Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Ұстаздың асқақ бейнесі

14 маусым 2025
КҮЛТӨБЕ
Ұстаздың асқақ бейнесі
WhatsAppTelegramFacebook

Әрбір шәкірт үшін ұстаздың орны ерекше. Бұл орайда мен оқушыларына сапалы білім, саналы тәрбие беріп келген ардақты жан туралы сөз қозғамақпын. Ұлағат иесі болып саналы ғұмырын өткерген, биыл зейнетке шыққан Қарлығаш Жакуова есімді ұстазым мен үшін ерекше жан.

Иә, Қарлығаш апайым Жетісу өңіріндегі білім саласына елеулі үлес қосқан, өмірін шәкірт тәрбиесіне арнаған білікті маман. Ол кісі І. Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтын 1985 жылы физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтап, сол жылы еңбек жолын М. Төлебаев атындағы орта мектептен бастаған. Содан бергі 40 жылда Қарлығаш апай ұрпақ тәрбиесі мен біліміне ерекше үлес қосты.

Мамандығына шын берілген тәжірибесі мол, әдістемелік шеберлігі жоғары ұстаз екенін дәлелдеген ұстазым физика пәнін оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың ғылыми танымдық көзқарасын қалыптастыру жолында үздіксіз ізденіс үстінде болды. Шәкірттері жыл сайын пән олимпиадаларында, ғылыми байқауларда жоғары жетістіктерге жетіп ұстаз еңбегінің нәтижесін көрсетіп келеді.

Ұлағат иесінің жылдар бойғы жемісті еңбегі лайықты бағаланып, түрлі марапат иеленді. Атап айтсақ, 2019 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хатына ие болса, 2020 жылы «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталады.

Ал былтыр алған «Еңбек ардагері» төсбелгісі оның ұстаздық жолдағы қажырлы еңбегінің шынайы көрінісі деп білемін.
Қарлығаш Арғынғазықызы – ұстаздық қызметтің биік белестерін абыроймен өткеріп, бүгінде құрметті еңбек демалысына шықты. Десе де ұлағат иесінің жарқын ізі, оның есімі шәкірттерінің жүрегінде, әріптестерінің жадында алтын әріппен жазылып қалары сөзсіз.

Айзере ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
М. Төлебаев атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы
Жайпақ ауылы,
Алакөл ауданы

Қатысты жаңалықтар

ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

Бүгін, 09:33
Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

Бүгін, 09:28
Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: қар мен жел күшейеді

Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: қар мен жел күшейеді

Бүгін, 09:23
Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

26 қараша 2026
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

26 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.