Талдықорған: +20°C
$ 487.73
€ 558.99
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жазылған жайдың жаңғырығы:Теміржолшыларға жаңа ғимарат салады

03.09.2024
КҮЛТӨБЕ
Жазылған жайдың жаңғырығы:Теміржолшыларға жаңа ғимарат салады
WhatsAppTelegramFacebook

Газетіміздің 23 шілде № 85 санында «Алпыстан асқан жасым бар… немесе «вагон үстіндегі ғұмыр» атты сын мақала жарық көрген еді. Онда Ақсу ауданы Матай ауылындағы «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Алматы филиалының Матай стансысындағы атқыштар командасының өзекті мәселелері айтылған.

Мақалада  60 жастан асқан мамандардың күзет қызметінде вагон үстіне шығып, мыңдаған шақырымдарға  сапар шегіп, ауыр жұмыс істеп жүргендігі сөз болған. Бір өкініштісі, осындай ауыр жұмыста жүрсе де айлықтарының шайлыққа жетпейтіндігі сынға алынған.   Жасы келген адамдардың  пойыз вагондарының үстіне шығып, астына түсіп жұмыс істеуі қиындық тудырып  келе жатқанын, теміржол күзет қызметінде жұмыс  істейтіндердің зейнеткерлік жасы қысқартылса деген ой айтылған.  Сондай-ақ, команданың қызметтік  ғимаратының 1949 жылы салынғандығы, мекеменің тарлығы мен ескілігінен  ішінде жұмыс істеу мен демалуға ешқандай мүмкіндіктің жоқтығы сөз болған.  

Мақалада көтерілген мәселелерге орай газетімізге  «Әскерилендірілген теміржол күзеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бас директорының орынбасары Н. Әлкеев  жауап берді.   

«Матай стансысындағы атқыштар командасының штат саны 69 бірлікті құрайды. Онда 60 және одан үлкен жастағы қызметкерлердің саны 7 адам. 2024 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін Матай стансысындағы атқыштар командасының жүктерді күзететін күзетшілердің ең төменгі лауазымдық жалақысының көлемі 151 993 теңгені құрайды. Соңғы 7 айда атқыштар командасының жүктерді күзететін күзетшілерінің орташа айлық жалақысы үстемақы, қосымша ақы және төленген сыйлықақыларды қоса есептегенде 250 113 теңгені құраған.

«Серіктестік күзетшілерінің тарифтік мөлшерлемелерін жыл сайын иденцификациялау жөнінде шаралар қабылданды. Бұл, күзетшілердің жалақыларының жыл сайын өсуіне ықпалын тигізеді», – деген жауапты басшы:  «Серіктестік жұмысшыларының денсаулығының жарамдылығын анықтау үшін жыл сайын медициналық  тексерулерден өткізіледі. Сонымен қатар, әр қызметкер жұмысқа кірісуден бұрын еңбек міндеттерін атқаруға   кедергі  болатын белгілерді анықтау үшін ауысым алдындағы медициналық қарап-тексерулерден өтеді. Денсаулығының нашарлауына немесе жалпы  көңіл-күйіне шағымы болған жағдайда, қызметкер ауысым алдындағы медициналық тексеру қорытындысына сәйкес жұмысқа жіберілмейді» – деп жағдайдың мән-жайын түсіндіре кетіпті.

Н. Әлкеев атқыштар командасының қызметтік ғимаратына қатысты да түсініктеме берген: «Команданың қызметтік ғимараты 1949 жылы салынған. Серіктестіктің күрделі салымдар жоспарына сәйкес ғимараттың құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Жаңа ғимарат салуды бастау және аяқтау мерзімі 2026 жыл деп белгіленді. Қазіргі уақытта серіктестік Матай стансысындағы атқыштар командасына арналған жаңа қызметтік ғимарат құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жөнінде жұмыс жүргізуде. Осының нәтижесінде  «Матай» стансысындағы атқыштар командасының қызметтік ғимаратының құрылысы» жобасы бойынша кешенді ведомстволық емес сараптаманың қорытындысы алынды», – деп сыннан кейін жаңа ғимарат салу жайлы мәселенің көтерілгенін айтыпты.  Енді сол қорытынды бойынша,  жер телімі бөлініп, ғимараттың сызбасы жасалмақшы.

Гүлжан ТҰРСЫН

 

Редакциядан: дәлелді, дәйекті сынның қашанда өз «ондығын» табатыны қандай шүбәсіз болса, біздің газет көтерген мәселенің де сол мұраттан айнымай келе жатқаны анық. Оның куәсі де әр уақыт халық көкейіндегі арыз-арманға құлақ асып, содан нәтиже шығарған ұжымдық еңбек дейміз. Жоғарыдағы мақала да соған айғақ. Ендеше, сізді толғандырған күрмеуі қиын мәселе болса бізге хабарласыңыздар.

Қатысты жаңалықтар

Әскери ант – Отан алдындағы қасиетті серт

Әскери ант – Отан алдындағы қасиетті серт

18.06.2026
Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

18.06.2026
Тәуелсіздік құрдастары Күреңбелде кездесті

Тәуелсіздік құрдастары Күреңбелде кездесті

18.06.2026
Энергия үнемдеу: Қазақстан мен Германия тұрғын үйлерді жаңғырту жолдарын талқылады

Энергия үнемдеу: Қазақстан мен Германия тұрғын үйлерді жаңғырту жолдарын талқылады

18.06.2026
Жетісу аспанында 33 елдің спортшысы өзара бақ сынауда

Жетісу аспанында 33 елдің спортшысы өзара бақ сынауда

18.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.