Талдықорған: +21°C
$ 491.37
€ 570.48
₽ 6.78
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖЕҢІЛІСТЕН ЖЕҢІС КӨП

12.09.2020
КҮЛТӨБЕ
ЖЕҢІЛІСТЕН ЖЕҢІС КӨП
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінгі таңда спорт саласы қарыштап дамып келеді. Жалпы әлем бойынша көптеген спорт түрлері өзінің өміршеңдігін көрсетіп, мемлекет, жеке демеушілердің арқасында қанатын кеңге салуда. Біз білмейтін, көрмеген спорттың түрі қаншама? Олардың барлығы сол ұлттың төл ойындары, ата дәстүрі, ұлтын айшықтайтын өнер екені анық. Сондай бекзат өнерді серік етіп, онымен шұғылданушылар қатары артып, кейін спорттық ойынның санатына кіріп жатқаны қаншама. Кей кезеңдерде тіпті олимпиадалық ойындардың қатарынан табылып, күллі әлем елдері белсене атсалысып, бір-бірімен бәсекеге түсіп жататынын көріп те, біліп те жүрміз. Ал сондай қызықты спорттық ойындар біздің елде де жеткілікті. Интеллектуалды ойындарды былай қойғанда, күш қолдану, ұлттық спорттық ойындарымыз да бар. Біз осы жолы сонау ата дәстүрімізбен бірге жасасып келе жатқан қазақ күресіне және сол салада еңбек етіп жүрген бапкер мен спортшыларға тоқталсақ.


Облысымызда қазақ күресі мақтанарлықтай дамып келеді. Ауыз толтырып айтар толайым табыстарымыз да жетерлік. Ондай жетістікке жетудің бірден-бір себебі, ең бірінші – мемлекеттің қолдауының арқасында  екенін айта кеткен жөн. 2013 жылы қазақ күресінен Алматы облыстық қазақ күресі федерациясы құрылып, бүгінде қызу жұмыс істеуде. Сол жылдардан бері қыруар шаруа атқарды. Қазіргі таңда федерацияны Қанат Келкенов басқарып отыр. 

Ересектер арасында аға жаттықтырушы Тимур Абыханов жетекшілік етуде. Білікті бапкер талай тарланның томағасын сыпырып, топқа қосып жүр. Тимурдың өзі де Жетісу жерінің талантты балуаны болған. Талай мәрте бозкілемнің үстінде атой салып, өз салмағында жүлдені уысына түсіріп жүрген әккі балуан. Кейін бапкерлікке аяқ басып, өзінің бойындағы талантын жастардың бойына сіңіртіп келеді. Осы орайда Тимур баптаған оқушылардың жетістігіне тоқталып өтсек. Сайдың тасындай іріктелген сақа жігіттердің басында А. Касачев тұрады. 2017 жылы Алматы қаласында өткен ел чемпионатында 100 келі салмақта қарсылас шақ келтірмеген оғлан. Атырауда өткен ҚР кубогында үшінші орын алып, кейін әлем чемпионатында өнер көрсетті. Одан бөлек дүбірлі дода «Жетісу бөрісінде» де жеңіс тұғырынан қол бұлғап, көлікті тізгіндегені жадымыздан әлі өше қойған жоқ. «Қазақстан Барысы» республикалық бәсекесінде ең әрі әдемі әдіс істеп, қарсыласын 3 секундта жыққан балуан атанды. Осындай талантымен «Көрермендер көзайымы» деген номинацияны ұтып, астына «темір тұлпар» мінген еді. Одан кейін Ербол Алдуханды да мақтанышпен айтуға болады. Құлжаның асығындай жұмыр келген жас жігіт, Жетісудың мақтанышына айналды. 55 келі салмақта өнер көрсеткен Ербол ҚР кубогын қанжығасына байлады. Атырау қаласында өткен қазақ күресінен Азия чемпионатында бірінші орын иеленіп, Азия чемпионы деген атаққа ие болды. Дәл осы жетістігі үшін «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» деген атақты иеленді.Қ. Мұңайтпасов атындағы халық- аралық турнирде де оза шапты. Бала күнінде Еркін Қожахметовтың шекпенінен шыққан Ербол болашағынан көп үміт күттіретін балуан екенін байқатты. 

