Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҒЫЛЫМНЫҢ ҚИЯ ЖОЛЫНДА ғалым-ұстаз Шатай Дүйсебаев 85 жаста

29.11.2022
КҮЛТӨБЕ
ҒЫЛЫМНЫҢ ҚИЯ ЖОЛЫНДА ғалым-ұстаз Шатай Дүйсебаев 85 жаста
WhatsAppTelegramFacebook

Ғылым игеру асқан жауапкершілік пен үздіксіз ізденісті талап етеді. Ыждағаттылық, ықылас-ниет болмаса, бұл салада нәтижеге жету өте қиын.  Ғылымда белгілі бір белесті  бағындыру  үшін бүкіл  ғұмыр жұмсалуы мүмкін. Тіпті, ғылыми жаңалықты ашу, зерттеу, зерделеу кезеңінде ғасырлардың өзі рөл ойнамай қалатыны тағы бар. Ғылым – тиіп-қашуды кешірмейтін, «жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүруді» құптамайтын, ауыртпалығы көп ауқымды сала. Таудай еңбекті талап ететін осы бір қия жолда Шатай Жұманбайұлының есімі ерекше аталады. Отандық ғылым саласында үлкен ізденісімен, табанды еңбегімен танылған, адами болмысы биік, кейінгі жас ұрпаққа тәлімгер болып жүрген көрнекті ғалым, қадірменді ақсақал биыл 85 жасқа толып отыр.

