Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ДІҢГЕГІ

22.05.2025
КҮЛТӨБЕ, РУХАНИЯТ
ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ДІҢГЕГІ

Жеңіс Ысқабай

Әр бұтағына жыр ұялап, сайынан саздың самалы ескен Жетісу жерінің мәдениеті мәуелі, өнері өрісті. Ұлт руханиятының қасиетті қамбасына қазына қотарған өнерпаздарға бай. Тарихтың том-том беттерінде есімі айшықталған тұлғаларының өзін санап, суреттеп шығу қиын. Жерұйық атанған осынау өңірдің орталығындағы Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қатысуымен Мәдениет және өнер қызметкерлері күні салтанатты түрде атап өтілді.

Алдымен шараға жиналған шаһар тұрғындары мен облысымыздың түкпір-түкпірінен келген мәдени сала қызметкерлері театрда орналасқан көрмені тамашалады. Онда халқымыздың маңдайына басқан жетісулық саңлақтардың картиналары, бұйымдары мен жерұйық мекеннің мәдениеті мен әдебиетіне қатысты жәдігерлер орналасқан.

Салтанатты жиында алғашқы болып сөз алған облыс әкімі Бейбіт Исабаев ізгі тілегін білдірді. Ол кәсіби мерекені қуанышты жаңалықпен қарсы алып отырғанымызды жеткізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау жиынында Бикен Римова атындағы драма театрына 50 жылдық мерейтойына орай академиялық мәртебе беру туралы ұсыныс білдіргенін, сондай-ақ аталған жиында Президенттің қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алған жерлесіміз, актер, театрдың көркемдік жетекшісі Сағындық Жұмаділ иеленгенін жеткізді. Әрмен қарай облыс басшысы:

– Өнер – ұлттың жаны, мәдениет – рухани діңгегі. Бұл жағынан Жетісу қашаннан өнер дарыған, салт-дәстүрді сақтаған, әдебиеті мен мәдениеті өркендеген өлке. Кешегі Қабылиса жырау, қобызшы Молықбай, ақын Сара мен жыр дүлдүлі Ілияс Жансүгіров, халық суретшісі Әбілхан Қастеев, ғаламат композитор Мұқан Төлебаев, әнші Дәнеш Рақышев, мәдениет министрі Жексенбек Еркінбеков, халық әртісі, әнші Зейнеп Қойшыбаева, театр режиссеры Маман Байсерке, сахна саңлағы Бикен Римова, талантты жазушылар Әнуар Әлімжанов, Сайын Мұратбеков, ақын Жұматай Жақыпбаев, композитор Теміржан Базарбаев, дәулескер күйші Рахым Тәжібаев, қазақтың Төлегені Құман Тастанбек сияқты талай тарихи тұлғаларды өмірге әкелген Жетісу өңірі, – деп айрықша атап өтті.

Мерекелік шарада тұлғалардың ізін басқан айтулы өнер жұлдыздары мен аға ұрпақтың дәстүрін жалғастырған жас таланттар барын атаған аймақ басшысы, мәденит саласы бойынша облысымызда атқарылып жатқан игілікті істерге тоқталды.

– Осы киелі өлкеде мәдениет саласын заман талабына сай лайықты дамыту – біздің басты міндетіміздің бірі. Мемлекетіміздің негізгі басымдықтарының қатарында бұл салаға облыста ерекше көңіл бөлініп келеді. Соның арқасында өңірде  мәдениет және архив мекемелерінің штат саны облыс құрылған 3 жыл ішінде 200 бірлікке (2022 жылы 2103 бірлік, 2025 жылы 2303 бірлік), ал олардың жалпы бюджеті 83%-ға өсті.

Республикада былтыр 45 жаңа мәдениет нысандары салынса, бір ғана Жетісу өңірінің ауылдарында 3 Мәдениет үйі, 8 блокты-модульдік клуб, Үштөбе қаласында Қаратал аудандық тарихи-өлкетану музейі қолданысқа берілді. Биыл 9 Мәдениет үйінің, 1 аудандық кітапхананың құрылысы және 2 ауылдық Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мәдениетті қолдаудың осындай шаралары арқылы өнердің өрісін кеңейтуге жол ашылып отыр, – дей келе көпшілікті кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Өнер мен мәдениет қызметкерлерінің еңбегі еленіп, бірқатары марапатқа ие болған шарада облыс әкімінің қолдауын, қамқорлығын Б. Римова атындағы Талдықорған драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сағындық Жұмаділ ізгі тілегіне арқау етті.

Өз кезегінде Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің директоры Рысжан Аязбаева «Құрмет» орденімен марапатталды. Сонымен қатар, Д. Рақышев атындағы филармониясының аспапшы әртісі Талғат Оразаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Ә. Сарыбаев атындағы Кербұлақ аудандық Мәдениет үйінің музыка жетекшісі Ләззат Құсайынова мен Д. Рақышев атындағы филармониясының балет әртісі Тоғжан Есеналиева «Мәдениет саласының үздігі», ал зейнет жасына дейінгі саналы ғұмырын мәдениет саласына арнаған аға буын өкілі Елеусіз Жанпейіс «Еңбек ардагері» төсбелгілерімен марапатталды. Облыс әкімінің Құрмет грамотасы тапсырылып, арнайы 6 аталым бойынша облысымыздағы өнер ұжымдары мен мәдени мекемелер марапатталып, 200 мың теңгенің сертификатына ие болды. Соның ішінде «Үздік облыстық мәдениет мекемесі» аталымына І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы лайық  деп танылып, өнердің қара шаңырағына облыс әкімі жеңіл автокөліктің кілтін табыс етті.

Жеңіс Ысқабай

Ән әуелеп, саз қалықтаған, мәдениет қызметкерлері мерейленген шараның соңы облыстағы белгілі өнерпаздардың арнайы дайындаған концертіне ұласты.  Айта кетерлігі, мерекелік салтанаттың кіріспе бөлігінде облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов 30-дан астам өнерпаз бен мәдени мекеме қызметкерін ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасы, Алғыс хатымен, облыс әкімінің Алғыс хатымен және арнайы аталымдар бойынша марапаттады.

 

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

24.06.2025
Кәсіпкерлікті  қолдау ілгерілеу жолы

Кәсіпкерлікті қолдау ілгерілеу жолы

24.06.2025
Ұмытылмас ерлік – ұрпақ жадында

Ұмытылмас ерлік – ұрпақ жадында

24.06.2025
Жетісуда «Заң мен Тәртіп апталығы» Акциясы басталды

Жетісуда «Заң мен Тәртіп апталығы» Акциясы басталды

24.06.2025
Ауыл ардақтылары

Ауыл ардақтылары

24.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.