Талдықорған: +11°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕ

20 тамыз 2021
КҮЛТӨБЕ
ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай  облыстық  жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ел болашағы – жастар» атты қалалық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды.


Турнирдің мақсаты – жастардың белсенді азаматтық қөзқарасын, көшбасшылық қасиеттерін, ғылыми-зерттеу мен ұйымдастырушылық дағдыларын дамыту және саяси-зияткерлік  белсенділіктерін арттыру.

Сайысқа 12 команда қатысты. Әр команда қазіргі таңда өзекті болып отырған тақырыптарды қызу талқыға салып, шешу жолдарын ұсынды. 

Пікірсайыста  вакциналау мәселесі көтерілді. Жастар індетке қарсы екпе салдыртудың ұтымды тұстарын айтып,  «вакцина алмаған адамдар үйден шықса айыппұл салынғаны дұрыс па, бұрыс па?» деген тақырыпта пікірталасты. 

Келесі өзекті тақырыптың бірі – «көкек» аналардың сәбилі болуына тыйым салу мәселесі. Оның көтерілуіне елімізде балалар үйінің көбеюі себеп болды. 

Пікірсайыста  жас буын өкілдері осы жағдайларға байланысты көзқарастарын білдірді. Оны бірі қолдаса, енді бірі мүлде келіспеді. Тіпті өз көзқарастарын өзгертіп жатқандар да болды. Демек, пікірсайыстың арқасында жастарымыз үлкен өмірге қадам басуға дайындық жасады, ересектерше сөйлеп, ой қорытты. 

Ойынға төрешілік еткен Алматы облысының пікірсайыс үйлестірушісі, “Дебаттық қозғалыс” үйірмесінің жетекшісі Дамир Уәлиханов: «Турнир жоғары деңгейде өтті. Командалар өз көзқарастарын айтып, тақырыптарды толық аша білді. Қазіргі эпидемиологиялық ахуалға орай пікірсайысшылар бұрынғыдай бірін-бірі көріп бетпе-бет келмей, дебатқа қашықтан қатысса да қызу пікірталас тудыра білді», – деп баға берді.

Жастар арасындағы қалалық пікірсайыс қорытындысы  бойынша 1 орынды “Тек алға”, 2 орынды “Гера”, 3 орынды “Дуэт” командалары иеленді. Іңкәр  Мейірхан “Үздік спикер”, Айназ  Оралбек “Сөз шебері” атанды.

Айгерім ЕСІМХАН
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына  кандидат

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат

Бүгін, 15:51
Жас мергендер жүлделі оралды

Жас мергендер жүлделі оралды

Бүгін, 14:00
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Оспанов Жанат Тәнірбергенұлы

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Оспанов Жанат Тәнірбергенұлы

Бүгін, 12:38
Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Бүгін, 11:34
«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

Бүгін, 10:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.