Шатай ақсақалдың тағдыр соқпағына көз жүгіртсек, қаншама қиындықты бастан кешкенін көреміз. Оның өмір мектебі  сынаққа толы. Табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында өмірдің талай қиындығынан сүрінбей өткен. Соның арқасында өз еліне ғана емес, бүкіл алыс-жақын шетелге танымал беделді тұлғаға, бағыт-бағдары кең ғалым-ұстазға айналды. Білім мен ғылымды дамытуға  сіңірген еңбегі орасан. Ол өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға баса көңіл бөлді. Жастарды тәрбиелеу, оларға кәсіби білім беру мәселесін көтеріп, түйткілді дүниелердің шешімін көрсетті.
 Жастайынан  білімге құштар болды. Өз бетімен оқып, ізденіп, жан-жағындағы жаңалықтарға үнемі шығармашылықпен қарайтын. Үлкендерден алған тәлімі сол, еңбек етуден қашпайтын. Еріншектікті ұнатпайтын, бүгін атқарылуы тиіс шаруаны ертеңге қалдырмайтын. Жас кезінен музыканы, өнерді, спортты сүйді. Бір қызығы, техникаға, көліктерге аңсары ауып тұратын. Бала кезінен техниканың тілін білуге ұмтылды. Жол көрсеткен үлкендер де оның біржақты болып қалғанын қаламады. Шатай мұны тез ұғынды және  барлық салада оқ бойы озық жүруді өзіне мақсат етіп қойды. Өнер мен техникадан бөлек, саяси білімі де терең тұлғаға айналды. Бала кезінен әр салаға қызығып, таным көкжиегінің ерте қалыптасуына ықпал еткен – белгілі дәрежеде ұжымшарға танымал, құрметті адамдар болған әкесі Жұманбай мен анасы Бәтеш еді. Балаларының оқу мен еңбекке деген сүйіспеншілігін оятуда ата-анасының ықпалы көп болды.
Ата-анасының тағылымға толы тәрбиесінің арқасында ерте жастан еңбекке араласты. 12-13 жасында-ақ өңірге белгілі аға буын өкілдерімен, атап айтқанда, Жанғази Есавлетов, Мырзахмет Қиқымов, Жұматай Қалдыбаева, Ивана Вельц, Андрей Шварцтар сияқты танымал еңбек адамдарымен бірге қой бақты, бала шопан атанды. Жазғы, қысқы каникул кездерінде  Талдықорған облысы, Талдықорған ауданы, Тельман атындағы ұжымшарда (қазіргі Жетісу облысы, Ескелді ауданы) ауыл шаруашылығы жұмыстарына  көмектесті. Атап айтқанда, қант қызылшасына, шөп шабуға, жеміс-көкөніс жинауға, оны күтіп-баптауға қол ұшын созды. Орта мектепті бітіргеннен кейін Текелі қорғасын-мырыш комбинатына, шахтаға жұмысшы болып орналасады.
Өткен ғасырдың 60-жылдарының басында КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысы шығып, онда мектеп бітірушілер кемінде 2 жыл өндірісте жұмыс істеп  барып кейін жоғары оқу орнына түсуі керектігі айтылған еді. Шатай Жұманбайұлы  осы Қаулыны тиімді пайдаланды. 1959 жылы Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, кейіннен экономика факультеті негізінде құрылған Алматы халық шаруашылығы институтын бітіріп, Алматы мехкомбинатына экономист ретінде жіберілді, кейін «Қазсовнархоз» қаржы бөлімінің аға экономисі болды. «Совнархоз» қайта құрылғаннан кейін ҚазКСР Түсті металлургия министрлігіне аға инженер-экономист қызметіне ауысты. Оның өмірдегі елеулі жетістіктері өзі 25 жылдан астам уақыт қызмет еткен Алматы халық шаруашылығы институтымен тікелей байланысты. Мұнда ол ұйымдастырушылық қабілетімен, жаңа бастамаларымен, ең бастысы, қатаң тәртіп, мінсіз жұмыс тәртібімен, білім мен ғылым саласын дамытуға деген керемет ұмтылысымен танылды.
Ғалымның білімге, оқуға деген құштарлығы студенттік кезден байқалды. Дипломдық жұмыс тақырыбын таңдау кезінде-ақ оның өзекті зерттеу тақырыптары, ізденістері анық көрінді. Шатай Жұманбайұлы институтта еңбексүйгіштігімен, жауапкершілігімен, басқа да ізгі қасиеттерімен танылып, еселі еңбек етті. Мұнда аға оқытушы, доцент, маркетинг және коммерция кафедрасының меңгерушісі, сауда және тауартану факультетінің деканы қызметтерін атқарды.
1994 жылы кейіннен Қазақ коммерциялық-қаржы академиясы болып өзгертілген Алматы коммерциялық институты ашылып,  осы академияның ректоры болып сайланды. 2011 жылы Қазақ инженерлік-қаржы және банк академиясының вице-президенті лауазымына ауысады. Қазіргі таңда   жасына қарамастан Алматы технологиялық-қаржы және инновациялық-техникалық колледжінде оқу-әдістемелік кешендер, ғылыми еңбектер және басқа да басылым түрлеріне редактор болып жемісті еңбек етуде. Жоғарыда аталған оқу орындарындағы қызметтерінде өз міндетін абыроймен орындап, ғылыми-педагогикалық бағытта үнемі шығармашылық белсенділік танытып отырды. Сонымен бірге, ғалымның ғылыми әлеуеті мен ұйымдастырушылық қабілеті де ұжымына тың серпіліс әкелді.
