Талдықорған: +21°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қысқы спортты қайтсек дамытамыз?

26.01.2025
КҮЛТӨБЕ
Қысқы спортты қайтсек дамытамыз?
WhatsAppTelegramFacebook

Біз әлемдегі қысы ұзақ мемлекеттер қатарына жатамыз. Алайда елімізде қысқы спорт түрлері кенжелеп тұр. Жазғы олимпиадалық ойындарға қарағанда аталған спорт түрлерінен өтетін жарыстарда мұзарт шыңды бағындырған сайыпқырандардың өзі санаулы ғана. Әлемдік ареналарда атой салуымызға не кедергі?


1994 жылдан бері Қысқы Олимпиада ойындарына тұрақты түрде қатысып келеміз. Алайда бүгінге дейін бұл сыннан тек 7 жүлде ғана жеңіп алдық. Қоржынымызда, 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар. Жалғыз алтын медальді 1994 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен XVII қысқы Олимпиадада шаңғышы Владимир Смирнов алған еді. Өкінішке қарай содан бері Қазақстан құрамасының спортшылары жеңіс тұғырынан көрінген жоқ. 
Қысы ұзақ ел болғанымызбен қысқы спорттың қыр-сырын әлі толық меңгергеніміз жоқ. Бізге сноуборд, биатлон, керлинг, фристайл секілді спорт түрлері аса таныс емес. Сондықтан болар қысқы спорт түрлерінен ел намысын қорғап жүргендердің көбі шетелдің спортшылары. Қысқы спорт түрлеріне қазақ жастары неге аз барады? Осы сауалға жауап іздеп көрдік. Бастапқы мәселе, қысқы спорт түрлері бойынша жаттықтырушылардың басым бөлігі тағы да өзге ұлт өкілдері. Олар мемлекеттік тілді білмегендіктен, ауылдан келген жасөспірімдерді баулуға шынайы ниет танытпайды. 

Екіншіден, нысанаға жету үшін нысан керек. Көп облыста қысқы спортқа арналған нысандар аз. Мәселен, біздің облыста шаңғы базасы жоқ. Таулы аймақ болғанымызбен нысан салып, қысқы спортқа көңіл бөлінбейді. Одан кейін көп кінә нақ өзімізде. Дене шынықтыру мен жүйелі түрде шұғылдануға көбінесе мән бермейміз. Демалыс күндері қаладағы мұз қалашықтарындағы қарақұрым жұрттың ішінде шаңғы, конькиін арқалап жүрген қазақтар некен-саяқ. Елімізде дайындалатын орындар мүлде жоқ емес, бар.  Бірақ тек кәсіби мақсатта қолданылып келеді. Қалтасы жұқа қазақ жастарының кейбірі нәпақа табу үшін базарда арба сүйреп, жұмыс іздеп, енді бірі сауда-саттықпен айналысып жүр. Қысқы спортпен айналысайын десе, қалтасы көтермейді. Себебі коньки, шана, шаңғының бағасы у-дай қымбат. Мәселен, Шымбұлақта шаңғы мен сноубордты прокатқа алу бағасы 15 мың теңгеден басталады. Алматыдағы ең арзанқол деген «Limpopo» атты спорт дүкенінде шаңғы таяқшалары 2500, тау шаңғысы 24 900, тауға арналған бәтеңкелер 19 900, коньки 10 900, хоккейшілерге арналған коньки 11 900, шана 5900 теңгеден басталады. Бәлкім осыдан кейін де қысқы спортқа ешкімнің ынтасы жоқ шығар?!

Қысқы спорты өте жақсы дамыған Норвегияда халықтың жартысынан көбі тұрақты түрде спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанады екен. Ол үшін елде барлық жағдай жасалған. Яғни, бұқаралық спортты дамыту арқылы, Олимпиада және әлем чемпиондарын дайындаудың жеңіл жолын тапқан. Норвегияның 30-40 мыңдық қалашықтарының басым бөлігінде кем дегенде 200 шақырымдық велосипед жолы, 3 шаң­ғы жолы, халықаралық талаптарға сай стадион және өзге де спорт нысандары болады. Шаңғы жолдарының барлығы жарықпен қамтамасыз етілген. Яғни, тәуліктің кез келген уақытында жаттығуға мүмкіндік мол. Ал спорт залы мен мұз айдыны кез келген елді мекенде бар. Бұл елде біздегідей мемлекет есебіндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері жоқтың қасы. Себебі, жас спортшыларды тәрбиелеу әртүрлі үйірме мен жеке спорт клубтарының есебінен жүзеге асады. Қазіргі күні Норвегияда кәсіпқойларға арналған 12 мың спорт клубы жұмыс істейді. 

Бізде тамаша табиғат пен биік таулар жетерлік. Неге сол жаққа қолжетімді қысқы демалыс базаларын салмасқа?! Қысқы спорттың дамуына тұсау болған сол спорттық кешеннің жоқтығы. Бірінші кезекте әр ауылдық округтен шағын болса да мұз айдындары салынса, аудан орталығынан қысы-жазы жұмыс істейтін мұз сарайы тұрғызылса дейсің. Сонда қыс бойы өз ауылдарында шаңғы, коньки теуіп шыныққан балалар қар еріген соң аудан орталығында жаттығуын жалғастырады. Қысы-жазы шынығып өскен ауыл баласы кез келген олимпиадада олжа саларына сеніміміз мол. 

1994 жылы өткен XVII Қысқы Олимпиадаға Қазақстан алғаш рет тәуелсіз мемлекет ретінде қатысып, қанжығасына 1 алтын, 2 күміс медаль салған болатын. Бұл үш медальдың үшеуін де шаңғышы Владимир Смирнов алып берді. Осы жүлделердің арқасында еліміз жалпыкомандалық есепте 12-орынға тұрақтады. Міне, сол уақыттан бері Қазақстан спортшылары Қысқы Олимпиада ойындарынан бірде-бір алтын жүлде ала алмай келеді. Бүгінге дейін бұл сыннан тек                   7 жүлде ғана жеңіп алдық. Қоржынымызда,                1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар.

Бауыржан ҚАСЫМХАН, 
ЖУ-дің 
студенті

Қатысты жаңалықтар

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026
Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026
Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

02.05.2026
Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.