Талдықорған: +29°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жер серігінің жұмбақтары немесе ай ару бір кездегі «нұқ кемесі» емес пе екен?

«Айдан ару нәрсе жоқ, түнде бар да, күндіз жоқ» деп Базар жыраудың жырлағанындай, расымен де Айдай тылсым нысан бүкіл әлемде жоқ шығар. Телескоптарын түнгі аспанға бағыттап 18 мың ғаламнан көз алмай отырған, соған орай күні бүгінге дейін қаншама құпияны ашып үлгерген ғалымдарымыз да Жер серігінің барлық сырын аштық деп мақтана алмайды. Қазіргі мәлім болып отырған деректерге көз салатын болсақ, ашпақ түгілі жақындамаған да тәрізді...

12.10.2025
КҮЛТӨБЕ
Жер серігінің жұмбақтары немесе ай ару бір кездегі «нұқ кемесі» емес пе екен?
WhatsAppTelegramFacebook

Бір қарағанда Жер бесігіміздің шын мәніндегі жан серігі деуге болатын аспан дүниесін бастан-аяқ зерттеп болатындай жағдайдамыз. Қуатты телескоптарымыздың, бұлардың қатарына инфрақызыл, ультрафиолетті, рентгенді, терагерцті және басқа да диапазондарда жұмыс істейтін обсерваториялар жатады, ғарыштық өлшеммен алып қарағанда қол созым жерде деуге болатындай қашықтықтағы Айдың әрбір сүйемін дерлік «сүзгіден өткізіп» шыққаны анық. Дегенмен мұның өзі де барлық құпияны ашып берді деп сеніммен айта алмаймыз.

Телескоптарды айтпағанның өзінде Айға ұшып барып, Жер серігінің топырақ (реголит) үлгісін алып қайтқан, басқа да түрлі зерттеулер жүргізген ғарышкерлер қаншама? Нақтырақ айтатын болсақ, 1968 бен 1972 жылдар аралығында «Аполлон» бағдарламасы бойынша Ай бетіне 9 сапар жасалынды. Астронавтар 6 сапар барысында Ай бетіне аяқ басып, нақты зерттеулер жүргізді.

Бәрін білетін Уикипедия мәліметтеріне көз жіберетін болсақ, 2025 жылдың наурыз айына дейін Ай бетіне 144 сапар жасалынған екен. Осынау арнайы тізімге Айды айналып ұшу сапарлары, зондтар, орбиталдық аппараттар, аспан денесіне түсірілетін аппараттар, марсоходтар, экипажы бар миссиялар кіреді. Мұның бәрі сәтті аяқталды деп айта алмасақ та осынау сапарлар барысында көптеген құнды мәліметтердің алынғаны анық.

Соңғы жылдары құдайы көршіміз Қытай мемлекеті ғарыштық зерттеулерін жандандырып, жетекші ғарыштық державалар қатарынан орын алды. «Чанъэ-6» миссиясының көмегімен олар Жер бетіне Айдың бізге көрінбейтін арғы бетінен алынған топырақ үлгісін жеткізді.

Сонау бір жылдары Ай бетіне ұшу сапарлары жиі ұйымдастырылып, оны зерттеу мәселесінің қызу қолға алынғаны, әйтсе де біраз уақыттан соң бұл орайдағы жұмыстардың шұғыл тоқтап қалғаны белгілі. Оған қандай себеп болғаны әлі күнге дейін ашып айтылмайды. Соған қарағанда алғашқы астронавтардың Ай бетінен беймәлім ұшу нысандарын көргені жайындағы алыпқашпа әңгімелердің де негізі бар тәрізді.

Тағы да қайталап айтамыз, аталған зерттеулердің нәтижесі Жер серігіне қатысты барлық жұмбақтардың шешімдерін таба алған жоқ. Сөз орайы келгенде осынау жұмбақ жайттар жайын да сөз ете кетейік.

Ай – өз ғаламшарына қатысты алып қарағанда Күн жүйесіндегі ең үлкен серік (спутник) саналады. Ғалымдардың есептеулері бойынша, Жер бесігіміз диаметрінің ширекке жуық бөлігін құрайтын мұндай аспан денесінің табиғи жағдайда пайда болу мүмкіндігі жоққа тән. Нақты айтатын болсақ, оның мөлшері Күн мен Жердің арасындағы қашықтыққа қатысты алғанда математикалық жағынан өте дәл болып келеді. Нысан осінің кереметтей тұрақталғаны сонша, Ай тұтылған кездері ол Күн бетін кереметтей дәлдікпен жауып қалады.