Шатай Жұманбайұлының белгілі ғалым-ұстаз болып қалыптасуына, оның ғылымды дамытудағы оң тәжірибесінің артуына белгілі ғалымдармен жақынырақ танысуы, бірлесіп жұмыс істеуі, ынтымақтастық орнатуы оң ықпал етті. Қазақстандағы жоғары оқу орындарымен қоса шетелде де танымал болды. Ғалыммен байланыста болған құрметті тұлғалардың ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академиктері Т. Әшімбаев, К.Сағадиев, Н.Мамыров, С.Сартаев, Қ.Қасымов, Ж.Балапанов, ғылым докторлары, профессорлар Д.Қабдиев, Қ.Оқаев, Қ.Құрманғалиева, университет ректорлары М.Беспаев, А.Сапарбаев, С.Елбесінов, М.Оразалин, О.Қалдыбаев, М.Сәрсембаевтар бар еді. Олардың біразы Ш.Жұманбайұлының тәлімгер әріптестері болды, ғылыми еңбектері мен ғылыми-әдістемелік құралдарына шолу жасады.
Бүгінгі күнге дейін 165 ғылыми және ғылыми- әдістемелік еңбегі жарық көрген ғалым еңбектерінде білім беру жүйесінің маңызды мәселелері, ғылыми міндеттерді шешу, оқыту сапасын арттыру және оқыту әдістемесін жетілдіру үдерістері, студент жастарды кешенді тәрбиелеу негіздері көтерілген. Осы орайда, өмірлік тәжірибеге сүйене отырып жазған кітаптары негізінен білімге, тың идеяларға құрылған, сондай-ақ, жас ұрпаққа арналған. Өйткені, жастар – елдің ертеңі, халқының үміті мен тірегі.
Шатай Жұманбайұлы студент жастардың, болашақ маманның тұлғасы мотивациялық қабілеттермен, белгілі бір мақсатқа жетуге деген ерік-жігер, іскерлік пен коммуникативті дағдылармен, іскерлік, шығармашылық әлеуетпен қалыптасады дейді. Ғалымның айтуынша, әртүрлі мәселелерді шешуге  университетте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру және оған кешенді көзқарас дұрыс қамтамасыз етілсе, жастардың Отанға деген адалдығы мықты болады әрі мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілік, халық дәстүрін қастерлеу, қарт адамдарды құрметтей білу сияқты ізгі сезімдері оянады.
Шатай Жұманбайұлының студенттерді оқыту мен тәрбиелеу үдерісін жетілдіру, олармен жүргізілетін тәрбие жұмысының сапасын арттыру туралы ұсыныстары республикалық, халықаралық конференцияларда, кітаптарында көрініс тапты.  Алматы халық шаруашылығы институтының студенттерімен он жылдан астам уақыт бойы егін жинау жұмыстарына атсалысу арқылы осы  бағытта жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие жұмысының  жандануына ықпал етті. Бірнеше жыл студенттік құрылыс отрядын басқарды. Жалпы алғанда, жазғы  жұмыс семестрінде студенттермен бірге 7 облысты, 17 ауданды және 53 кеңшар-ұжымшарды, басқа да елді мекендер мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралады. Өзімен  бірге ғылым докторы, профессор, ғылым кандидаты атанған жас оқытушылар, ассистенттер, аспиранттарды да  құрылыс бригадасында  жұмысқа егін жинауға қатыстыратын.
Университеттегі жұмыс оңай емес, ол үлкен күш жұмсауды талап етеді. Оған ерік-жігері мен денсаулығы мықты адам ғана шыдайды. Шатай Жұманбай-  ұлы өз денсаулығын сақтай отырып, ғылыми-педагогикалық қызметте үлкен белестерді бағындыра білді. Ғалымның денсаулығы қазір де өте жақсы. Ол  ақсақалдық жасына қарамастан өз саласында жемісті еңбек етуде. Тың әрі сергек жүруіне спортпен шұғылдануы көмектесті. Балалық шағында шаңғы, коньки теуіп, атқа мінді. Жазда футбол, волейбол, үстел теннисі, жеңіл атлетикамен айналысты.
Студенттік жылдары  бес жыл бойы университеттің бокс құрамасында өнер көрсетті. Онымен бірге бокспен шұғылданған әріптестерінің біразы ғылым докторы болды. Олардың арасында химия ғылымдарының докторы, профессор Михаил Наурызбаев, философия ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сәбитов, заң ғылымдарының докторы, профессор Қасым Мәуленовті атап өтуге болады. Шатай Жұманбайұлы замандастарына, жастарға, спорт туралы сүйсініп айтады. Әрине, онымен келіспеу мүмкін емес, өйткені, спорт шын мәнінде адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Ғалымның айтуынша, спорт адами қасиеттерді де дамытады.
