астындағы ғимараттың кіреберіс қабатына жеткенде өмір үшін күрескен 40  жастағы Сибел Каяны аман алып шығады.

 Жеке адамдардың көмегі, жан жылуы зілзаладан зардап шеккендерге күш-қуат беруде. Мысалы, мына бір жазба көпті жылатты. Едирне қаласындағы Мимар Синан спорт кешеніне отбасымен келген кішкентай оқушы қыз ата-анасының күнделікті ұстауға берген ақшасын конверттің ішіне салып: «Барлық отбасы аман қалып, бір-бірімен қауышса екен» деп жазба қалдырған.  Ал Стамбұлдан жөнелтілген жәрдем құтысынан шыққан мәсіге бір мейірімді жан:  «Бұл менің аяғымдағы мәсім. Киілгенін жібергенім үшін кешірім сұраймын,  жаңасын  алуға ақшам болмады. Мен  жалаң аяқ жүре тұрармын, аязға аяғым үйренген. Ал ол жақ болса суық», – деген хат салып жіберіпті. Ал тағы бір құтыдағы дәптер қағазында: «Мен Өмер Фарук Тойкар  үлкендердің мейрамда берген ақшасына алған өрт сөндіру көлігі ойыншығымды сіздерге жолдадым. Өрт сөндіруші қызметкері болып, бетондардың арасынан адамдарды құтқарып алғым келеді. Інім екеуміз сіздер үшін көп дұға етіп жатырмыз.  Алла жәрдемшіңіз болсын. Далада қар жауып жатыр, сіздер үсімесін деп өзімнің киімдерімді жібердім. Тоңып қалмаңыздар. Сіздер үшін көп көп дұға ететін боламын», – деген жазба көптің жүрегін елжіретті.

Мен Анкара  қаласында тұратындықтан  «Қызыл ай» шағын ауданындағы метромен қатынаймын. Метрода мешіт бар. Бүгінде сол жер лық толы адам.  Жүргіншілерге  бір аяқ  жол қалдырған. Қалған жерінде  адамдардың амандығын Алладан сұраған халық дұға етіп отырады.

Жер асты үйіндісінен балалардың дін аман шығып жатқаны қуантады.   Құтқарған  6 жасар балаға дәрігерлер тамақ берейін десе қарным аш емес, ата тамақ беріп жүрді депті. Құтқарушылар сол жерде тағы адам бар екен деп қандай ата десе, ақ киім киген ата, сақалы бар деп айтыпты.  Тағы бір бала да құтқарылған соң, қарным ашқан жоқ, аздап қорықтым. Содан кейін ата келіп, жұбатты. «Балам қорықпа деп қасыма кеп жүрді», – депті. Бірнеше күнгі аштық пен суықтан аман шыққан балалардың көбі осы тектес  әңгімелер айтқан. Алланың құдіретімен періштесі қақты деген осы болар.

Қазір зілзаладан жапа шеккен 10 аймақтың тұрғындарын басқа қалаларға орналастыру жүріп жатыр. Осы орайда Қазақстан Елшілігі Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттерге үндеу жасады. «Өздеріңізге белгілі болғандай, 6 ақпанда Түркияның оңтістік-шығыс аймағында орын алған жер сілкінісі салдарынан жарақат алған азаматтардың саны артып келеді. Осыған байланысты Түркия президенті елдегі жоғары оқу орындары  онлайн білім беруге көшірілетінін хабарлады. Бұл ретте, мемлекет меншігіндегі ЖОО-дардың жатақханалары зардап шеккен азаматтарды уақытша орналастыру үшін пайдаланылатын болады. Айта кетейік, Түркия билігінің бұл хабарландыруы жекеменшік пәтер-жатақханада, сондай-ақ, жалға алынған пәтерде тұрып жатқан студенттерге қатысты емес», – делінген елшілік мәліметінде.

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа провинциясында бас прокуратура бастаған тергеу жер сілкінісінен қираған ғимараттарда табылған ақауларды зерттеуді жалғастыруда. Осы іс бойынша 8 адам қамауға алынған.

Тергеу аясында қамауға алу және жауап алу жалғасып жатыр.  Зілзала кезінде  70 мыңнан астам полиция қызметкері, 60 мыңнан астам жандарм және 1000 жағалау күзеті қызметкерлері  күндіз-түні аяғынан тік тұрып қызмет етуде.  Түркияда  99 елден барған 9677 құтқарушы  жұмыс істеп жатыр.  Арасында Қазақстан да бар. 

Түркиядағы жер сілкінісі болған аймақтарда жұмыс істеп жатқан қазақстандық құтқарушылар 7 адамды аман алып шықты. Үйінді астында 72 сағаттан астам уақыт жатып қалған қарт кісі мен екі жас жігітке  Қазақстаннан барған медицина қызметкерлері көмек көрсетті. Мұнда темір-бетон құрылғылардың кез келген уақытта құлап кету қаупі бар. Алайда бұған қарамастан құтқару жұмыстары үзіліссіз жүріп жатыр. Зілзаладан зардап шеккендерді анықтауға иісшіл иттер мен арнайы іздеу құралдары тартылған. Бауырлас елдегі зілзалаға байланысты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасымен  Үкімет шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлді.  Қазақстандық қайырымды жандар жинаған гуманитарлық көмек  көлемі күн сайын артуда. Зілзала болған аймақтарға Қазақстаннан жеткізілген  100-ден аса киіз үй орнатылып жатыр.

Жансая Биқұрман,
 Түркиядағы Қажы Байрам Вели
университетінің магистрі
Анкарадан арнайы «Jetisy» газеті үшін

Қатысты жаңалықтар

Заман талабына сай жаңғырған

Тарихи белес

29.07.2026
Сирек дертке шалдыққандарға медициналық көмек қалай көрсетіледі?

Қазақстанда онкологиялық ауруды анықтаудың жаңа әдісі енгізіледі

29.07.2026
Жапонияда жойқын жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 13-ке жетті

Жапонияда жойқын жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 13-ке жетті

29.07.2026
1 млн гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

1 млн гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

29.07.2026
Мемлекет басшысы «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде сөз сөйлейді

Мемлекет басшысы «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде сөз сөйлейді

29.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.