Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Үкімет азық-түлік бағасын бақылауды күшейтеді

26 тамыз 2025
КҮЛТӨБЕ
Үкімет азық-түлік бағасын бақылауды күшейтеді

Ашық дереккөз

WhatsAppTelegramFacebook

Вице-премьер — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жетекшілігімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру және инфляцияны тежеу жөніндегі  апталық кеңес өтті. Онда 2025–2026 жылдарға арналған тұрақтандыру қорларын толықтыру мақсатында жаңа өнімдер бойынша келісімшарттар жасасу барысы және соңғы аптадағы баға өзгерістері қаралды, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы екі апта қатарынан әлеуметтік тауарлардың орташа баға индексі өзгеріссіз — 0% деңгейінде сақталып отыр. Өткен аптада күріш – 0,2%-ға, қырыққабат – 2,2%-ға, сәбіз – 4,1%-ға, картоп – 5,7%-ға, пияз – 9%-ға төмендеген.

Сиыр еті нарығына қатысты жағдай бөлек талқыланған. Бір апта ішінде баға 0,8%-ға өсіп, жыл басынан бері жалпы өсім 20,2%-ды құраған.

«Қазақстандық сиыр еті бәсекеге қабілетті: елдегі орташа баға бір кг үшін 3105 теңгені құрайды, бұл ЕАЭО елдері мен Өзбекстанға қарағанда төмен. Бұл ретте көрші елдер тарапынан сұраныс тұрақты жоғары екенін атап өту керек», деді сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.

Келесі маусымда картоп бағасының қымбаттауын болдырмау үшін Сауда министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, жергілікті әкімдіктер және картоп өсірушілер одағы тұрақты жеткізілім мен әділ бағаға қатысты меморандум әзірлеп жатыр.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтің мәліметінше, 22 тамыздағы жағдай бойынша қырыққабаттың 317,9 мың тоннасы, картоптың 512,9 мың тоннасы, пияздың 226,8 мың тоннасы, сәбіздің 98,8 мың тоннасы жиналған.

Сонымен қатар барлық өңірлер күзгі-қысқы және көктемгі кезеңде қолжетімді бағаны қамтамасыз ету үшін тұрақтандыру қорларына көкөніс өнімдерін жеткізуге арналған келісімшарттарды әлі аяқтаған жоқ. Осыған байланысты вице-премьер Сауда және интеграция министрлігіне өнімнің жеткілікті көлемін және сапасын тұрақты бақылау үшін тексеру алгоритмін әзірлеуді тапсырды.

Кеңесте тұрақтандыру қорларын қадағалауды цифрландыру мәселесі де көтерілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің кіріс-шығысын тіркеу үшін бейнемониторинг жүйелері мен қоймаларға сканерлеуші құрылғылар орнату ұсынылды. Бұл шара өнім қозғалысының ашықтығын арттырып, оны онлайн бақылауға мүмкіндік береді.

Серік Жұманғарин бұл бастаманы қолдап, өңірлерге оны енгізу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

Бүгін, 15:59
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

Бүгін, 15:24
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Бүгін, 15:03
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Бүгін, 12:50
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.