Бұл жерде Аймен салыстырғанда Күннің қаншалықты үлкен екенін нақтылап жатудың да қажеттігі жоқ шығар. Әйтсе де ол нақты бір қашықтықта, Күн мен Жердің арасындағы нақты бір кеңістікте орналасқандықтан да осындай дәлдік туындайды.

Бөліп айта кететін жайт – осыншама дәлдіктің қалай пайда болғанын бірде-бір ғылыми сарапшы түсіндіріп бере алмайды. Мұның өзі Ай табиғи жағдайда пайда болды деген гипотезаға үлкен күмән келтіреді.

Тағы бір таңғаларлық жайт – Күн мен Жердің арасындағы қашықтық Күн диаметрінен 108 есеге асып түседі. Ең қызығы – Жер мен Айдың арасындағы қашықтық та Ай диаметрінен соншама, яғни 108 есе артық. Бұл аз болса, Жер көлемі 1 080 000 млн км3, ал Ай радиусі Луны 1 080 миль (1 737,4 км).

Санамалай беретін болсақ, мұндай сәйкестіктер жетіп артылады. Сондай кездері мұның өзі шынымен сәйкестік пе немесе әлдебір дамыған өркениет өкілдерінің (Жаратқан Алла тағаланың) адамзат баласына көмектесу үшін жасаған арнайы жобасы ма деген ой көңіліңе оралмай қоймайды.

Әрине, Ай есте жоқ қадым замандарда әлдебір аспан денесінің жерге соқтығысуынан пайда болды, тіпті екеуі ғарыштың шаң-тозаңынан бір мезгілде қалыптасты деген ғылыми болжамдарды да есептен шығарып тастауға болмайды. Бірақ, шынымен солай болса екеуінің топырақ құрамы да бірдей болуы тиіс еді ғой деген күмән қалай туындамасын…

Осы жерде адамзат баласының санасында жаңғырып қалған «жер тарихында Ай болмаған кезең» деген тұжырымдар да ойға оралады. Мұны көп ретте өмірде болмаған кереметтерге сенетін замандастарымыз қайталап жүргенімен шын мәнінде ондай мазмұндағы жазбалар да жоқ емес. Мәселен, Аристотель мен Плутарх аспанда Ай болмай тұрған кезеңге дейінгі аркадиялықтар жайында жазба қалдырса, Аполлонио Родио мен тағы бірқатар антикалық ойшылдар «аспанда Ай болмаған» уақыт жайында айтып өтеді. Тибет жылнамасы мен славян аңыздарында да ежелгі замандарда Айдың болмағаны баяндалады. Нақ осындай мазмұндағы жазбаларды діни кітаптардан да ұшыратуға болады.

Рас, осындай жазбаларға ғана сүйеніп ғылыми болжам жасауға болмайды. Әйтсе де нақ осы жазбалардан кейін есте жоқ қадым заманда Ай шынымен болмаған-ау, әлде белгілі бір кезең аралығында көк жүзінен жоғалып кетті ме екен деген күмәннің көңілге оралуы да заңды.

Жер серігінің орбитасы мен оның тығыздық көрсеткіші, мөлшері мен тартылыс, яғни гравитациялық өрісі ғалымдарды Ай табиғи түрде пайда болған жоқ, оны әлдебір күш қолдан жасады деген ойға жетелемей қоймайды. Егер ол ғарыштың көз жетпейтін әлдебір қиырынан домалап келе қалғандай болса Жердің тартылыс күшімен осы орбитасына (Жер бетіне ең жақын нүктесі 363 103 км, ең алыс нүктесі 405 696 км), тұрақтап қалды дегенге сену қиын. Егер нақ сондай жағдай орын алса Ай нақ осындай дәрежеде жерді белгілі бір қашықтықта ғана дөп-дөңгелек орбитада айналып жүрмес еді.

Ай қозғалысының кереметтей дәлдікпен сәйкестендірілгені сонша, біз, қарапайым пенделер, Айдың бергі бетін ғана көре аламыз. Ғарышқа ұшу дәуірі басталғаннан бергі кезеңде оның арғы бетін көру бақытына санаулы астронавтар ғана ие болды.

Қызықты жайттың тағы бірі – Ай «теңіздерінің» 80%-ы жер серігінің оң жақ бөлігінде, ал қарсы жақ бөлігінде ондай құбылыс жоқ десе де болады. Метеориттер де көп ретте Айдың бізге көріне бермейтін бөлігін соққылайды.

