Талдықорған: +38°C
$ 517.45
€ 598.59
₽ 6.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Вице-министрдің іс-сапары: Халықпен кездесті

23.05.2025
КҮЛТӨБЕ
Вице-министрдің іс-сапары: Халықпен кездесті

primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин жұмыс сапарымен Талдықорған қаласына келіп, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.

Халықпен басқосу Жетісу облысының цифрлық технологиялар басқармасы және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйымдастыруымен өтті. Аталған шараға министрлік комитеттерінің өкілдері, Цифрлық үкіметті қолдау орталығы және облыс басшылығы қатысты.
Айта кетейік, Қазақстанның болашаққа нық сенімді түрде көшуі үшін бүгінде IT-саласын белсенді дамыту қажет. Бұған ықпал ететін жетекші алаңдардың бірі Жетісу жерінде қарқынды дамып келе жатқан «Jetisu Digital» IT-хабы. Бұл жай ғана оқу орталығы емес, цифрлық дағдыларды үйренуге, стартаптарды бастауға және IT индустриясына енуге арналған кеңістік.

Осы ретте Қаныш Аманбайұлы «Jetisu Digital» өңірлік IT-хабының ғимаратына бас сұғып, қызметімен танысты. Жастардың жұмысымен танысу кезінде жас өнертапқыштардың робототехникасын көріп, оң көзқарасын білдірді. Өйткені, бұл жерде технология саласына ден қойған жастар білім алып, сан түрлі жоба мен бағдарлама жасайды. Игі бастама Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде жүзеге асты. Сондай-ақ, жастар мен балалар сайт жасауды, мобильді қосымша дайындауды үйренеді. Білімгерлерге халықаралық деңгейдегі мамандар сабақ береді. Әрі стартап идеяларды жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетіледі.
Байқағанымыздай, бұл салаға өскелең ұрпақтың қызығушылығы жоғары. Қазірдің өзінде мектеп оқушылары темірлерден құрастырған заттарын байқауларға ұсынып, бірнеше жеңіс биігінен көріне білген. Хаб ашылған сәттен бастап бұл жерде жүзден аса іс-шара ұйымдастырылып, оған мыңнан аса адам қатысқан. Сонымен бірге білім беру бағдарламалары аясында 2 мыңнан аса оқушы білімін жетілдіріп, ой-өрісін дамытқан. Осылайша «Jetisu Digital» өңірлік IT-хабы цифрлық бастамалар мен стартаптардың, жастардың ІТ жобаларының орталығына айналған.

Бұдан соң жұртшылықпен кездесу өтіп, талап-тілектерге құлақ асылды. Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Қаныш Аманбайұлы цифрландыру саласында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта елде IT мамандарына сұраныс артып келеді. Ол үшін Хаб IT саласында білікті кадрларды даярлауға бағытталған «Tech Orda» бағдарламасы әзірленген. Бұл бағдарлама 18 бен 45 жас аралығындағы Қазақстанның барлық азаматына ІТ-мамандығын тегін алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, маман дайындау уақыты 1 немесе 2 жыл емес, шамамен 4-6 ай болады. Қазіргі таңда осы бағдарлама бойынша 73 IT мектеп 178 курс бойынша оқыту жүргізіледі.

Сонымен қатар, биыл елімізде алғашқы жасанды интеллект бойынша Tomorrow school мектебі ашылған. Оқуға 9800-ден аса өтініш түсіп, қазіргі таңда 176 студент негізгі оқуда білім алуда.

Бүгінде облыстың барлық 315 мектебі интернетке қосылған. Бұл білім сапасын арттырудағы маңызды қадам. Барлығы 350 ауылдық елді мекеннің (АЕМ) 95,4%-ы интернетке қосылған. Оның ішінде 176 АЕМ талшықты-оптикалық байланыс желісімен (ТОБЖ), 307 АЕМ мобильді интернетпен қамтылған.

Талдықорған қаласында 5G желісі іске қосылды, бүгінде 29 базалық станция орнатылған. Биыл 20 ауылдық елді мекенге ТОБЖ тарту жоспарлануда. Сонымен қатар, Beeline операторы 10 АЕМ-де интернет сапасын арттыру бағытында жұмыс жүргізуде. 5G желісін одан әрі дамыту аясында Талдықорғанда 19 жаңа базалық станция орнату көзделіп отыр. Облыс аумағында 41 891 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Биыл 307 камера орнату жоспарланған, оның ішінде 87 камера жаңа буын интеллектуалды мүмкіндіктерімен жабдықталмақ.

Сөз соңында бірінші вице-министр Жетісу облысы цифрлық даму, қауіпсіздік және білім беру салаларында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгенін, алдағы кезеңде интернет сапасын арттыру, заманауи технологияларды кеңінен енгізу, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын одан әрі жетілдіру бағытында жүйелі жұмыс жалғасатынын жеткізді.

Өз кезегінде телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары Лазизбек Қайнарбекұлы, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары Надир Шамуратұлының баяндамалары тыңдалды. Бұдан соң аталған министрліктің құзыретіне кіретін бағыттар бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Мәселен, көпшілік цифрландыру мен мемлекеттік қызметтер, байланыс, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар, электрондық және аэроғарыш өнеркәсібі, жасанды интеллект жайында сауалдарын жолдады.

Сондай-ақ, цифрландыру саласы бойынша алға қойылған міндеттерді орындау үшін Талдықорған қаласына әлеуетті инвесторлар тартуға министрлік тарапынан қолдау көрсетілсе деген тілектер де айтылды. Сұрақтың көбі жастар тарапынан қойылды. Жиналғандардың сұрағына құлақ асқан Қаныш Аманбайұлы көтерілген мәселенің бәрі жауапсыз қалмайтынын және оны шешу үшін тиісті шаралар қолданылатынын айтты. Соңында халықпен жеке қабылдау өткізіліп, мәселелеріне ден қойылды.

Айгүл Байбосынова

Қатысты жаңалықтар

50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanat Олимпиадасының финалы басталды

50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanat Олимпиадасының финалы басталды

18.06.2025
Зейнетақы шамамен 200 мың теңгеге дейін өсті – министр

Зейнетақы шамамен 200 мың теңгеге дейін өсті – министр

18.06.2025
Тоқаев Қытайға Каспий теңізінде ортақ жоба жасауды ұсынды

Тоқаев Қытайға Каспий теңізінде ортақ жоба жасауды ұсынды

18.06.2025
Жетісу облысында рұқсат етілмеген 243 қоқыс орны анықталды

Жетісу облысында рұқсат етілмеген 243 қоқыс орны анықталды

18.06.2025
Өңірде қазақ киносының онкүндігі басталды

Өңірде қазақ киносының онкүндігі басталды

18.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.