Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қылқалам шеберлері бас қосты​

1 қазан 2018
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы адамдарды туған жерін сүюге, құрметтеуге үндейді. Көнеден келе жатқан әдет-ғұрыптарымыздың, өлке тарихының дәріптелуі ұрпаққа ұлағат болып қалады. Әсіресе, өсіп келе жатқан жас ұрпақты туған елі-жерін, Отанын жақсы көруге тәрбиелеуіміз қажет. Облыс әкімі А. Баталовтың қолдауымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Кеген ауданына қарасты Саты ауылдық өңірінде «Туған жерім – тұғырым» атты халықаралық кәсіпқой суретшілердің он күндік пленэрі өткен еді. Оның салтанатты қорытындысы Кеген аудандық Мәдениет үйінде өрнек тапты. 

Жер жаннаты Жетісу өлкесі таңғажайыпқа толы. Оның қымбат жауһарлары Кеген, Нарынқол өңірінде орналасқаны белгілі. Суретшілердің игі шарасында бас қосқан қылқалам иелері он күнге тарта уақыт Көлсай және Қайыңды көлінде, Меркіде, тағы да басқа тамаша жерлерде болып, туған өлкеміздің қайталанбас сұлулығын өз туындыларына арқау етті. Тың дүниелерін ұсынды. Өсіп келе жатқан жастарға сурет әлемінің тылсым сырлары туралы әңгімеледі. 
«Туған жерім – тұғырым» атты халықаралық кәсіпқой суретшілердің пленэріне Қырғызстан Республикасынан Талант Огобаев, Астанадан Тілеужан Батанов, Сейсенхан Махамбет, Алматы қаласынан Өмірбек Жұбаниязов, Хамза Қиқымов, Жайық Күшікбаев, Марат Әбдіреев, Батыс Қазақстан облысынан Қайыр Оразғалиев, Павлодардан Өсербай Шоранов, Алматы облысынан Нұрболат Ысқақов, Қарлығаш Шалабаева, Бақыт Ахметов, Айдар Асқаров, Мөлдір Қасымбекова, Қайрат Қаблисанов секілді танымал суретшілер қатысты. 
Аудандық Мәдениет үйінде өткен қорытынды басқосуда Кеген ауданы әкімінің орынбасары Кеңес Қабылбеков сөз алып, халықаралық пленэрге қатысқан қылқалам шеберлерінің отыздан аса сурет салғанын атап айтты. 
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Жақыпбекова Елбасымыздың мақаласы аясында өткізілген игілікті шараға қатысқандарға алғысын айтты. Сахна төрінде, көптің алдында Талант Огобаев, Тілеужан Батанов, Сейсенхан Махамбет, Хамза Қиқымов бастаған барлық суретшіге облыс әкімі А. Баталовтың Құрмет грамотасы, естелік сыйлық, 150 мың теңгенің сертификаты тапсырылды. Енді олардың ең үздік туындылары облыстық Көркемөнер галереясының негізгі қорына сақталып қалады. Суретшілер бұдан соң аудан орталығындағы О. Жандосов атындағы өлкетану тарихи мұражайында болды.
Кеген ауданы

 

Қанат БІРЖАНСАЛ,
“Жетісу”

 

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.