Талдықорған қаласының әкімі Ернат Дүйсенбекұлы қала іргесіндегі Ынтымақ ауылының тұрғындарымен кездесуі барысында ауыл газбен толық қамтылатындығын айтты, деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы.
Кездесуде қала әкімі тұрғындардың көкейінде жүрген әр сұрақты мұқият тыңдап, оған жауап берді.
Мәселен, тұрғындар газ, көше жарықтары, орталықтандырылған кәріз жүйесі сондай-ақ, қала аралық қатынайтын қоғамдық көлік жайында сауал қойды.
«Ынтымақ ауылындағы қордаланған өзекті мәселелерді кезеңмен шешетін боламыз. Әрине, кейбір мәселені шешу үшін қосымша қаражатпен уақыт қажет болады. Кей мәселені тікелей өз бақылауыма алатын боламын», — деді қала әкімі.
Telegram желісіндегі парақшамызға тіркеле кетіңіз!





