ҚР ҰҚК шекара қызметінің жылдық қорытындысы бойынша «Үздік әскери журналист» номинациясын ҚР ҰҚК шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің әскери журналисі, подполковник Манарбек Қарекенов иеленді.
Қалам мен қаруды қатар ұстаған Манарбек Айдынғалиұлы ҚР ҰҚК шекара қызметінің «Отан сақшысы — Часовой Родины» апталық газетінің және «Шекарашы» журналының Жетісу облысындағы меншікті тілшісі. Офицердің қаламымен жазылған туындылар шекарашылардың жауынгерлік қызметте қол жеткізген жетістіктеріне арналады. Оқырмандарды сақшылардың күнделікті өмірімен таныстырады.
Сонымен қатар, шекарашы сарбаздарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жобаларды іске асырады. Олардың патриоттық рухын көтеруге, мемлекеттік шекараны берік күзетуге моральдық жағынан шыңдау шараларын ұйымдастырады.
ҚР ҰҚК шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