Таңғаларлық жайттың тағы бірін сөз ете кететін болсақ, Айды соққылайтын метеориттер қаншалықты үлкен болса да оның бетіне терең із қалдыра алмайды. Кейбір ғалымдар оның себебін шамамен 4 шақырымдай тереңдікте Айдың титаннан тұратын берік қорғаныш қабатының барлығымен түсіндіреді. Түптеп келгенде мұның өзі де Айдың қолдан жасалынған жасанды нысан екенін, Айдың сан ғасырлар бұрын Жер орбитасына әкелініп, кереметтей дәлдікпен, шеберлікпен орналастырылғанын мойындаумен бірдей.

Сөз орайы келгенде 1969 жылдың қараша айында NASA-ның ғарыш модулін Ай бетіне әдейі құлатып, тәжірибе жасағанын да еске сала кетейік. Сол кезде арнайы датчиктер аспан денесінің сегіз минут бойы жез қоңыраудай жаңғырып, күмбірлеп тұрғанын тіркеген екен. Бұл жайт та аспан денесінің қойнауында жаңағыдай қорғаныш белдеуі мен бос қуыстардың мол екенін дәлелдейтін жайт.

Ғаламшар мен оның алып серігінің дәл мұндай қолайлы ретпен орналасып, үйлесу жағдайы бүкіл Әлем кеңістігінде кездеспейді деуге болады. Соның бәрін ескере келе әйгілі фантаст жазушы Айзек Азимов «Күн жүйесінің қалған бөлігін зерттей келе біз осы уақытқа дейін белгілі болған барлық заңдарға сүйене отырып Ай бұл жерде болмауы тиіс деген қорытындыға келдік», – деген тұжырымға тоқтаған.

Бұл тұжырымды белгілі Ресей ғалымдары Михаил Васин мен Александр Щербаков та қолдайды. Олардың 1969 жылы жазылған «Ай – ақыл-ой туындысы» тақырыбындағы мақаласы өзектілігін әлі де жойған жоқ. Аталған мақалада авторлар «Жерден тыс күштердің қатысынсыз Айдың қазіргідей қалыпта, қазіргі орнында болуы мүмкін емес жайт» деген қорытындыға келген. «Бұл табиғи серік емес, жасанды аспан денесі, – дейді олар. – Ай бетінің екі қабаттан тұруы ықтимал. Қалыңдығы 4 километрлік қорғаныш қабаты, оның астында одан да берік, шамамен 15 километрлік құрыш қабаты орналасқан».

Әлденеше миллиондаған, бәлкім, бірнеше миллиард жылдан кейін Күн жүйесіндегі, демек, Жер бетіндегі тіршіліктің де тоқтап, ақырзаман тәрізді құбылыстың бой көрсететіні – ғылыми дәлелденген жайт. Сондай кезеңнің қарсаңында адамзат баласына Жер бесігінен шығып, тіршілікке қолайлы басқа жүйе, ғаламшар іздеуіне, сол мақсатпен алып ғарыш кемесін жасауына тура келеді. Өз кезегінде Ай қадым замандарда нақ осындай мақсатпен жасалған өзіндік бір Нұқ кемесі деген болжам да ойға оралады. Өзге бір әлемде пайда болған дамыған өркениет өкілдерінің, яғни адамзат баласының бір заманда Жер бетіне осы Ай тәрізді алып «кемемен» келіп жетуі де мүмкін ғой… Тылсымына адам санасы бойлай бермейтін жаһан жұмбақтарын еске алғанда бұл нұсқаны да жоққа шығаруға болмайды.

Ғаламтор кеңістігінде Ай кратерлерінде белгілі бір уақыт аралығында жұмбақ жарқылдардың пайда болып тұратыны, онда табиғаты танылмаған беймәлім ұшу нысандарының, тіпті пирамида типтес нысандар сұлбасының да байқалғаны, жер беті стансыларының жұмбақ радиодабылдарын қабылдап, оның сырын әлі күнге аша алмай отырғаны жайындағы деректер молынан кездеседі. Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған жағдайында бұл жұмбақтардың ашылатын уақыты да алыс емес тәрізді. Жақын арада адамзат баласын елең еткізетін сондай жақсы жаңалықтарды күтейік.

Нүсіпбай ӘБДІРАХЫМ

Қатысты жаңалықтар

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026
Болашаққа бала шақтың қандай әсері бар?

Болашаққа бала шақтың қандай әсері бар?

25.04.2026
РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.