18-20 желтоқсан аралығында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Сапарға дайындық аясында Токио көшелерінде Қазақстан мен Жапонияның тулары ілінді.
Сапар барысында Мемлекет басшысы Император Нарухитомен, Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичимен, сондай-ақ іскерлік орта өкілдерімен кездесулер өткізеді. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады.







