Талдықорған: +21°C
$ 488.59
€ 564.37
₽ 6.79
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖЕЛТОҚСАН ҚАҢТАРДАН БҰРЫН КЕЛЕДІ

16.12.2024
КҮЛТӨБЕ
ЖЕЛТОҚСАН ҚАҢТАРДАН БҰРЫН КЕЛЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде «Желтоқсан көтерілісі» аталатын, бұрындары «оқиға», «бұзақылық», «жаппай тәртіпсіздік» аталған қанды да қасіретті бұл даталы күннің Қазақстанның жаңа тарихындағы маңызы туралы аз айтылып, кенде жазылып жүрген жоқ. Бұған біздің тарихшылар, саясатшылар мен қоғам және әлеуметтанушылар түгілі әлемдік деңгейде баға берілді, халықаралық ғылыми конференцияларда Желтоқсан көтерілісінің қоғамдық қозғаушы күш ретіндегі рөлі толығымен танылды.


Иә, біздің Желтоқсан ХVІІІ-ХІХ ғасырда бүкіл Еуропаға саяси генерация берген, тұтас бір құрлықта жаңа саяси-әлеуметтік өзгеріске бастау болған Француз революциясының жаңа ғасырдағы сыңары еді. Бұл революциядан кейін Еуропадағы абсолюттік монархиялар бірінен соң бірі халықтық демократияға көше бастаса, Желтоқсан көтерілісі темір торлы кеңестік абсолютизм идеологиясының құлауына мұрындық болды.

Кеңестік диктатураның сеңін сөккен, КСРО-ның тағанын алғаш теңселткен Желтоқсан көтерілісі екені ешқандай дәлелді қажет етпейді. Әзірбайжандағы Баку қозғалысы да, Балтық жағалауы елдеріндегі ереуілдер де Желтоқсаннан кейін пайда болды. Тіпті біртұтас герман халқы мен елін екіге бөлген Берлин қабырғасы да кейін (1989 ж.) құлады. 

Бірақ менің айтпағым – Желтоқсанды желбуаз сөзбен семіртіп, ауызбен үрленген бүйен сияқты мақтау емес. Одан Желтоқсан екеу болып, мән-маңызы еселеніп кетпейді. Бір тәмсілдің астарын айналдырып айтар болсақ, құрғақ мадақ саналы зердені жыртады.

Мені ендігі толғандыратын мәселе – Желтоқсан тәуелсіз Қазақстандағы бастаушы һәм қозғаушы күш ретіндегі сипатынан айырылып барады. Оның 90-жылдарғы сепаратизмге қарсы «Азат» қозғалысымен бірлесіп жасаған ерлік еңбегі, «ұлыорыстық» (великорусский) шовинизмге қарсы кейінгі күресі біртіндеп семіп бара жатқан сыңайлы.

Әрине, менің бұл пікіріме қарсы шығатын жалаң патриоттар аз болмас, бірақ бұл арада мен үшін Платон кейпіндегі желтоқсандықтардан бұрын ақиқат әлдеқайда қымбат болып тұр. Әлбетте, өткен ғасырдың Ұлы оқиғасын аласартпай, бұл ғасырға жеткен, алды 80-ге жеткен, арты 50-ден асқан желтоқсаншыларды жалаң жазғыруға болмас. 

Мәселенің мән-жайы Алматының қанды алаңына жұмылған жұдырықтай болып шыққан кезіндегі жұмысшы жастар мен студенттердің бүгінде сол тастүйін тұтастықтан айырылғанында болып тұр. Желтоқсан қоғамдық сипаты тұрғысында тарам-тарам топтарға бөлшектеніп, ұйымдық сепаратизмнің созылмалы дертіне ұшырады. 1986 жылғы жалғыз Желтоқсан бүгінде (кейбір деректер бойынша) 17 ұйымға бөлініп кетті. Соның салдарынан ол өзінің қоғамдағы авангардтық қозғаушы күш ретіндегі саяси сипатынан айырылды. Әрбір топ өзінің жарғысын жасап, жеке медаль-марапатын меншіктеп, бір-біріне бәсекелес, тіпті кейбір кездері қарсылас ұйымдарға айналды. 

