Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісуда 3 млрд теңгеге бөгет салынады

22 шілде 2026
КҮЛТӨБЕ
Жетісуда 3 млрд теңгеге бөгет салынады

primeminister.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Үкімет Жетісу облысындағы Алакөл көлінің жағалауын шайылудан қорғау үшін қорғаныс бөгетін салуға 3 млрд теңге бөлді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаржы Үкіметтің резервінен қарастырылып, Мемлекет басшысының су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту тапсырмасы аясында бағытталып отыр.

Жоба аясында жалпы ұзындығы 6 шақырым болатын қорғаныс бөгетін салу көзделген. Инженерлік құрылыс аумағы келесідей бөлінген:

  • Көктұма ауылы: 2,5 шақырым қорғаныс бөгеті;

  • Ақши ауылы: 3,5 шақырым жағаны нығайту аумағы.

Өткен 2025 жылы 1,7 шақырым аумақта жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп, жер қазу, бетон құю мен габион құрылымдарын орнату аяқталды. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарының 25 пайызға жуығы орындалып үлгерді.

Мамандардың есептеуінше, жоба Алакөл жағалауының одан әрі шайылуын тоқтатып, көлдегі шөгінділердің табиғи қозғалысын және қайта бөліну процесін сақтауға мүмкіндік береді.

Алакөл – Жетісудың басты туристік аймағы. Жағалау сызығының табиғи себептерге байланысты шайылуы жергілікті инфрақұрылымға, демалыс орындары мен жақын орналасқан ауылдарға үлкен қауіп төндіріп келген еді. Тосқауылдар орнату арқылы табиғи тепе-теңдік сақталып, туризм саласына жаңа серпін беріледі.

Қорғаныс инфрақұрылымының салынуы өңірдің туристік әлеуетін арттырады. Сонымен қатар жазғы демалыс маусымында келетін 50-60 мыңнан астам турист пен жергілікті тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптасады. Соңғы екі жылда еліміздің Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарында жалпы ұзындығы 240-243 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық құрылыстар бой көтерді.

Үкімет су және туристік инфрақұрылымды дамытуға, табиғи ресурстарды қорғауға әрі өңірлердің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

23 қараша 2026
Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

23 қараша 2026
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

23 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.