Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында грек-рим күресінің балуаны жетісулық Исхар Құрбаев чемпион атанды.
Қазақ балуандары жастар арасындағы әлем біріншілігіндегі жеңіске араға жеті жыл салып жетіп отыр.
Грек-рим күресінен 55 келіде белдескен Исхар финалда әзірбайжан Фарид Садихилиді 5:1 есебімен жеңді. 20 жастағы балуан осыған дейін кадеттер арасында жақсы күресті. Ол Азия чемпионатында екі мәрте жүлдегерлер тізімінде болса, 2018 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль алған еді.
Грек-рим күресінен жастар арасында әлем чемпионы болған балуандар саусақпен санарлық. Бұл тізімде Әсет Мәмбетов (2000, 2001), Нұрбақыт Теңізбаев (2003), Артур Үмбетқалиев (2006) және Тамерлан Шадукаев (2016) бар. Енді осы қатарға араға жеті жыл салып Исхар Құрбаев қосылып отыр.