Амангелді Сатыбалдинов жайлы айтылар сөз өзгеше. Амангелді құлын күнінен бастап спорттың күрес өнеріне берілген азамат. Қазақ күресінен 60 келі салмақта алдына жан салмаған саңлақ. Талдықорған қаласында қазақ күресінен ел чемпионаты өтіп, сол күресте Амангелдінің жұлдызы оңынан туған еді. Жарысты ұйымдастырушы басшылар талантты балуан,  дзюдодан Сидней Олимпиадасының қола жүлдегері Айдын Смағұловты құрметтеп, 60 келі салмақ дәрежесіне Айдынның салмағы деп көлік тіккен болатын. Міне, сол бәсекеде барлық қарсыласының қабырғасын сөккен Амангелді «темір тұлпарды» тізгіндегені есімізде. Дәл сол кезде бірқатар баспасөз «Арыны қатты Амангелді» деп жарыса жазғаны да көз алдымызда. Амангелді мұнымен тоқтап қалған жоқ, ҚР кубогын да қанжығасына байлап, «Еуразия барысында» командалық есепте бірінші орынға ие болды. 2015 жылы ҚХР Азия чемпионатында да айдарынан жел есті. Белоруссияда өткен әлем чемпионатына қатысып, қола жүлдені қанжығасына байлаған еді. Осындай ауыз толтырып айтатын жетістіктері Амангелдіні бапкерлікке бет бұруына да себепші болды. Бүгінде облыста әйелдер құрамасының аға жаттықтырушысы.

Енді тағы бір талантты балуанға келейік. Ол 2011 жылы Индия мемлекетінде өткен Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынған Нұржан Жұмажан. Ел біріншілігінің бірнеше дүркін чемпионы. Самбо күресінде де олжа салған нағыз майталман. Қапар Рауановтың қоластында тер төгіп, бүгінде жастар арасында самбо күресінен  аға жаттықтырушы. Қуанжан Құлпейісовтен тәлім алған Қазбек Рамазанов та талантты балуандардың санатында. Өзіндік ерекшелігі бар, бозкілемде тас кенеше жабысып, ұстаған жерінен әдіс шығаратын Қазбек «Жетісу бөрісі» турнирінде екінші орынға ие болған. Қазақстан чемпионатында да қоламен сүйіншіленіп, талай балуанның жігерін құм еткен майталман. Ал 60 келіде өнер көрсеткен Ержан Еренқайыповты да ерекше атап өткен жөн. Петропавлда өткен ҚР чемпионатында алтын тұғырдан қол бұлғап, Ақтөбеде өткен әлем чемпионатында қолаға қол созғаны әлі есімізден кете қойған жоқ. Облыстық жастар құрамасының аға жаттықтырушысы, облыстық «Бөрі» қазақ күресі федерациясының президенті Қанат Келкеновтың да жұмысын ерекше атап өткен ләзім. «Ат тұяғын тай басар»  дегендей, алдындағы аға буынның жетістігін жастарымыз да қайталап келеді. Білікті бапкердің айтқаны мен кілемге төгілген тердің өтеуі ақталып келеді десек артық айтпағанымыз. Жүйелі жұмыс пен бапкерлердің ауызбіршілігі, олардың талантты дұрыс таңдай білуімен қатар  оларға дұрыс бағдар беруінің арқасында облыстық қазақ күресінің айы оңынан туып отыр. Осында болашағы жарқын жастардың арасында Амражан Аршидинов 90 келіде бақ сынап жүр. Буыны толық қатпады десек қатты қателесеміз. Жас болса да ауыр салмақта бақ сынап, ҚР чемпионатында қарсы келгенді атынан аударып тастады. Түйе балуан атанған Нияз Ерсайын +100 салмақта қола еншілеп, көптің көңілін көтеріп келеді. Алғашында бапкерлер Ерсайынның қоласына көңілдері толмады. Алтыннан үмітті деген оғлан болмашы қателікке бой алдырып жеңілген болатын. Артынша түйе балуан бәсекесінде қайрап салған қылыштай жарқ етіп, түйе балуан атанды. Дәл осылардың қатарында қола жүлдегер Бауыржан Дауытов, Батыр Машековтен тәлім алған қола жүлдегер Шамиль Ахметбаевтың да ерлігін кейінгі жас буынға үлгі етуге болады.

Жалпы облыста қазақ күресі федерациясы қарқынды дамып келеді. Тыңғылықты жұмыс пен бапкерлердің және басшылықтың ауызбірлігінің арқасында дүбірлі додадан олжасыз оралмайды. Биылғы карантиндік режимде де балуандар бабынан айырылмай, үй жаттығуын тұрақты істеп, алдағы жарыстарға дайын жүр. 

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Қатысты жаңалықтар

Ауылдан басталған арман

Ауылдан басталған арман

15.06.2026
Талдықорғанда есірткіге қарсы акция ұйымдастырылды

Талдықорғанда есірткіге қарсы акция ұйымдастырылды

15.06.2026
«Әскерге жолдама» ұтып алған жаркенттік азамат ант қабылдады

«Әскерге жолдама» ұтып алған жаркенттік азамат ант қабылдады

15.06.2026
Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік

Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік

15.06.2026
Алаш рухын ұлықтаған

Алаш рухын ұлықтаған

15.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.