Әрине, Желтоқсанның бөлшектеніп кетуіне бірінші кезекте бұрынғы 30 жылдық жеке дара биліктің саясат технологиясы себепкер болды. Азаматтық рухы басым қозғалысты жік-жікке бөлу, тіпті оның жекелеген топтарын бір-біріне қарсы қою арқылы «бөліп алып билеу» технологиясы қолданылды. Түрлі астарлы саяси шараларға гранттар беру, «қамқорлық» жасау, «астауға үйір ету» амалдарымен Желтоқсанның тұтастығын тарқату әдісі асқан айлакерлікпен жүзеге асты. 

Екінші жағынан, буыны бекімеген балғын қазақ буржуазиясы қозғалыстың төңірегіне шоғырлана алмады. Материалдық мұқтаждығы басым азаматтық қозғалысқа бизнестің жақындап кетуі билік үшін қатерлі болды. Топ бастайтын лидерлік қасиеті бар жекелеген жарқын танымал желтоқсаншының бизнесіне «көмек көрсету» амалымен оларды азаматтық қоғамнан алшақтатудың технологиялық айласы жүзеге асты. Ақыр соңында Желтоқсан қоғамды тұтастыратын қозғаушы саяси күш сипатынан бірте-бірте айырылып, филателистердің қызығушылар қауымы деңгейіне дейін түсті.

Бұл желтоқсаншыларды мұқатудың, қозғалыстың рөлін кемсітудің сөзі емес. Керісінше, үмітпен қамшылау, жігерді ояту деп түсіну керек. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, менің ойымша, кейінгі жазылар тарихта саяси және дәуірлік маңызы жағынан Желтоқсан Қаңтардан жоғары тұрады. Рет кезегі де солай ғой: желтоқсан – қаңтардың алдындағы ай. 

Ал мазмұны тұрғысында айтсақ, қаншама қан төгілді десек те Қаңтар оқиғасы тәуелсіз бір елдің «ішкі разборкасы», тұрмыстық газ мәселесінен туған стихиялық сипаттағы оқиға болды. Әрине, бұл оқиғаның соңы қызыл қырғынға ұласқандықтан және жаңа дәуірдегі бүгінгі ұрпақ кеше ғана бастан кешкендіктен қоғамның санасын теңселтіп кеткені ақиқат. 

Ал Желтоқсан – бұл бүкіл дүниені шошындырған коммунистік қызыл идеологияға қарсы шыққан ұлт-азаттық сипатындағы көтеріліс. Сондықтан бұл әлемдік саяси құбылыстың мәні әлдеқайда жоғары болмақ. Тек бұл көтеріліске қатысты біздегі зерделік-насихаттық іс-шараны жаңа мазмұндық сипатқа көтеріп, өскелең ұрпақты патриотизм мен ұлтжандылыққа тәрбиелеудің тың формасын қалыптастыру қажет.

Айтпақшы, ұлт тұтастығын қалыптастыруға және сыртқы қауіп-қатерлер тәуекеліне қарсы тұру үшін мұндай маңызды насихаттық міндет мемлекеттік деңгейде және бүгінгі биліктің тікелей араласуымен жүргізілгені жөн болар еді. Президент Қ. Тоқаев ұсынған «Жаңа Қазақстан» және «Әділетті Қазақстан» идеяларын ұлт санасы арқылы жүзеге асыру үшін Желтоқсанның жалынды рухын өшірмей, Қазақстандық жасампаз ұрпақтың зерде-зейінін суарып отыру керек. 

Елдегі жаңа өзгерістерді биліктің өзі жекедара жүзеге асыра алмайды. Мемлекеттік биліктің қатысынсыз қоғамда да өз бетінше өзгеріс жасау қабілеті тапшы. Жаңа Қазақстан құру жөніндегі ұлы идеяның төңірегіне бытырап жүрген Желтоқсанды ғана емес, қоғамның барша конструктивті күштерін топтастыра алуымыз керек. Онсыз текке теке-тірестен түк шықпайды!

Ермұрат БАПИ

Қатысты жаңалықтар

Қарымта ойында шешіледі

Ресми. «Жетісу» Бірінші лигада ойнайды

10.06.2026
Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

10.06.2026
Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

10.06.2026
Бірлікті нығайтқан өнер

Бірлікті нығайтқан өнер

10.06.2026
Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

10.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.