Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАРКЕНТ-АРАСАН НЕСІМЕН ЕРЕКШЕ?

25 маусым 2019
КҮЛТӨБЕ
ЖАРКЕНТ-АРАСАН НЕСІМЕН ЕРЕКШЕ?
WhatsAppTelegramFacebook

Халқымыздың: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»,  деуінің өзіндік себебі бар. Міне, осы орайда талай адам тау асып, тас басып, шетелдің бағасы удай, жол қаражаты таудай демалыс орнына барып демалатыны анық. Барсын-ау, бірақ сол барғандарына қарай бастарына бәле тауып, айықпас дертті арқалап келіп жатқандары қаншама?

Зайыбым Кенжебала Алпысова марқұм екеуміз жастайымыздан шипажайлардың ішіндегі бірегейі Жаркент-Арасанға барып демалуды әдетке айналдырып едік. Соңғы уақытта тағдырдың жазуымен өзім жалғыз баруға тура келді. Шаңырағымның берекесі мен ырысын тасытқан Кенжебала жол апатынан қайтыс болған. Сол аяулы жарымның асын өткізген соң балаларым Жаркент-Арасанға демалысқа жіберді. 
Міне, осы шұрайлы Жаркент-Арасандағы бір жыл аралығында танымастай өзгерген құрылыс алаңдары мен көрсетілетін емдік шипажайлар біраз таңырқатты. Көрікті, әсем тау арасында бой көтерген екіқабатты зәулім демалыс орнының жобасы ерекше қызықтырды. Ішінде орналасқан жиһаздары мен жатын бөлмелері кәдімгі шетелдің бес жұлдызды қонақүйінен кем емес. 
Қабылдайтын ем түрлері де бұрынғыға қарағанда қазіргі уақыт талабына сай көптеген емдеу аппараттарымен жабдықталған. Осында еліміздің түкпір-түкпірінен ағылып келіп жатқандарды қойғанда Мәскеу,  Баку, Якутияға көшіп кеткен қазақстандықтардың да қарасы көп. Мәскеулік қонақ он жыл көлемінде тұрақты демалатынын, бие сүтінің қасиетіне тоқтала келіп, бөлмесіне алдыртып қойған бал татитын қымызынан дәм таттырды. Осы тұста қазақ екеніме мақтанып, бір марқайып қалған жайымыз бар.
 Уақыт дегенін салғанымен бас дәрігер Карл аға әлі ширақ. Өз ісінің білгірі. Денеңе қадалатын алтын инесі қалалы жердегіге қарағанда 3-4 есе арзан. Денеге массаж жасайтын Бақтыгүл, Сәулелердің аялы алақандары талай дертке шипа болды. Мұндағы қызметкерлер демалушылардың іші-бауырын елжіретіп ерекше қызмет көрсетеді. Әсем мен Ринаттың елгезектігі мен қанатты құстай ұшып жүргенін көргенде ерекше қуанасың. 
Жаркент-Арасан шипажайынан алған әсерімді сөзбен айтып, ақ қағазға толық түсіру мүмкін емес. Жаныңызға жайлы жан рахатын сезінемін десеңіз, алтын уақытыңызды бекер сарп етіп шетел асқанша, жер жаннаты Жетісудың көрікті жерлерінің бірегейі тарихи, шұрайлы өлке Жаркент-Арасанға барыңыз. Тұнып тұрған тұмса табиғат, әулиелер мекені, көрікті тау шатқалдары көздің жауын алады. Ағарып атқан таң мен тау қойнауындағы қызарып батқан күн шапағаты жаныңызға шуақ берері сөзсіз. 

Еділхан ЕСКЕЛДІНОВ 
Қарашоқы ауылы,
 Кербұлақ ауданы

 

 

Қатысты жаңалықтар

ҰҚШҰ-ның алдағы кезеңге арналған жоспарлары бекітілді

ҰҚШҰ-ның алдағы кезеңге арналған жоспарлары бекітілді

Бүгін, 10:30
Ақсу ауданында толық циклді ет комбинаты салынады

Ақсу ауданында толық циклді ет комбинаты салынады

Бүгін, 10:00
Талдықорғанда бірнеше күннен бері ер адам табылмай жатыр

Талдықорғанда бірнеше күннен бері ер адам табылмай жатыр

Бүгін, 09:57
Қазақстан мен Түркия денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Қазақстан мен Түркия денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Бүгін, 09:30
Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.