Іс-шара барысында жас лейтенанттарға бөлімнің құрылымы мен қызметтік міндеттері таныстырылып, болашақтағы әскери жолдарына бағыт-бағдар берілді. Бөлім командирі полковник Мансуров Амир Асилбекович жас лейтенанттарды құттықтап, қызметтеріне табыс тілеп, әскери тәртіп пен жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.
Жиын аясында әскери-патриоттық рухты арттыратын концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар, жас лейтенанттарға офицерлік қызметте ең қажетті дүниелердің бірі- командирлік сөмке, Батыр атамыз ұлы қолбасшы, Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлының «Соғыс психологиясы» атты құнды еңбегі табысталды. Бұл сыйлықтар жас офицерлерге әскери қызметте сенімді серік болары сөзсіз.
Іс-шараға бөлімнің ардагер әскери қызметшілері де арнайы шақырылып, жас буынға ақ тілектерін білдіріп, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Салтанатты жиын соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, ұжымдық рухты нығайтты.
Бұл шара – жас офицерлердің әскери өмірге бейімделуіне, ұжыммен танысып, бойларына патриоттық рух сіңіруіне үлкен септігін тигізетін маңызды бастама болды.