Шатай Жұманбайұлы бала кезінен  техниканы  жақсы көретін. Ол көлікті, әсіресе, жеңіл көлікті тізгіндегенді ұнатады. Көлікті таптырмас көмекші деп санайды. Ақсақал адамдардың жылдам жүріп-тұруын қамтамасыз еткен, ауыл шаруашылығы жұмысын жеңілдеткен техника құралдары туралы өте көп қызықты деректерді біледі. 50 жылдан астам Алматы қаласында, Солтүстік Қазақстандағы тың жерлерде, Талдықорған облысының құрылыс отрядында, Арқалық облысы, Герцен атындағы кеңшарда комбайншының көмекшісі, Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Днепропетровск кеңшарында тракторшының көмекшісі болып жұмыс істегені тағы бар. Ол өз елінде және шетелде, қай жерде жүрсе де, әрқашан әртүрлі көлік түрлерін жүргізіп көріп, хоббиіне айналдырған.
   Кейіпкеріміздің  тағы бір құмарлығы – музыка.  Қазақстандағы, өз ауылындағы түрлі халықтардың тілдеріне деген сүйіспеншілігі де ерекше. Орта мектепте оқып жүріп, бір мезгілде Текелі қаласындағы балалар музыка мектебінде аккордеон бойынша білім алады. Туып-өскен Тельман атындағы ұжымшарда, Текелідегі №3 орта мектепте, өзі оқыған университетте, тың жерде, құрылыс отрядында ширек ғасырдан астам баянда ойнады.
Қазақ, орыс, неміс, чешен-ингуш, татар сияқты бірнеше тілде ән шырқайды. Оның музыканттар, суретшілер және композиторлар арасында достары көп. Олардың қатарында  Нұрғали Нүсіпжанов, Ескендір Хасанғалиев, Нұрахмет Жорабеков, Сәкен Қалымов, Ғалымжан Тамендаров, Майра Ілиясова, Бағдат Сәмеддинова, Гүлбаршын Тергеубекова, Ағайша Исмағұлова және басқаларын мақтанышпен айтады.
Ғалымның өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болуға лайықты. Сөзімізді қорытындылай келе, оның қоғамдық жұмыстардан бас тартпайтынын, ғылымның ауыр жолында жүрсе де, бәріне уақыт табатынын, сол арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, өз елінің ғана емес, шет мемлекеттердің де  Құрмет грамоталарымен, төсбелгілерімен, медальдарымен, сыйлықтарымен марапатталғанын баса айтқымыз келеді. Қазақ халық шаруашылығы кеңесі, ҚазКСР Түсті металлургия министрлігі комсомол ұйымының хатшысы, «Нархоздың» ірі жоспарлау-экономикалық факультеті партия ұйымының хатшысы қызметтерін атқарды. Жоғарыда аталған ұйымдарда партия комитетінің, жергілікті комитеттің, халықтық бақылаудың мүшесі болды. Алматы облыстық комсомол комитетінің тексеру комиссиясының төрағасы, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай қалаларына студенттер қабылдау комиссиясының төрағасы, қабылдау комиссияларының жауапты хатшысы лауазымдарында жұмыс істеді.
Шатай Жұманбайұлы Алматы қаласындағы бес жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ОМО қауымдастығының, Қазақ КСР Республикалық ғылыми кеңесінің проблемалық комиссиясының, Ғылыми кеңестің мүшесі болып сайланды. Мәскеу коммерциялық университетінің коммерциялық білім беру жөніндегі оқу-әдістемелік бірлестігі, КСРО Жоғары білім министрлігі оқу-әдістемелік басқармасының экономика және халықтық жоспарлау экономикасы жөніндегі УМО мүшесі. Барлық жоғарыда аталған лауазымдар бойынша қызметтерді ақысыз, жауапкершілікпен атқарды. Кейбір ұжымдағы лауазымдарға белгілі бір мерзімге, жасырын немесе ашық дауыс беру арқылы сайланып, өз міндеттерін абыроймен орындады.
Өзінің  өмір жолында атқарған жұмыстарына еш өкінбейді, керісінше, еңбек еткен  ұжымдар мен қоғамдық ұйымдардың өзіне осындай жауапты да қоғамдық жұмысты сеніп тапсырғанын мақтан етеді. Кәсіпорындардағы, ғылыми-педагогикалық және қоғамдық жұмыстардағы жемісті еңбегінің арқасында ғалым-ұстаз ретінде танылды. Сыйлы тұлғаға айналды. Әріптестері оның шығармашылық қабілеттерін және әзілқойлық, өзара түсіністік, бір-біріне көмектесу сияқты қарапайым адами қасиеттерін жоғары бағалайды.
Шатай Жұманбайұлы жолын қуып келе жатқан жас ұрпаққа үнемі ақыл-кеңесін айтып, тәжірибесімен бөлісіп отырады. «Жастар өмірдің мән-маңызын біліп, адамның келбетін көркейтетін еңбек екенін түсінгені жөн. Атақ-даңққа еңбекпен  ғана қол жеткізуді үлгі тұтуы керек», – дейді мерейтой иесі.

М. ДІНАСЫЛОВ,
э.ғ.д., профессор
Қ. ЖҮНІСОВ,
э.ғ.к., доцент

 

Қатысты жаңалықтар

Еңбек ұжымымен пікір алмасты

Еңбек ұжымымен пікір алмасты

27.07.2026
Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел еңбек етіп жүр

Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел еңбек етіп жүр

27.07.2026
Тарихи атаудың саяси салмағы қандай?

Тарихи атаудың саяси салмағы қандай?

27.07.2026
Заман талабына сай жаңғырған

Заман талабына сай жаңғырған

27.07.2026
Сарқан саябағында спорттық-мәдени шара өтті

Сарқан саябағында спорттық-мәдени шара өтті

27.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.