Талдықорған: +19°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАН ЖАРЫМ МЕНІҢ, ДЖУЛЬЕТТАМ

11.03.2025
КҮЛТӨБЕ
ЖАН ЖАРЫМ МЕНІҢ, ДЖУЛЬЕТТАМ
WhatsAppTelegramFacebook

Әлемдік классикалық туынды саналған Шекспирдің «Ромео-Джульеттасын» сомдаған қос ғашық Талдықорған қаласында тұрып жатыр. Бикен Римова атындағы драма театрдың талантты жастарының санатында сараланған, дарынымен дараланған олар жұп құрып, Отанның шағын бөлшегі саналған отбасылық өмірде де көрерменін, өнеріне тәнті болған қауымды сүйсінтіп келеді. Арулардың көктеммен жеткен мерекесіне орай Джульеттасына деген жүрекжарды лебізін білдірген Ромеоның, нақтырақ айтсақ Шалқар МҮКЕННІҢ лебізін оқырманға ұсынуды жөн санадық.

Өмірдің жолы – ұлы жол. Ал өнер қашанда құдіретті. Өмір мен өнерді қатар алып жүрген талай тұлғаларға, оның ішінде Бикен Римова атындағы драма театрдың алдыңғы буынына қарап бой түзейміз, сөйлер сөзді салмақтаймыз. Десе де жарыңның жақсылығын айту, оған деген шынайы сезіміңді толғану отбасы құндылығы құлдырағандай көрінген бүгінгі қоғамда керек деп ойлаймын.

Иә, біз студенттік шақты бірге өткердік. Бір топта қатар оқыдық. Арман қуып үлкен шаһарда табысып, студенттік кезден бойымыздағы сезімді құрметтедік. Екеуміз қыз бен жігіт ретінде сол білімгер болып жүрген шақтан сөйлесіп бастадық. Оқуды бітіргеннен кейін мен туған жерім деп Жетісуға келдім. Талдықорған қаласындағы бүгінде жарты ғасырлық тарихын мөрлеген Бикен Римова атындағы драма театрға қызметке тұрдым. Ал ғашығым шырайлы Шымкентте туса да қызмет деп Ақтауға кетті. Осылайша Ақтау мен Талдықорған қаласының ортасына махаббаттың сүрлеуін салдық. Үнемі сөйлесіп, 1-2 айлық жалақымды жинап маңғаз Маңғыстауға барып жүрдім. Арасында ғашығым да тосын сый жасап Талдықорғанға келіп тұратын. Сондай сәттің бірінде сол кездегі театр директоры болып отырған Ғалия Темірбаева апайымыз Джульеттамды көріп: «Мұндай сұлу қыз не істеп жүр, бізге жұмысқа алайық та» деп ұсыныс айтты. 

Айтылған сөзді қарапайым тілмен жеткізіп отырғаныммен біздің жастық махаббатымызға себеп болған дүние көп секілді. Бәрі де тәтті, сондай әсерлі. Алып-ұшып Ақтауға тартып отыратыным театрдағы әріптестеріме белгілі. Ал аяулы жанның іздеп келуі де көңіл көкжиегін зерлі етер қуаныш қой. Сол тұстағы Ғалия апай тарапынан айтылған ұсыныстан кейін сүйгенім Талдықорғанға қоныс аударды. Ал театрда қайнаған тіршілік, қызу қарбалас. Сондай сәттің бірінде қасиетті сахнамызда «Ромео-Джульетта» тұңғыш рет қойылатын болды. Театрдың жас жігіттері жаппай Ромео, қыздарымыз Джульеттаға дайындалды. Дайындықтан, іріктеу-сұрыптаудан кейін маған Ромео, ғашығыма Джульетта рөлі бұйырды. Осылайша біз өмірдегі ғашықтық рөлімізді сахнада да сомдауға мүмкіндік алдық.

Иә, Шекспир шедеврінің мазмұнына бойласақ, әлемді тәнті еткен, ғашықтардың символына айналған Ромео мен Джульетта қосыла алмады. Бірақ, бізді Жаратушы ие өмірлік жұп етті. Шүкір! Сахналанған әлемдік классикадан кейін көп өтпей өз Джульеттама үйленуге ұсыныс жасадым, осылайша тағдыр телідік, табыстық. Ерлі-зайыпты ғұмырға қадам бастық. Сол Джульеттам, жарым – Асыл Ақтөреева.

«Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» деп дана Абай айтпақшы, өз жарың туралы ағынан жарылу қазақ азаматына тән қылық емес-ау. Дегенмен, театрымыздағы алдыңғы буын ағалар Ромео мен Джульетта деп кейде бізді еркелетіп жататыны анық. Біз де әлі күнге дейін сол образдан шықпай, ара-арасында классикалық туындыдағы Ромео мен Джульеттаның сөзін бір-бірімізге айтып қойып, бақытты ғұмыр кешудеміз. Ендеше, өмірге екі қызғалдақ қызым Раяна, Мединамды алып келген Асылым, Джульеттамды, театрдағы барша нәзік жанды әріптестеріміз бен аналарды, аруларды мерекелерімен құттықтағым келеді.

Қатысты жаңалықтар

«Seitkhan Cup» турнирі: «QAREKET» үздік үштікте

«Seitkhan Cup» турнирі: «QAREKET» үздік үштікте

07.05.2026
«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

07.05.2026
Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

07.05.2026
Ел қорғаған егіздер

Ел қорғаған егіздер

07.05.2026
Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

07.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.